Тақырыптың өзектілігі. Candida туысы дейтеромицеттерге жатады және 150 түрге бөлінеді. Өзінің даму барысында жыныстық жетілу кезеңдері болмайды. Оның ауру туғызатын микроорганизмдердің кейбір түрлеріне (С. albicans, C. tropicalis, C. krusei, C. kefyr, C. glabrata, C. guilliermondii, C. parapsilosis) жатады. Олардың ішінде көп таралғаны және көп зерттелгені C.albicans, ол адам ағзасында комменсал және шартты-патогенді микроорганизм ретінде жақсы танымал [0]. Candida туысына жататын саңырауқұлақтардан туындайтын ауыру даму үшін ағзадағы реттеуші үрдіс пен макро- және микроорганизімнің симбиоздық тіршілік жағдайын бұзатын қолайлы жағдай пайда болуы қажет.
C.albicans-тың адгезия мен инвазиясын қамтамасыз ететін патогендік факторларының спектрі жақсы зерттелген (Сергеев А. Ю., Сергеев Ю.В., 2001, Tronchin G. etal., 1991; Chaffin W.Z. etal., 1998; Cannon R.D., Chaffin W.L., 1999). Саңырауқұлақтың мицелиальды формасын жоғары патогендіге жатқызуға болады (Odds F.S.,1988), бірақ көп жағдайда ашытқы формасына қарағанда вируленттілігі анық емес. Сол себепті науқастарға қолданған микробқа қарсы емдік дәрілік заттардың әсері болмауы мүмкін [122].
Жұмыстың мақсаты - Қарағанды қаласы Облыстық клиникалық ауруханасындағы іріңді - қабынуы бар науқастардан бөлінген биологиялық материалынан Candida туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттерін анықтау.
Әдістер мен материалдар. Стационардың реанимация, интенсивті терапия және хирургия бөлімшелерінде емделіп жатқан іріңді - қабынуы бар науқастардан оқшауланған саңырауқұлақ штаммдарын зерттедік. Терең комплексті-микробиологиялық, микологиялық және экспериментальді in vitro зерттеу барысында, Candida туысындағы саңырауқұлақты бөліп алып оның қасиеттерін Тилевой Е.А. (2003 ж.) әдісі бойынша сұйық және тығыз ортада Сабуро, Hi Crome Candida Agar, сонымен қатар тығыз Сабуро ортасына сарыуыз (фосфолипаза продукциясы) және бұқа альбуминін қосып (протеаз продукциясы) зерттеді [3]. Алынған Candida spp. штаммдардың қай түрге қатысты екенін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұжымдық қолдану зертханасындағы MALDI TOF тест-спектрометриясында (Bio Rad, АҚШ) анықтадық. Сонымен қатар «МИКОТЕСТ-АЧ» тест-жиынтығын қолдану арқылы бөлінген таза дақылдың антимикотикалық препараттарға сезімталдығын анықтадық [4].
Қорытынды. Зерттеу нәтижелерін қортындылай келе кандида барлық антимикотикалық препараттарға сезімтал екені анықталды, бірақ сезімталдылығы вориконазол, клотримазол және миконазолға жоғары екендігі анықталды. Біздің зерттеу барысында кандиданың 7 түрі - Candida albicans, Candida dubliniensis, Candida kefir, Candida tropicalis, Candida krusei, Candida parapsilosis және Trichosporon ashii (идентификация әдісі MALDI-TOF спектрометрия) бөлініп алынды. Іріңді - қабыну аурулары кезінде ретсіз әрі үзақ уақыт антимикотикалық препараттарды қолдану барысында спектрінің өзгеруіне алып келді. Бүл көрсеткіш (2000 - 2016) үзақ жылдық зерттеу нәтижесінің көрсеткішіне сүйене отырып жасалды. Осы жағдайдың қауіптілігі Облыстық клиникалық аурухана стационарында бөлінген Candida туысындағы саңырауқүлақтардың жиі қолданатын антимикотикалық препараттарға резистенттілігі жоғарлауына байланысты емдеудің қиынға түскенін көрсетіп отыр.
Әдебиеттер
- Елинов Н.П., Васильева Н.В., Степанова А.А., Чилина Г.А. Candida. Кандидозы. Лабораторная диагностика /Под редакцией проф. Н.П. Елинова - СПб.: Коста, 2010. - 224 с.
- Микробные биопленки в хирургии: механизмы образования, лекарственная устойчивость, пути решения проблемы / Ю.С. Винник, О.В. Перьянова, Е.В. Онзуль, О.В. Теплякова // Новости хирургии. - 2010. - Т. 18. - № 6. - С. 115-125.
- Гриценко, В.А. Анализ взаимосвязи серорезистентности и физико-химических свойств кишечной палочки со способностью к биопленкообразованию / В.А. Гриценко, О.С. Журлов, В.В. Андрейчев // Вестник ОГУ. - 2012. - № 4 (140). - С. 201-205.
- Лисовская С.А. Новый подход к оценке патогенного потенциала клинических штаммов Candida albicans: Автореф. дисс.канд. мед. наук. - Казань, 2008. - 25 с.