Сырқаттарды метотрексатпен ұзақ уақыт емдеу кезінде дәрілердің жанама әсерлері әдеби деректер бойынша 16%-дан 76% -ға дейін құбылып тұрады. Бұл жағдай метотрексаттың емдік ретінде қолдануға қарама-қарсы қайшылық тудырады. Дәрілердің емдеу кезінде жанама әсерлері асқазан ішек жолдарында, бауыр қызметінің бұзылуына, қан құрамының ауытқуларына, терінің аллергиялық серпілістеріне, бас ауруына, стоматитке, тосынан қосылған инфекцияны және шаштың түсуіне алып келеді. Бірақ бұл жанама әсерлердің жиілігінің орын алуы организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы әлі зерттелмеген.
Жұмыстың мақсаты: Құздама тәріздес артриттті емдеу кезіндегі метотрексаттың жанама серпілістердің жиілігінің ағзаның ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайын зерттеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Индометацинге адамдардың даралық сезімталдығын толық анықтау үшін алдын ала 1%-ды индометациннің суда ерітіндісі жасалынды. Зерттеуге алынған адамның қол саусағынан 0,3мл қан алынды және оның жалпы көлемі физиологиялық ерітінді қолданылып 3,0мл жеткізілді, бұл алынған көлемді тепе-теңдей екіге бөліп, бірінші бөлігіне 0,01мл 10-4м сулы индометациннің ерітіндісі, ал екінші бөлігіне - 0,01мл физиологиялық ерітінді құйылды. Одан соң сынаққа алынған ерітінділер 30 минөтке 370С жағдайында термостатта ұсталынды. Қан ерітінділердің құрамында диенді конъюгаттың мөлшерін спектрофотометриялық әдіспен анықтадық. Индометацинді сынақтан соң организмнің индометацинге сезімталдығы келесі өрнек арқылы анықталды:
Инд C=
ЬДК
ЛА ТБ
Мұндағы: АДҚ- диенді қоспалардың сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері; ААТБ-антитотықтырғыш белсенділігінің сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері;
Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге алынған сырқаттардың метотрексатпен емдеу кезіндегі жанама серпілістердің жиілігінің организмге даралық сезімталдығына байланысты мәліметтер кестеде көрсетілген.
Кесте - Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың емдеуге қолданған метотрексаттың жанама әсерінің жиілігінің организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы
№ |
Көрсеткіштер |
Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттар |
|||
ЖТ/п-52/ |
ТТ/п-38/ |
СТ/п-9/ |
ӨСТ/п-5/ |
||
1 |
Жүрек айну |
9/17,3 |
1/2,6 |
3/33,3 |
5/100 |
2 |
Құсу |
7/14 |
- |
2/22,2 |
5/100 |
3 |
Іш ауру |
9/17,3 |
1/2,6 |
3/33,3 |
5/100 |
4 |
Бауыр ферменттерінің белсендігінің өсуі |
10/19,2 |
1/2,6 |
4/44,4 |
5/100 |
5 |
Диарея |
11/21,1 |
5/55,5 |
5/100 |
|
6 |
Тері қышымасы |
4/8,0 |
- |
1/11 |
3/60 |
7 |
Жаралы стоматит |
6/11,5 |
- |
1/11 |
5/100 |
8 |
Гингивит |
6/11,5 |
- |
1/11 |
5/100 |
9 |
Тез шаршау |
7/14 |
- |
2/22,2 |
5/100 |
10 |
Бас ауруы |
7/14 |
- |
2/22,2 |
5/100 |
11 |
Тромбоцитопения |
6/11,5 |
- |
1/11 |
5/100 |
12 |
Лейкопения |
3/5,7 |
- |
- |
3/60 |
13 |
Панцитопения |
1/1,9 |
- |
- |
1/20 |
Итого |
86/12,7 |
3/0,06 |
25/21,3 |
57/91,9 |
Құздама тәріздес артритпен аурған 52 сырқаттардың метотрексатпен емделгенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлері 86 жағдайда орын алып, жиілігі 12,7 % тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта метотрексаттың жанама әсері 3 жағдайда орын алып,жиілігі 0,06%, ксенобиотикке «сезімтал» топта метотрексаттың жанама әсері 25 жағдайда орын алып,жиілігі 21,3%, ал «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарда дәрінің жағымсыз әсері 25 және 57 жағдайда орын алып, жиілігі 21,3% және 91,9% тең болды.
Метотрексаттың әсерінен жүрек айну симтомының жиілігі жалпы топта 17,3 % болса, «төзімді» топта - 2,6%, «сезімтал» және «өте сезімтал» - 33,3% және 100%-ға тең болды. Құсу және іш ауру симтомы- ның жиілігі жалпы топта 14% және 17,3% да болса, «төзімді» топта- жоқ және 2,6 %, «сезімтал» және «өте сезімтал» - 22,2%,100% және 33,3%,100%-ға тең болды. Бауыр ферменттерінің белсендігінің өсуі жиілігі жалпы топта 19,2% болса, «төзімді» топта-2,6%, «сезімтал» және «өте сезімтал» - 44,4% және 100%-ға тең болды. Диарея, тері қышымасы, жаралы стоматит, гингивит, тез шаршау, бас ауруы, тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения симптомдары «төзімді» топта кездеспейді, ал «сезімтал» топта бұлардың жиілігі 55,5%, 11%, 11%, 11%, 22,2%, 22,2%, 11%, тең болса «өте сезімтал» топта- 100%, 60%, 100%, 100%, 100%, 100%, 100%, 60%, 20%-ды құрайды.
Сонымен зерттеу барысында алынған мәліметтер құздама тәріздес артритпен ауырған сырқаттардың емдеуге қолданған метотрексаттың жанама әсерінің жиілігі организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты «төзімді» тобында өте аз, «сезімтал» тобында орта есеппен 21,3 % -да, «өте сезімтал» тобында орта есеппен 91,9% -да орын алады.
Қорытынды: 1. Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың метотрексатпен емдегенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлерінің жиілігі 12,7 % тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта -0,06%, ксенобиотикке «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарда жиілігі 21,3% және 91,9% тең болды. 2. Метотрек- сатпен емдегенде асқазан-ішек жолының, жүрек және қан жүйесінде ауытқулар жалпы тобындағы жиілігі 17,3%,17,9%, 6,37%, «төзімді» топта 1,73%, 2,6% және «0», «сезімтал» тобында 38,8%, 33,3%, 8,07%, «өте сезімтал» тобында 100%, 100% және 70% орын алады.