Түйін
Біздің мақаламызда туран жусан өсімдігі аминқышқылдарының қүрамын зерттеу нәтижелері берілді. Аминқышқылды анализатор тәсілімен сандық және сапалық қүрамы анықталды. Алынған мәліметтерді белсенді диспансерлік бақылауды қүруда пайдалануға болады.
Кілт сөздер: туран жусан, аминқышқыл, спектр, аминқышқылды анализатор, хроматография.
Жусан түқымдасының өсімдіктері химиялық қүрамы жағынан өте бай болып келеді, ол биологиялық кең спектріне байланысты бос және байланысқан аминқышқылдарынан түрады [1].
Өсімдікте аминқышқылдарының кең таралуы және олардың жоғары белсенділік көр- сетуінің арқасында өсімдіктен алынған дәрлік заттардың тиімді әсер етуіне септігін тигізеді. Атап өтетін болсақ, метионин гепатопротекторлы дәрілік зат ретінде қолданылса, аспарагин қышқылының түзы-жүрек-қантамыр ауруларын, глутамин қышқылы- орталық жүйке жүйесінің ауларын емдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта дәрілік өсімдік шикізатының қүрамындағы амин- қышқылдарын сапалық және сандық түрғыдан зерттеудің тәжірибелік және ғылыми мәні бар [2].
Жүмыстың мақсаты: туран жусан өсімдігінің аминқышқылдарының қүрамын зерттеу болып табылды.
Материалдар мен әдістер: Туран жусан өсімдігінің қүрамындағы аминқышқылдарын сапалық талдау үшін біз еріткіштер жүйесіндегі жүқа қабатты хроматографияны пайдаландық. Хроматографиялық зерттеулер үшін алдымен жылжымайтын фаза, камераның қанығу уақытын, хроматографиялық пластинкалардың белсену уақытын, сынама енгізу әдістеріне өңдеу жүргізілді.
Кесте 1 - Аминқышқылдардың идентификациясы
№ |
Куәгерлер және сығындылар |
Rf мәні |
УК-жарық |
диазотталған сулфанил қышқылы |
1 |
L-аргинин |
0,72 |
- |
Әлсіз-қызғылт |
2 |
L-тирозин |
0,71 |
- |
|
3 |
Аминосірке қышқылы |
0,77 |
- |
|
4 |
Триптофан |
0,84 |
- |
|
5 |
Метионин |
0,92 |
- |
|
6 |
DL-оргинин |
0,68 |
- |
|
7 |
Валин |
0,82 |
- |
|
8 |
DL-лизин |
0,75 |
- |
|
9 |
Фенилаланин |
0,86 |
- |
|
10 |
DL-лейцин |
0,84 |
- |
|
11 |
DL-орнитин |
0,59 |
- |
|
12 |
Лейцин |
0,76 |
- |
|
13 |
L-глутамин |
0,49 |
- |
|
14 |
Треонин |
0,80 |
- |
|
15 |
Изотин |
0,85 |
- |
Сарғыш түсті |
16 |
Аспарагин қышқылы |
0,54 |
- |
Жасыл түсті |
17 |
Глутамин қышқылы |
0,59 |
- |
|
18 |
Изолейцин |
0,67 |
- |
|
19 |
Серин |
0,43 |
- |
|
20 |
DL-аспарагин |
0,67 |
- |
|
Сы ғы н ды л ар |
Н2О |
0,35; 0,56 |
күлгін |
күлгін |
Ацетон |
0,5; 0,52; 0,75; 0,94 |
күлгін |
күлгін |
|
50 % ацетон |
0,35; 0,56; 0,74 |
әлсіз-күлгін |
қоңыр |
|
70 % спирт |
0,73; 0,86 |
әлсіз-күлгін |
қоңыр |
|
50 % спирт |
0,50; 0,86 |
әлісз-күлгін |
әлсіз-қоңыр |
|
30 % спирт |
0,81: |
күлгін |
қоңыр |
|
40 % спирт |
0,50; 0,35; |
күлгінді- қызғылт |
қоңыр |
Туран жусаны өсімдігінің қүрамындағы аминқышқылдары туралы нақты мәлімет алу және хроматографиялау үшін 70% спирттегі түнба, сулы-спиртті сығынды, 40%, 60%, 70%, 90% этил спиртіндегі экстракция жолымен алынған сығындылар алынды.
Хроматографиялық камераға 5 мл жылмалы фазаны қүйып, қақпағын жауып қанығуы үшін 2 сағатқа қалдырдық.
Жоғарыда алынған спиртті ерітінділерді және олардың стандартты үлгілерінің ерітінділерін «Силикагель» хроматографиялық пластинканың старт сызығына капиллярмен тамызады. Пластинканы 5 минут бойы ауада кептіреді, содан кейін гексан-ацетон (8:2) немесе бензол-этилацетат (2:1) еріткіштер жүйесі бар камераға салады, жоғары ағынды әдіспен хроматографиялайды. Еріткіштердің ағыны старт сызығынан 10-12 см өткеннен кейін пластинканы камерадан шығарып, 5 минут бойы суық ауа ағынында немесе сорғыш шкафта кептіреді және УК жарығында қарайды.
№ |
Аминқыш қылы |
Құрамы мг/100 г |
№ |
Аминқышқылы |
Құрамы мг/100 г |
|
1 |
Аланин |
928 |
11 |
Аспартат |
1385 |
|
2 |
Глицин |
480 |
12 |
Цистин |
64 |
|
3 |
Лейцин |
462 |
13 |
Оксипролин |
2 |
|
4 |
Изолейцин |
428 |
14 |
Фенилаланин |
350 |
|
5 |
Валин |
365 |
15 |
Тирозин |
402 |
|
6 |
Глютамат |
2720 |
16 |
Гистидин |
296 |
|
7 |
Треонин |
360 |
17 |
Орнитин |
2 |
|
8 |
Пролин |
848 |
18 |
Аргинин |
510 |
|
9 |
Метионин |
132 |
19 |
Лизин |
352 |
|
10 |
Серин |
400 |
20 |
Триптофан |
112 |
Кесте 2- Туран жусанның жер үсті бөлігінің аминқышқылды құрамы
Дақтарын және олардың флуоресценциясының түсін пластинкада жай қаламмен белгілейді. Хроматограмманы 10% калий гидроксидінің спиртті ерітіндісімен бүркейді, кептіргіш шкафта 2-3 минут 110-1200 С-та кептіреді, содан кейін жаңа дайындалған диазотталған сулфанил
30
қышқылы ерітіндісімен бүркиді. Дақтары қызғылт сары түстен көк-күлгін түске дейін боялады [3,4].
Аминқышқылдардың идентификациясы арнайы куәгерлер мен сығындылардан алынған Rf мәндерін салыстыру және УК жарықта түстерін салыстару арқылы жүргізілді.
20 аминқышқылдың Rf шамасы мен мемлекеттік стандартты үлгі (МСҮ) таңба түсіретін және сығындыларды салыстыру барысы өсімдікте барлық аминқышқылдардың барын, бірақ жеке компоненттердің әртүрлі сығындыларда әртүрлі екендігін көрсетті және сандық мөлшері туралы нақты мәлімет алу үшін аминқышқылды анализатор Amino Acid Analyzer S 433 әдісімен анықтадық.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, туран жусан жер үсті бөлігінің аминқышқылды қүрамына сапалық және сандық талдаулар жүргізіліп 20 аминқышқыл анықталды. Алынған нәтижелер туран жусан өсімдігін медицина мен фармация саласында қолдану мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
- П.Д.Соколов, Растительные ресурсы СССР. Цветковые растения, их химический состав, использование. Сем. Asteraceae. СПб., 1993.
- М.И. Горяев, Химический состав полыней / М.И.Горяев, В.С.Базалицкая, П.П.Поляков. - Алма- Ата, 1962.
- Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.2. / Под.ред.А.У.Тулегеновой. -1-е изд. - Алматы: Жибек жолы, 2009.
-
- Государственная фармакопея СССР: вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье / МЗ СССР.-11-е изд.доп.-М.: Медицина, 1987. -Т І,ІІ.
-