Іріңді перитонит кезіндегі қарқынды емнің күрделеніп, қиындауының негізгі себептері болып эндогенді уыттанумен күресудің қиыншылықтары, орталық және перифериялық қан қозғалысының ауыр бұзылыстары және жүйелік және тіндік метаболизмнің ауытқулары табылады [Тайгулов,Е,А, 2000],
Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді, Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуномодилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [Орманов, Б,Н,,2004],
Жұмыстың мақсаты: Фармако-экономикалық көрсеткіштер негізінде жергілікті перитонитпен ауыратын науқастарды әртүрлі фармакотерапиялық кешендердің тиімділігімен эритроциттердің тұтыну жылдамдығына (ЭТЖ) арқылы бағалау,
Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк-1: метрогил (100мл), гентамицин (80мг). 2-топ: Фтк-2: метрогил (100 мл) цефамизин (1,0 мг), 3-топ: Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1,0 мг), иммуномодулин (1мл), 4-топ Фтк-4: метрогил (100 мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл) дәрілерін нұсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитті 120 сырқаттар алынды. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, науқастың толық бағасы «шығындар-тиімділік» пен «пайдалы-тиімділік», фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық тиімділігін есептеу үшін сырқаттардың қанындағы эритроциттердің тұну жылдамдығына (ЭТЖ) анықтадық [Орманов Б.Н.,2004]. Бұл зерттеулер емге дейін,3, 5 ,7 күн және 10 күннен кейін қолданылды.
Науқастардың эритроциттерінің тұну жылдамдығына (ЭТЖ) объективті түрде бағалау үшін Панченкованың микроәдісі қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге алынған сырқаттардың емдеуге қолданған фармакотерапиялық кешендердің түрлі емдік әдістердің науқастар қанындағы эритроциттердің тұну жылдамдығына (ЭТЖ) әсері зерттелінді (кесте 1). Кестеден көрінетіндей, перитонитті науқастардың қанында эндоинтоксикациялық синдром дамиды. Оған дәлел ЛУИ, ОУМ және ЭТЖ деңгейлерінің түсуі.
Кесте 1 - Жергілікті перитонитті науқастардың қанындағы эритроциттердің тұну жылдамдығына (ЭТЖ) көрсеткішіне фармакотерапиялық кешендердің әсері
Көрсеткіштер |
Емдік топтар |
|||
ФТК-1 |
ФТК-2 |
ФТК-3 |
ФТК-4 |
|
ЭТЖ (мм/сағат) Емге дейін тәулік |
28,7±0,9 |
28,7±0,9 |
28,7±0,9 |
28,7±0,9 |
28,6±0,9 |
26,4±0,3 |
15,3±0,7 |
20,1±1,0 |
|
тәулік |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
20,3±1,3 |
18,3±0,2 |
8,1±0,4 |
15,1±1,1 |
|
тәулік |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
Рі<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
|
10,2±0,5 |
10,3±0,5 |
6,3±0,4 |
8,0±0,4 |
|
p<0,01 |
p<0,01 |
p<0,01 |
p<0,01 |
|
10 тәулік |
P1<0,01 |
P1<0,01 |
P1<0,01 |
P1<0,01 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
|
7,1±0,3 |
6,4±0,3 |
4,1±0,2 |
6,2±0,3 |
|
p<0,001 |
p<0,001 |
p<0,001 |
p<0,001 |
|
P1<0,01 |
P1<0,01 |
P1<0,01 |
P1<0,01 |
|
P2<0,01 |
P2<0,01 |
P2<0,01 |
P2<0,01 |
|
рз<0,05 |
P3<0,05 |
P3<0,05 |
P3<0,05 |
Перитонитті науқастарда эндоинтоксикациялық синдромның дамуына байланысты эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) да өсті. 1-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ЭТЖ нанымды түрде 5-ші тәулікте ғана төмендеді және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 29,3%-ды құрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 64,5%-ға және 75,3%-ға төмендеді. 2-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ЭТЖ нанымды төмендеуі 5-ші тәулікте анықталды және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 36,3%-ды құрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 37%-ға және 78,7%-ға төмендеді.
3-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ЭТЖ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 46,4%-ға кемісе, 5-ші және 7-ші тәуліктерде 77,4%-ға төмендеп, қалыпты жағдайға теңелді. 4-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ЭТЖ келесідей өзгерістерге ұшырады: емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 3-ші тәулікте төмендеу деңгейі 30%-ды құраса, 5-ші, 7-ші және 10-шы тәуліктерде 47,4%-ға, 71,9%-ға және 78,4%-ға кеміді.
Сонымен, науқастардың операциядан кейінгі кезеңіндегі емінде 3-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен эритроциттердің тұну жылдамдығы эерттеудің 5-ші тәулігінде қалыпты жағдайға келсе 1-ші, 2-ші және 4-ші кешендердің әсерінен бұл көрсеткіштің қалыпты жағдайға теңілуі 10-ші тәулікте орын алды. Яғни 37
эритроциттердің тұну жылдамдығының белсенділіктері зерттеудің 5-ші тәулігінде 1-ші фармакотерапиялық кешеннің көрсеткішін 100% деп алсақ, 2-ші емдік топта белсенділік 110%-ды құрайды, 3-ші және 4-ші топтарда бұл көрсеткіш 312%-ға және 134,4%-ға тең болады
Кесте 2 - Жергілікті перитонитті науқастардың «шығын - пайда» эритроциттердің тұну
жылдамдығына (ЭТЖ) және аурудың толық құнына байланысты жағдайы
Топтар |
«тиімді» мәні (шб) |
Меншікті тиімділігі % |
Аурудың толық құны (тенге) |
«шығын-пайда» коэффициенті ( тенгемен) |
ФТК-1 n = 30 |
1. 28,7±0,9 2. 20,3±1,3 |
30 |
83993,7 |
2799,8 |
ФТК-2 n = 30 |
1. 28,7±0,9 2. 18,3±0,2 |
36 |
84811,9 |
2355,8 |
ФТК-3 n = 30 |
1. 28,7±0,9 2. 6,5±0,3 |
77,4 |
83632,2 |
1080,5 |
ФТК-4 |
1 28,7±0,9 2. 15,1,1±0,4 |
47,4 |
81499,8 |
1668,7 |
Ескерту.І-емге дейінгі көрсеткіші.2- емнен кейінгі көрсеткіші
Меншікті тиімділік көрсеткіштері иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 58%-ға және 115%-ға өседі, ал оның «шығын-пайда» көрсеткішітерін аурудың толық құны арқылы анықтағанда иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 40,4%ға және 54,2 % ға төмендейді.
Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ФТК -3 және ФТК-4 (антибиотиктер және иммуно- модулин) емдік әсерінің «шығын-пайда» көрсеткіштері сәйкес антибактериалды топтармен салыстырғанда төмендейді және ең кіші көрсеткіші үшінші емдік (метрогил, гентамицин және иммуномодуллин) топта орын алды, яғни бір науқасты толық емдеуге кететін шығынның ең кіші мөлшері үшінші топта орын алып, (1080,5 т.) 1-ші, 2-ші және 4-ші топтарға қарағанда үнемделінген шығынның мөлшері 1719,3 тенгеге, 1275,3 тенгеге және 588,7 тенгеге тең болды. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер бір жергілікті перитонитпен ауыратын бір науқасты емдеуге жұмсалатын шығынның ең үлкен мәні 1 -ші емдік топта болса, ең кіші мәні 3- ші емдік топта (метрагил, цефамизин және иммуномодулин) орын алып, фармакоэкономикалық тұрғыдан сараптағанда ең тиімді емдік кешен болып табылады.
Қорытынды: 1. Жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеуге қолданған дәрілердің 10 күндік емдеу мерзімінде меншікті тиімділігі имуномодилинді топтарда сәйкес антибактериалды топтарға қарағанда 58%- ға және 115%-ға өседі. 2. Антибиотикоимунномодулинді топтардағы эритроциттердің тұну жылдамдығы- ның (ЭТЖ) көрсеткіші зерттеудің бесінші және жетінші тәулігінде қалыпты жағдайға теңеледі. «Шығын - пайда» коэффициентінің мөлшері иммуномодилинді топтарда сәйкес топтармен салыстырғанда 40,4% және 54,2%-ға төмендейді.