Қазіргі жедел іріңді перитонит емінің мәселесі өзекті болып қала беруде. Бұл ауру кезіндегі өлім- жітім мөлшері түрлі авторлардың мәліметтері бойынша 48%-дан 65%-ға дейін жетеді [Шелестюк, П.И., 2000]. Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуно- модилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [Орманов Н.Ж.,2004]. Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуномодилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [Орманов, Б.Н,2004].
Жұмыстың мақсаты: Фармако-экономикалық көрсеткіштер негізінде жергілікті перитонитпен ауыратын науқастарды әртүрлі фармакотерапиялық кешендердің тиімділігімен қанында орта уытты молекуланың (ОУМ) қорлануы арқылы бағалау.
Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк-1: метрогил (100мл), гентамицин (80мг). 2-топ: Фтк-2: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг), 3-топ: Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг), иммуномодулин (1мл), 4-топ Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл)
дәрілерін нұсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитті 120 сырқаттар алынды. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, науқастың толық бағасы «шығындар-тиімділік» пен «пайдалы-тиімділік», фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық тиімділігін есептеу үшін сырқаттардың қанындағы орта уытты молекуланың (ОУМ) анықтадық. Науқастардың эндогендік уыттануын объективті түрде бағалау үшін қан сарысуындағы және эритроциттерде орта уыттылық молекулалардың мөлшерін 254 нм-де спектрофотометриялық әдіспен анықтадық [Афанасьева А.Н. ,2004]. Бұл зерттеулер емге дейін 3, 5 ,7 күн және 10 күннен кейін қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Перитонитті науқастарда эндоинтоксикациялық синдромның дамуына байланысты науқастардың қанында орта уытты молекуланың (ОУМ) қорлануы емге дейін 112,5%-ға жоғарылайды. 1-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ОУМ нанымды түрде 5-ші тәулікте ғана төмендеді және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 33,4%-ды құрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 43,2%-ға және 51%-ға төмендеді. 2-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ОУМ нанымды төмендеуі 5-ші тәулікте анықталды және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 41,2%-ды құрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 51%-ға және 53%-ға төмендеді. 3-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ОУМ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 41,2%-ға кемісе, 5-ші және 7-ші тәуліктерде 51%-53%-ға төмендеп, қалыпты жағдайға теңелді. 4-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ОУМ келесідей өзгерістерге ұшырады: емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 3-ші тәулікте төмендеу деңгейі 17,7%-ды құраса, 5-ші, 7-ші және 10-шы тәуліктерде 39,2%- ға, 49,1%-ға және 53%-ға кеміді.
Кесте 1 - Жергілікті перитонитті науқастардың қанындағы орта уытты молекуланың (ОУМ)
көрсеткішіне фармакотерапиялық кешендердің әсері
ОТМ 254 нм |
Емдік топтар |
|||
ФТК-1 |
ФТК-2 I |
ФТК-3 I |
ФТК-4 |
|
Емге дейін |
5,1±0,2 |
5,1±0,2 |
5,1±0,2 |
5,1±0,2 |
3 тәулік |
4,5±0,2 |
4,4±0,2 |
3,0±0,2 |
4,2±0,1 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
5 тәулік |
3,4±0,1 |
3,2±0,1 |
2,4±0,1 |
3,0±0,1 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
7 тәулік |
Рі<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
2,9±0,1 |
2,8±0,1 |
2,4±0,1 |
2,7±0,1 |
|
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
|
Рі<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
|
тәулік |
Р2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
2,5±0,1 |
2,4±0,1 |
2,4±0,1 |
2,4±0,1 |
|
(N=2,4±0,04 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
p<0,05 |
шартты бірлік/10) |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P1<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
P2<0,05 |
|
рз<0,01 |
рз<0,01 |
рз<0,01 |
P2<0,01 рз<0,05 |
Нұсқама: р - емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік коэффициент, рі - үшінші тәуліктегі көрсеткішпен салыстырғандағы, р2 - бесінші тәуліктегі көрсеткішпен р3 - жетінші
тәуліктегі көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік коэффициенттер
Сонымен, науқастардың операциядан кейінгі кезеңіндегі емінде 3-ші фармакотерапиялық кешеннің әсерінен ОУМ зерттеудің 5-ші тәулігінде қалыпты жағдайға келсе 1-ші, 2-ші және 4-ші кешендердің әсерінен бұл көрсеткіштің қалыпты жағдайға теңілуі 10-ші тәулікте орын алды. Яғни ОУМ белсенділіктері зерттеудің 5-ші тәулігінде 1-ші фармакотерапиялық кешеннің көрсеткішін 100% деп алсақ, 2-ші емдік топта
Меншікті тиімділік көрсеткіштері иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 58%-ға және 115%-ға өседі, ал оның «шығын-пайда» көрсеткішітерін аурудың толық құны арқылы анықтағанда иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 40,4%ға және 54,2 % ға төмендейді.
Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ФТК -3 және ФТК-4 (антибиотиктер және иммуномодулин) емдік әсерінің «шығын-пайда» көрсеткіштері сәйкес антибактериалды топтармен салыстырғанда төмендейді және ең кіші көрсеткіші үшінші емдік (метрогил, гентамицин және
иммуномодуллин) топта орын алды, яғни бір науқасты толық емдеуге кететін шығынның ең кіші мөлшері үшінші топта орын алып, (1080,5 т.) 1-ші, 2-ші және 4-ші топтарға қарағанда үнемделінген шығынның мөлшері 1719,3 тенгеге, 1275,3 тенгеге және 588,7 тенгеге тең болды. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер бір жергілікті перитонитпен ауыратын бір науқасты емдеуге жұмсалатын шығынның ең үлкен мәні 1-ші емдік топта болса, ең кіші мәні 3- ші емдік топта (метрагил, цефамизин және иммуномодулин) орын алып, фармакоэкономикалық тұрғыдан сараптағанда ең тиімді емдік кешен болып табылады.
Қорытынды: 1. Жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеуге қолданған дәрілердің 10 күндік емдеу мерзімінде меншікті тиімділігі имуномодилинді топтарда сәйкес антибактериалды топтарға қарағанда 58%- ға және 115%-ға өседі.2. Антибиотикоимунномодулинді топтардағы эритроциттердің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) көрсеткіші зерттеудің бесінші және жетінші тәулігінде қалыпты жағдайға теңеледі. «Шығын - пайда» коэффициентінің мөлшері иммуномодилинді топтарда сәйкес топтармен салыстырғанда 40,4% және 54,2%-ға төмендейді.