Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жергілікті перитонитті науқастарды иммуномодулинді антибиотиктермен үйлестіріп қолданғандағы «шығын-пайда» коэффициентінің лейкоцитарлық уыттылық индексіне байланысты өзгеруі

Жедел іріңді перитонит емінің мәселесі өзекті болып қала беруде. Іріңді перитонит кезіндегі қарқынды емнің күрделеніп, қиындауының негізгі себептері болып эндогенді уыттанумен күресудің қиыншылықтары, орталық және перифериялық қан қозғалысының ауыр бұзылыстары және жүйелік және тіндік метаболизмнің ауытқулары табылады [Шелестюк, П.И., 2000].

Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуно- модилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [Орманов,Н.Ж.,2004].

Жұмыстың мақсаты: Фармако-экономикалық көрсеткіштер негізінде жергілікті перитонитпен ауыратын науқастарды әртүрлі фармакотерапиялық кешендердің тиімділігімен бағалау.

Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк-1: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) 2-топ: Фтк-2: метрогил (100мл), цефамизин (1,0мг), 3-топ: Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг) иммуномодулин (0,01% 1,0мл), 4-топ:Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (0.01% 1,0мл) дәрілерін нұсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн.

Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 сырқат алынды. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, науқастың толық бағасы «шығындар-тиімділік» пен «пайдалы-тиімділік», қанның лейкоцитарлық формуласын зерттеп, уыттанудың лейкоцитарлық индексін (УЛИ) А.Я. Фищенко және С.Д. Химич [1989] әдісімен анықтадық. Бұл зерттеулер емге дейін және 3,5 және10 күннен кейін қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеуге алынған сырқаттардың емдеуге қолданған фармакотерапиялық кешендердің атаулары мен қажетті дәрілердің санымен және олардың бағасы, емдеу бағамы бір науқасқа 1- кестеде көрсетілген.

1-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емнің бағасы - 210,4 теңге құраса, емдеу бағамына 3008 теңге шығындалды. 2-ФТК-ді қолданғанда 1-күндік емдік бағасы -459 теңгеге тең болса, емдеу бағамына 7980,0 теңге шығындалды. 3-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 497,5тенгеге тең болса, ал емдеу бағамы 8172,5 теңгеге тең болды. 4-ФТК-ді емдеу үшін қолданғанда 1-күндік шығын 248,9 теңгеге тең болса, ал емдеу бағамы 3200,5 теңгеге тең болды 1-ФТК-нінің емдеу бағамына қарағанда 2-ФТК-нінің шығыны 183,5% - пайызға, 3-ФТК емдеу бағамының құны 78,20% - пайызға, 4-ФТК емдеу бағамының құны 36,4%-ға пайызға өсті.

Кесте 1 - Жергілікті перитонитті науқастарды емдеудегі дәрілік шығынның фармакотераіпіяныц

түріне тәуелділігі

Аттары

Қажетті дәрілердің саны (дана)

Бағасы ( тенге)

Бір ампула/флакон

Емдеубағамы

Фтк-1: Метрогил( 100мл)

14

200

2800,0

Гентамицин(80мг)

20

10,4

208,0

Барлығы

34

210,4

3008

Фтк-2 :Метрогил( 100мл)

14

200

2800,0

Цефамизин( 1,0мг)

20

259

5180

Барлығы

34

459

7980,0

Фтк-3 :Метрогил( 100мл)

14

200

2800,0

Цефамизин( 1.0мг)

20

259

5180,0

Иммуномодулин(0,01%1,0мл)

5

38,5

192,5

Барлығы

39

497,5

8172,5

Фтк-4 :Метрогил( 100мл)

14

200

2800,0

Гентамицин(80мг)

20

10,4

208,0

Иммуномодулин(0,01%1,0мл)

5

38,5

192,5

Барлығы

39

248,9

3200,5

Сонымен жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеу нәтижесіндегі дәрілерге арналған шығын 1-Фтк ең төменгі орын алса, ең жоғарғы деңгейі 3-Фтк, ал 2-Фтк және 4-Фтк ортаңғы жағдайда орын алды.

Дәстүрлі Фтк - 1 антибиотикотерапиядан кейін УЛИ нанымды түрде тек 5-ші тәулікте ғана төмендеп, азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 34,1%-ды құрады, ал 7-ші және 10-шы тәуліктерде 55,3%-ға және 70,2%-ға төмендеді. Фтк-2 тобындағы УЛИ 3-ші тәулікте нанымды төмендеді және де азаю деңгейі емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 36,2%-ға тең болса, 5-ші, 7-ші және 10-шы тәуліктерде 46,8%-ға, 68,1%-ға және 72,4%-ға сәйкес төмендеді. Иммуномодулинді метрогил және цефамизинмен үйлестіріп қолданғанда (Фтк-3 тобындағы) УЛИ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 44,7%-ға, 5-ші тәулікте 72,4%-ға, 7-ші және 10-шы тәуліктерде 78,8%-ға төмендеп, дені сау адамдардың көрсеткішіне теңеле түседі. Иммуномодулинді метрогил және гентамицинмен үйлестіріп қолданғанда (Фтк - 4 тобындағы) УЛИ 3-ші тәулікте емге дейінгі көрсеткішімен салыстырғанда 40,4%-ға, 5-ші және 7-ші тәулікте 68,1 және 74,5,4%-ға, 10-шы тәуліктерде 78,8%-ға төмендеп, дені сау адамдардың көрсеткішіне теңеле түседі. Сонымен жергілікті перитониті антибиотиктермен иммуномодулинді қиылыстырып қолданғанда сырқаттардын уыттылық лейкоцитарлы индексі сәйкес антибиотикті топтармен салыстырғанда өте ерте (7 тәулікте) қалыпты жағдайда орын алады 2 кесте - Перитонитті науқастардың лейкоцитарлық уыттылық индексінің фармакотерапиялық кешендердің әсері өзгеруі

Көрсеткіштер

Емдік топтар

ФТК-1

ФТК-2

ФТК-3

ФТК-4

1

2

3

4

5

УЛИ (шартты бірлік) Емге дейін

3 тәулік

4,7±0,4

4,7±0,4

4,7±0,4

4,7±0,4

 

3,9±0,25

3,0±0,26

2,6±0,15

2,7±0,11

5 тәулік

p<0,05

p<0,05

p<0,05

p<0,05

 

3,1±0,19

2,5±0,13

1,3±0,07

1,4±0,01

 

p<0,05

p<0,05

p<0,05

p<0,05

7 тәулік

Р1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

 

2,1±0,13

1,5±0,09

1,0±0,08

1,0±0,01

 

p<0,05

p<0,05

p<0,05

p<0,05

10 тәулік

Р1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

Р2<0,01

P2<0,01

P2<0,01

P2<0,01

 

1,4±0,01

1,3±0,01

1,0±0,01

1,0±0,01

 

p<0,05

p<0,05

p<0,05

p<0,05

Орташа көрсеткіші

P1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

P1<0,05

P2<0,01

P2<0,01

P2<0,01

P2<0,01

 

2,62±0,08

2,0±0,1

1,47±0,08

1,52±0,08

Жергілікті перитонитті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің қанның уыттылық лейкоцитарлы индексінің мәнінің нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі 3 - кестеде көрсетілген.

Он күндік бақылау уақытында фармакотерапиялық кешендердің әсерінен бірінші топтағы сырқаттардың қанының УЛИ мәні антибиотикотерапияның әсерінен 4,7±0,13 шб 2,62±0,08 шб дейін төмендейді, яғни меншікті тиімділігі 38,1 %-ға тең болады, екінші, үшінші және төртінші топтардағы бұл көрсеткіш, 4,7±0,4 шб 2,0±0,1 шб ,1,47±0,08 шб және1,52±0,08 шб дейін төмендейді және меншікті тиімділігі емге дейінгі сәйкес көрсеткішіне қарағанда 57,4%, 68,7% және 67,6%-ға тең болады.

Антибиотикотерді иммуномодиулинмен қиылыстырып қолданғанда УЛИ салыстырмалы сәйкес топтарына қарағанда 26,5 %-ға және 42%-ға төмендеді.

Кесте 3 - Жергілікті перитонитті науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің уытты лейкоцитарлы индекс нышандарына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі

Топтар

«тиімді» мәні ( шб)

Меншікті тиімділігі %

Емдеу мерзімі ішіндегі жинақтық шығыны (тенгемен)

«шығын-пайда» коэффициенті ( тенгемен)

ФТК-1

n = 30

1. 4,7±0,13

2. 2,62±0,14

38,1

3008,0

78,9

ФТК-2 n = 30

1. 4,7±0,4

2. 2,0±0,1

57,4

7980,0

139,0

ФТК-3 n = 30

1. 4,7±0,4

2. 1,47±0,08

68,7

8172,5

118,9

ТК-4

1. 4,7±0,4

2. 1,52±0,08

67,6

3200,5

47,3

Ескерту.1-емге дейінгі кеөрсеткіші.2- емнен кейінгі көрсеткіші

Емдеу бағамының құнын бірінші емдік тобындағы көрсеткішін 100%-ға тең деп алғанда, екінщі жене үшінші фармакотерапиялық топтарда бұл көрсеткіш 41,8%-ға және 6,9%-ға жоғарылайды, ал төртінші топта 18,2%-ға төмендейді.Фармакотерапиялық кешендердің меншікті тиімділігі бірінші топта-38,1 %- ды құраса, ал екінші,үшінші және төртінші топтарда 57,4%, 68,7% және 67,6%-ға тең болды. «Шығын-пайда»

көрсеткіштері иммуномо-дулинді топтарда сәйкес антибиотиккті топтарға қарағанда 40,1%-ға және 14,6%-ға төмендейді, ал оның «шығын - пайдалы» көрсеткіші бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтарда 78,9: 139,0:118,9 және 47,3 теңгеге тең болады.

Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ФТК -3 және ФТК-4 (антибиотиктер және иммуномодулин) емдік әсерінің «шығын-пайда» көрсеткіші ең кіші мәнге тең болады.

Қорытынды:

1. Жергілікті перитонитті сырқаттарды емдеуге қолданған дәрілердің 10 күндік емдеу мерзімінде құны имуномодилинді топтарда сәйкес антибактериалды топтарға қарағанда 6,4% -ға және 2,4%-ға жоғарылайды , ал меншікті тиімділігі 77,4%-ға және 19,6%-ға өседі.

2. Антибиотикоимунномодулинді топтардағы уытанудың лейкоцитарлы көрсеткіші (УЛК) зерттеудің жетінші тәулігінде қалыпты жағдайға теңеледі. «Шығын - пайда» коэффициентінің мөлшері иммуномодилинді топтарда сәйкес топтармен салыстырғанда 40,1% және 14,5%-ға төмендейді.

  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина