Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ишемиялық инсульті науқастарды қалпына келтіру сатысындағы гирудотерапия мен нейропротекторлардың қолданғандағы фармакоэкономикалық көрсеткішінің эндоуыттану идексіне байланысты жағдайы

Ишемиялық инсултті ауруын ерте емдеу - алдын-алу, қалпына келтіру іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы сүлікті және нейропротекторларды сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [4].

Жұмыстың мақсаты: Фармако-экономикалық көрсеткіштер негізінде ишемиялық инсульттің женіл түрімен ауырған науқастарды гирудотерапия және нейропротекторлармен емдеу кезінде тиімділігін қанның эндоуыттану индексі арқылы бағалау.

Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 20 дені сау адам және ишемиялық инсульттің женіл түрімен ауырған 58 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: гирудотерапияны үлгіқалыпты әдіспен қолдану тобы Емдеу - бақылау мерзімі күнара 10 күн: 2- топ: актовегин таблетка түрінде күніне 3 рет және ампула түрінде 14 күн, 3-топ: церобролизинді (5,0 мл), дәрілерін нұсқау бойынша күніне бір күре тамырға 1 рет қабылдады. 4 -топ цероксанды 10 мл күніне 2 реттен күре тамырға 45 күн. Қанның орта уытты молекулардың (ОУМ) мөлшерін спектрофотометриялық әдіспен зертедік, эндоуытты индексін (ЭИ) Н.Ж.Орманов әдісімен анықтадық [2004].

Фармакотерапиялық кешендердің бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, дәрілердің бағасын, «шығын-пайда» көрметкішін қанның эндоуыттанудың индексін арқылы анықтадық.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге алынған сырқаттардың емдеуге қолданған фармакотерапиялық кешендердің атаулары мен қажетті дәрілердің санымен және олардың бағасы, емдеу бағамы бір науқасқа есептегенде, медициналық сүлікті емдік ретінде қолданғанда 1-күндік емнің бағасы - 1200,0 теңге құраса, емдеу бағамына 12000 теңге шығындалды.

2-ФТК-ді ( актовегинді) ампула пішінінде қолданғанда 1-күндік емдік бағасы -518 теңгеге тең болса, емдеу бағамына 7252 теңге шығындалды. Бұл препаратты таблетке түрінде қолданғанда 1-күндік емдік бағасы -157,8 теңгеге тең болса, емдеу бағамына 9468,0 теңге шығындалды. 3-ФТК-ді (церебролизин) емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 877 тенгеге тең болса, ал емдеу бағамы 26310,0 теңгеге тең болды. 4-ФТК-ді (Цераксон) емдеу үшін ампула пішінінде қолданғанда 1-күндік шығын 1176,0 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 105840,0 теңгеге, ал таблетка түрінде қолданғанда 1-күндік шығын 381,15 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 34303,5 теңгеге тең болды. 1-ФТК-нінің (гирудотерапия) емдеу бағамына қарағанда 2-ФТК-нінің (Актовегин) шығыны ампула пішінінде 39,6% - пайызға, таблетка түрінде 21,1% - пайызға төмендесе, 3-ФТК (Церебролизин) емдеу бағамының құны ампула және таблетка түрінде 782% және 119,25% - пайызға, 4-ФТК (Цераксон) емдеу бағамының құны ампула және таблетка пішінінде 782,0 және 185,8%-ға пайызға өсті.

Кесте 1 - Ишемиялық инсульті жеңіл түріндегі науқастарды қалпына келтіру сатысындағы емдеудегі дәрілік шығынның фармакотераіпіяііыц түріне тәуелділігі.

Аттары

Емдік курсына қа- жетті сүліктің немесе дәрілердің саны (дана)

Емдік тәулігіне қажетті сүліктің немесе дәрілердің саны (дана)

Бағасы ( тенге)

Бір ампула/ Флакон

Емдеу бағамы

Гирудотерапия

60

6

1200

12000

Ф-2: А) Актовегин (амп)

14

1

518

7252

Б) Актовегин (таб)

60

3

157,8

9468,0

Ф-3 :Церебролизин (амп)

30

1

877

26310,0

Ф-4: А) Цераксон (амп)

90

2

1176,0

105840,0

Б) Цераксон (таб)

90

2

381,15

34303,50

Сонымен, ишемиялық инсульттің женіл түрімен ауырған сырқаттарды қалпына келтіру сатысында- ғы емдеу нәтижесіндегі дәрілерге арналған шығын 2-Фтк-а тобында ең төменгі орын алса, ең жоғарғы деңгейі 4-Фтк-а (егу тобында, ампула), ал 1-Фтк және 3-Фтк топтарында ортаңғы жағдайда орын алды.

Ишемиялық инсулттік науқастарда эндоинтоксикациялық синдромның дамуына байланысты науқастардың қанында орта уытты молекуланың (ОУМ) қан сарысуында және эритроциттерде қорлануы емге дейін 31,6%-ға және 44,4%-ға жоғарылайды.Ишемиялық инсулттік науқастарда эндоинтоксикациялық синдромның уыттану индексі емге дейін дені сау адамдардың көрсеткішіне қарағанда 44%-ға жоғарылайды, гирудотерапияның әсерінен 27,1 %-ға төмендеп, дені сау адамдардың көрсеткішіне жақындай түседі.

Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ишемиялық инсульттің жеңіл дәрежелі түрін емдеуге сүлікті қолданғанда науқастардың қанының сары суында және эритроциттерінде орта уытты молекулалардың деңгейлері төмендейді, яғни сүліктің сөлі дезинтоксикациялық қасиетке ие.

Кесте 2 - Ишемиялық инсультті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің қанның эндоуытты индексіне байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі

Топтар

«тиімді» мәні ( шб)

Меншікті тиімділігі %

Емдеу мерзімі ішіндегіжинақтық шығыны (тенгемен)

«шығын-пайда» коэффициенті

Улитарлық көрсеткіш

( тенге)

%

ФТК-1

n = 30

1. 1,44±0,06

2. 1,05±0,15

37,1

12000

323,4

100

«0

ФТК-2 n = 30

1. 1,44±0,06

2. 1,22±0,06

18

7252 (амп)

9468 (таб)

402,0

526,0

124,3

162,6

248,5

132,5

ФТК-3 n = 30

1. 1,44±0,06

2. 1,21±0,06

19

26310

1384,7

427,9

1343

ФТК-4

1. 1,44±0,06

2.1,12±0,05

28,5

105840(амп)

34303,5(таб)

3713,7

1203,6

1148,3

372,1

5184,5

1232,2

Ескерту. 1-емге дейінгі кеөрсеткіші.2- емнен кейінгі көрсеткіші

Ишемиялық инсульттің жеңіл дәрежелі түріндегі науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің науқастардың қанында эндоуытты индексі (ЭУИ) мәнінің нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен анықтап, емдеу бағамының дәрілік құны бірінші емдік тобындағы көрсеткішін 100%- ға тең деп алғанда, актовегинді инъекциялық және таблетка пішінді топтарда 39,6% және 21,1%%-ға төмендейді, ал церобрализинді және цероксандық (инъекциялық және таблетка) топтарда 119,2%, 782 % және 185%-ға жоғарылайды. Фармакотерапиялық кеендердің меншікті тиімділігі бірінші топта-37,1 %- ды құраса, ал екінші,үшінші және төртінші топтарда 20,4%, 19% және 28,5%-ға тең болды. «Шығын-пайда» көрсеткіштері сүліктік емдік топта 323,4 тенге тең болса, актовегинді инъекциялық және таблетка қабылдаған топтарта 402 және 526,0 тенгені құрайды,церулоплазиминді емдік топта 427,9 тенге тең болса, церорксанды емдік топтарда бұл көрсеткіштің құны 1148,3 (ампула) және 372,1 (таблетка) тенгені құрайды. Ишемиялық инсультті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің деңгейі қанның эндоуытты индексіне байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен келесі жағдайда орын алды гирудотерапия актовегин (табл. немесе ампула) церебролизинZцероксан (табл. немесе ампула).

Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ишемиялық инсульті науқастарды жеңіл дәрежелі түрін қалпына келтіру сатысындағы гирудотерапия және нейропротекторлардың жеке қолданғандағы фармакоэкономикалық көрсеткішінің «шығын-пайда» коэффициенті қанның эндоуыттану идексіне арқылы ақықтағанда ең төменгі мәні гирудотерапиялық топта, ең үлкен құны цероксанды инъекция пішінінде қолданғанда орын алды.

Қорытынды:

  1. Ишемиялық инсульттің женіл түрімен ауырған сырқаттарды қалпына келтіру сатысындағы емдеу нәтижесіндегі дәрілерге арналған шығын 1-Фтк (гирудотерапия) тобында ең төменгі орын алса, ең жоғарғы деңгейі 4-Фтк (цероксан), ал 2-Фтк (актовегин) және 3-Фтк (цереболизин) топтарында ортаңғы жағдайда орын алды.
  2. Ишемиялық инсультті науқастардаң қанындағы уыттану индексі емге дейін дені сау адамдардың көрсеткішіне қарағанда 44,0%-ға жоғарылайды, гирудтерапияның әсеріне 27,1%-ға төмендеп дені сау адамдардың көрсеткішіне жақындай түседі.
  3. «Шығын-пайда» көрсеткіштері сүліктік емдік топта 323,4 тенге тең болса, актовегинді инъекциялық және таблетка қабылдаған топтарта 402 және 526,0 тенгені құрайды,церулоплазиминді емдік топта 1384,7 тенге тең болса, церорксанды емдік топтарда бұл көрсеткіштің құны 3713,7 (ампула) және 1203,6 (таблетка) тенгеге тең болады.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина