ЕЖ тұрғындар арасында кең таралған АГ емдеудің тиімділігін зерттеу болып табылады. Біздің зерттеу жұмыстарымыз Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған емханада жүргізілді. Күндізгі стационардағы АГ бар ЕЖ науқастардың карталарын ретроспективті анализдеу және сауалнама жүргіздік.АГ емдеу үшін науқастарға антигипертензивті препараттардың 5 тобын алып және муколитиктер, антисекреторлы, тамырлық дәрілік заттарды қосып пайдалану полипрагмазияға әкелді. ЕЖ науқастарды емдеуде халықаралық стандартқа сәйкес емді, қосымша патологияны ескере отырыптағайындаған жөн.
Кілт сөздер: егде жас, артериялық гипертензия, емдеудің тиімділігі, полипрагмазия.
Өзекті мәселелердің бірі егде жастағылар (ЕЖ) арасында артериялық гипертензия (АГ) өсуі болып табылады [1,2]. АГ-жүрек қантамырлары жүйесінің өте жиі таралған ауруларының бірі. Еліміздің статистикалық мәліметтер бойынша сонғы 10 жылда ЕЖ арасында АГ күрт өсіп келеді. Осыған байланысты геронтологиялық тұрғындарға ауруханаға дейінгі кезеңдегі көрсетілетін медициналық көмексапасы үлкен мәнге ие.
Зерттеудің мақсаты: ЕЖ тұрғындар арасында кең таралған АГ емдеудің тиімділігін зерттеу болып табылады.
Материалдар және әдістер. Біздің зерттеу жұмыстарымыз Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған емханада жүргізілді. Күндізгі стационардағы АГ бар ЕЖ науқастардың карталарын ретроспективті анализдеу жүргіздік.Науқастармен кездесіп сұрастыру жұмыстарын жасадық және науқастармен сауалнама (Опросник SF-36) жүргіздік. Біздің тексеруімізге 100 науқас алынды.Оның 57 әйел 43 ер адам,60 жастан жоғары (орта жасы 65). Өмір сапасының көрсеткіштерін бағалау (Опросник SF-36) көмегімен жүргіздік, антигипертензивті ем тағайындалғаннан бастап және 4 апта өткен соң. Науқастарға антигипертензивті ем тағайындалды. Ем тағайындалғаннан бастап және 4 апта өткен соң клинико-инструментальдық және лабораторлық зерттеу жүргізілді.
Нәтижелер және талқылаулар. Клиникалық көрінісінде астениялық белгілер 79% науқаста кездеседі. Әдебиет мәліметтеріне сәйкес [3] екінші кезекте жалпымилық құбылыстар 74%, ал үшінші орында ангинозды ауру сезімі 68%, АҚҚ көтерілуі 89%, ентігу 46%, құлақтағы шу 15%, ауа жетіспеу сезімі 20% көрініс береді. Біз бақылаған 100%науқастардың ішінен жиі кездескен клиникалық шағымдарының пайыздық көрсеткіші (1 сүрет).
Науқастардың анамнезінде көбісінде жүректің ишемиялық ауруы 54% және АГ 70%, ал 100 науқастың 16% ми қанайналымының жедел бұзылысымен аурып кеткен. Бұл жалпымилық симптомдардың клиникалық көрінісінде орын алатынын дәлелдейді [4]. Өмір анамнезінде 19% асқазан-ішек жолдарының және 23% зәр шығару жүйесінің аурулары кең өріс алған. Бұл берілген жүйелердің жастық өзгерістерімен, әрі осы жүйелерге жүктеменің тым артық болуымен түсіндіріледі. 9% науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің аса маңызды патологиясы болып табылатын семіздік және 2 типті қант диабеті кездеседі [6,7]. Біз бақылаған 100% науқастардың ішінен жиі кездескен ауруларының пайыздық көрсеткіші (2 сүрет).
Асқынулары-жалпы ми қанайналымының жедел бұзылыстары. Гемодинамиканың көрсеткіштері бойынша жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) орта есеппен 71 соққы минутына болса, ал артериальды қан қысымыныңорташа 131/83 мм.с.б.б. тең.ЭКГ нәтижесі бойынша 40% науқаста реполяризация үрдісінің бұзылыстары көрініс береді. Бұл өз кезегінде жүректің диастолалық қызметінің бұзылысын көрсетеді.ЖЖЖ мақсаттық деңгейі жеткіліксіз. Сонымен қатар, егер әдебиет көздеріне жүгінсек [8], науқастарда синустық брадикардия кездесетін болса, ал біздің науқастардың 25% керісінше синустық тахикардия орын алады. АГ емдеу үшін науқастар(58%) бета-блокаторларды, (33%) ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын және кішігірім сартандар мен диуретиктер (25%), кальций антагонистерін (30%) қолданған. Сонымен қатар, муколитиктер (5%) мен антисекреторлы (8%) және тамырлық дәрілік заттар (12%) пайдаланған. Бұл полиморбидтілікті көрсетіп қана қоймай, полипрагмазияға әкеледі.
Қорытынды.ЕЖ тұрғындарға АГ кезінде әр науқасқа жеке қарау мен егде жастағы полиморбидтілігін есепке алып дәрілік заттарды қолдану керек [8]. Ырғақты бақылайтын дәрілік заттарды кең көлемде қолданған жөн.Егде жастағы науқастардағы емдеуде дәрігер науқастың физиологиялық ,клиникалық ерекшеліктеріне қарай отырып ем қолдану қажет. ЕЖ науқастарды емдеуде халықаралық стандартқа сәйкес емді,қосымша патологияны ескере отырыптағайындағанжөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Андреева Л.С., Безденежная Л.П., Филатова С.А. Геронтология: оқулық. Феникс, Ростов н/Д, 5-ші басылым (СПО), 2009 г.- 510 б.
- Воробьева Т.Е., Куницына А.Я., Малеева Т.Ю. Гериатрия. Феникс, Ростов н/Д, 2009 г. - 152 б.
- Табеева Г.Р.,Азимова Ю.Э. Цереброваскулярные расстройства в пожилом возрасте //Практическая медицина.-2010.-№2-С.56.
- Тундыбаева М.К Кардиоцеребральное поражение у больных артериальной гипертонией.Автореф.на соиск.степени д.м.н... Алматы,2009 г. - С.42.
- Денисова Т.П.,Малинова Л.И. Клиническая геронтология «Избранные лекции».-М.:ООО Медиц. информационное агентство,2008-256 с.
- Zamboni M.,Mazzali G.,Fantin F.et al. Sarcopenicobesity:a new category of obesity in the elderly//Nutr.Metab Cardiovasc.Dis.2008.Vol.18.P.388.
- Габбасов З.А.,Козлов С.Г. Атеросклероз как проблема пожилого возраста//Клиническая геронтология.- 2008.-Т.14,№12-С.11.
- Ярыгин В.Н., Мелентьев А.С. Рук-во по геронтологии и гериатрии.Том 1.-М:ГЭОТАР-Медиа,2010.-439 с.