ТҮЙІН
Мақсаты: Бұл мақалада 2014-2015 жылдар аралығында ОҚО-ғы тұрғындар арасында менингит қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін салыстырмалы түрде анықтай отырып, тиімдісін көрсету.
Кілт сөздер: Neisseria meningitides, антибиотикке сезімталдық, түрлі құрамы, микробиологиялық зерттеу.
Кіріспе: Менингококк қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдығымен түр спектрі уақыт өткен сайын кез келген клиникада өзгерістерге ұшырайды, бұл тұрақты микробиологиялық мониторинг жүргізуді қажет етеді[2,3,4].
2014-2015 жылдар аралығында ОҚО-ғы тұрғындар арасында менингококк қоздырғышының саны артты.Бұл мәселенің өзектілігін түсіну үшін меникококк қоздырғышының эпидемиологиясымен танысқан жөн. Менингит ауруының ең жоғары көрсеткіші Африкадағы сахарадан оңтүстік бағытқа қарай таралып, Батыс Синигалдан Шығыс Эпиопаға дейін созылады[1]. 2014 жылы Африканың 19 елінде 11908 адам менингит ауруымен тіркеуде тұрған. Осы есеп бойынша 1146 жағыдай өліммен аяқталған.
Материалдар және әдістер: Менигококк қоздырғышының антибиотикке сезімталдығын зерттеу мақсатында 2014 және 2015 жылдар аралығында Шымкент қалалық, Жұқпалы аурулар ауруханасындағы 5 айлық балалар және 61 жас аралығындағы 97 науқас зерттеуге алынды. Науқастардың 60,2% ерлер және 39,8% көрсеткішті әйелдер құрап отыр. 2014 жылы 24,8% 15 жасқа дейінгі балалар және 75,2% ересек науқастар құрады. 2015 жылы 71,3% 15 жасқа дейінгі балалар және 28,7% ересек науқастар құрады
Емделген науқастардан мұрын жұтқыншақ , қан, қалың тамшы және жұлын сұйықтығының нәтижелері талданды. Бактериологиялық әдіспен зерттеу жүргізілді, менингококк қоздырғышын өсіру үшін линкомицин қосылған агары қолданылды. Инкубациялық кезеңі 24-48 сағатта, 5-8% жоғарғы көмірқышқыл газында термостатта 37 0C жүргізілді. Антибиотик препараттарға сезімталдық тығыз қоректік ортаға егу арқылы диск әдісімен анықталды.
Нәтижелері және талдау зерттеу: Менингококк қоздырғышына антибиотиктердің сезімталдығын зерттеу үшін 2014 жылы 41 науқас, 2015 жылдың алғашқы 10 айында 56 науқастан штамы талданды. Зерттеу барысында 2014жылы 41 науқастың 34-нен жұлын сұйықтығы, 3-нен қан,2- мұрын жұтқыншақ, 2- қалың тамшы ; 2015 жылы 56 науқастың, 36- жұлын сұйықтығы, 8-қан, 9- мұрын жұтқыншақ, 3- қалың тамшы материалдарынан анықталды. 97 менингококк штамнан цефтриоксонда- 62, ципрофлоксацин- 53, цефозолин- 45 , цефуроксим-39, пеницилин-32 жоғары сезімталдық қасиеттері анықталды.
Қорытынды:
Зерттеу нәтижесинде Neisseria meningitides қоздырғышы штамының антибиотиктерге сезімталдық қасиеттері қан және мұрын жұтқыншаққа қарағанда, жұлын сұйықтығында жоғары көрсеткішті көрсетті. Менингококк қоздырғышының антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін салыстырмалы түрде анықтай отырып, тиімдісі цефтриоксан, ципрофлоксацин, цефозолин, цефуроксим, пеницилин препараттары екендігі дәлелденді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1.Гильманов А. Ж. Д-димер: Что? Как? У кого? С какой целью? // Клинико-лаб. консилиум. 2010. № 6 (31).
С. 38-46. - 2.Зенькова С. К., Семенов В. М., Скворцова В. В. Эпидемиологическая особенность гнойных менингитов и менингоэнцефалитов не менингококковой этиологии. В кн.: Актуальные аспекты военной медицины. Сб. научных трудов главного военно-медицинского клинического центра «ГВКГ» Украины. Киев, 2010, с. 147152.
- 3.Платонов А. Е., Николаев М. К. и др. Заболеваемость гнойными менингитами у детей в возрасте до 5 лет в регионах России // Жур. эпидемиология и инфекционные болезни. 2010, № 3, с. 11.
- 4.Шишов А. С., Григоревская У. Б., Гурьянов А. В. и др. Некоторые клинические особенности бактериальных инфекций с синдромом гнойного менингита // Журн. неврол. и психиат. 2011; 111: 4: 90-95.
- 5.Чувствительность менингокков к антибиотикам выбора //А.П.Кудин., г.В.Барановская., А.А. Астапов., Н.Л.Клюйно// Медицинские новости-2010-№3-с 60-63.