Әлемдегі аса қауіпті аурулардың бірі болып келетін, «Өркениеттің ауруы» деген атаққа ие сальмонеллездің эпидемиологиялық жағдайы қауырт қалыпта қалып отыр. Сальмонеллездің таралу ауқымы соншалықты, оны дүниежүзінде түгелімен жою қарастырылуда,алайда қазіргі таңда тек балалар арасында бүл сырқаттанушылықтың пайызын азайту мәселесімен айналысу жүргізілуде.[1]
Зерттеу жүмыстың мақсаты: Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайдағы сальмонеллез ауруының халық арасындағы таралуы мен әлеуметтік - эпидемиологиялық ерекшелігін зерттеу. Зерттеу жүмыстың міндеттері: Қарағанды облысының (2006-2016жж.) кезеңіндегі халық арасындағы сальмонеллез ауруының таралуы мен әлеуметтік-эпидемиологиялық үрдісін
111 зерттеу. Қарағанды қаласындағы аурудың таралуын жастық қүрамына қарай әлеуметтік- гигиеналық мінездемесін беру. Қарағанды облысының қала түрғындары мен мемлекеттегі сальмонеллезбен аурушаңдық динамикасын зерттей келе, Карағанды облысындағы көрсеткіштің сәл жоғары екендігі айқындалады.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысы бойынша 2010-2015 жылдар
аралығындағы 100 000 халыққа шаққандағы халықтың сальмонеллез ауруымен сырқаттануының салыстырмалы талдау көрсеткіштері.
Жылдар |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
Қазақстан Республикасы |
48,5 |
47,6 |
45,2 |
47,3 |
48,6 |
48,9 |
Қарағанды облысы |
52,1 |
53,4 |
54,6 |
53,7 |
50,8 |
50,2 |
№ 1 кестеде көріп отырғанымыздай 2010-2015жж. кезеңіндегі еліміздегі сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері біршама түрақты, алайда Республикадағы жалпы төмендеу кезінде ғана Қарағанды облысының сырқаттанушылық тенденциясын байқаймыз, ал жалпы бейнесі шамалы ғана өзгерістер көрсетеді.
Зерттеу жүмыстары жүргізілген уақытта, 2010 жылдан бастап Қарағанды облысында сальмонеллез ауруымен тіркелген науқастардан сальмонелдің В тобынан 49,3% көрсеткіші көрінсе , ал 2011 жылдан бастап сальмонеллездің таралуы бойынша бірінші қадамға сальмонелдің Д тобының (76,3%) өкілі алға шығады. Бірақ бүл ретте В серотобының үлес салмағы төмендеп кетіп, 2.8% ден 14,7% дейінгі аралықта түрақсыздануды көрсетті.[2]
Жалпы қүрылымда сальмонелдің Д тобындағы S.enteritidis ең таралған түрі. [3] Түтас алып қарағанда, 2010 жылдан бастап бүл серотиптің үлес салмағы 80,5% көрсетті.(1 кесте) Қорытынды:
10 жылдық мерзім аралығында Қарағанды облысының түрғындарының арасында энтеритидис сальмонелеззінің инфекциясы эпидемиялық ағымыны түрғысында аса қатты өзгеріс көрсетпейді. Бүрынғысынша, көбінесе бірден үш жасқа дейінгі балалар зақым шегітіндер мен қауіп-қатер тобындағылар ретінде есептеледі. Мұндай жағдайға алып келуші және оның халық арасында таралуы ретінде мезгілдік қүбылысты айтып өту керек, яғни көктемгі-жаздық және күзгі мезгілдік кезең. Балалар арасында 2010 - 2015 жылдар аралығында интеридис сальмонеллезімен сырқаттанушылық жағдайы орташа есеппен 12,4% төмендеген, ал ересектер арасында бүл төмендеу көрсеткіші 14,7% көрсетеді. Қарағанды облысындағы салмонеллездің мүндай төмендеу көрсеткіштеріне қарамастан, 2012 жылы белгілі бөлек уақыт мерзімінде көтерілу жағдайлары орын алған.
Әдебиеттер
- .Табаева А.А. Сальмонеллы редких групп / А.А. Табаева, А.Л. Котова. - Алматы, 2001. - 192 с.
- .Мурысева Е.Н., Щепанская Л.В. Динамика заболеваемости внутрибольничными инфекциями в крупном промышленном городе// Эпидемиология и инфекционные болезни. - 2006.
- .Кошерова Б.Н. Патогенетическое обоснование терапии сальмонеллезов у детей: автореф. дис. . ..докт. мед. наук / Б.Н. Кошерова. - Алматы, 2006. .- 35 с