АННОТАЦИЯ
Қарағанды обылысының тұрғындар арасында қант диабетінің даму қауіп топтарын бағалау үшін FINDRISC сауалнамасы бойынша бірмезетті көлденең скринингтік зерттеу жүргізілді. Қарағанды облысының ауылдық және қалалық тұрғындары арасында FINDRISC градациясы бойынша қант диабеті дамуының төменгі қауіпі басым екені анықталды.
Кілт сөздер: қант диабеті, қауіп топтары, ауыл, қала, салыстыру.
Зерттеудің өзектілігі: Қант диабеті инсулиннің түзілуінің жеткіліксіздігі немесе инсулинге қатысты тіндердің сезімталдығының төмендеуінен гипергликемиямен көрінетін метаболиттік аурулар тобына жатады. Халық арасындағы мүгедектік пен өлім жағдайына алып келетін үштік аурудың бірі болып саналады.Сондықтан, осы жағдайды ескере отырып Қарағанды облысының Балқаш қаласы мен Жаңаарқа ауылдық аймағындағы тұрғындар арасында қант диабетінің даму қауіпін анықтау мақсатында скринингтік зерттеу бағдарламасы жүргізу.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Зерттеуге 2022 адам Қарағанды облысының қатыстырылды, қалалық1098 респондент (Балқаш қ.) және ауылдық 924 респондент(Жаңаарқа ауданы) тұрғындары арасында скрининг түрінде бірмезетті көлденең (кросс-секционды) зерттеу жүргізілді.
Зерттеуге респонденттерді қосудың келесі критерийлерді қалыптастырылды: 1) респонденттер жасы 18-65 жас қоса; 2) зерттеліп жатқан мемлекет аймағында отбасылардың соңғы бір жылдан кем емес уақыт бойы тұруы; 3) зерттеу уақытында респондентте жедел аурудың және созылмалы аурудың өршуіболмуы; 4) респонденттің қазақнемесе орыс тілін еркін меңгеру және зерттеуге қатысуға ақпаратты келісімінің болуы.Қатыстырылмау критерийлері: жүктілер, психикалық, ауыр неврологиялық аурулары бар адамдар.
Ерсектерде он жылдық кезең бойы қант диабетінің даму қауіпін бағалау үшін FINDRISC (FlNnishDiabetesRiskScore) пайдаланылды. Санау және ақпаратты ұсынудың ыңғайлығы үшін FINDRISC сауалнамасында алынған балдардың қорытындысын 5 градацияға бөлінді: 0 - қауіп жоқ, 1 - төмен (<7 балл), 2 - аздап төмен (7-11 балл), 3 - орташа (12-14 балл), 4 - жоғары (15-20 балл), 5 - өте жоғары (21 балл >).
Негізгі нәтижелер: Қарағанды облысының респонденттеріне сауалнама жүргізудің нәтижесі бойынша қант диабетінің даму қауіпі 156 адамда (0,7%) анықталмады және 1866 адамда (92,3%) анықталды: қауіпі төмен - 762 адам (40,8%), аздап төмен - 727 адам (39%), орташа - 206 адам (11%), жоғары - 156 адам (8,4%), өте жоғары - 15 адам (0,8%). Алынған мәліметтер ҚД әлемде таралу қарқындылығы бойынша болжамда ұқсас беталыстың болуына және алдын алу шаралараның мақсатқа сайлылығын меңзейді.
Жаңаарқа ауданында қант диабеті қауіпі 55 адамда (6%) анықталмады және 869 адамда (94%) анықталды, оның ішінде градация бойынша нақтылағанда: қауіпі төмен - 369 адам (42,5%), аздап төмен - 343 адам (39,5%), орташа - 85 адам (9,7%), жоғары - 67 адам (7,7%), өте жоғары - 5 адам (0,6%). Нәтижесінде, ауыл тұрғындары арасында қант диабеті дамуынының төмен қауіпі басым.
Балқаш қаласында қант диабетінің даму қауіпі 101 адамда (0,2%) анықталмадыжәне 997 адамда (90,8%) анықталды, қауіпі төмен - 393 адам (39,4%), аздап төмен - 384 адам (38,5%), орташа - 121 адам (12,1%), жоғары - 89 адам (9%), өте жоғары - 10 адам (1%).
Нәтижесінде, қалалық тұрғындар арасында қант диабеті дамуынының төмен қауіпі басым.
Қорытынды. 1. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы мен Балқаш қаласының тұрғындары арасында қант диабеті дамуының төменгі қауіпі 42,5% және 39,4%-ға сәйкес басым екені анықталды. 2. Ауыл тұрғындары арасында қалалық тұрғындармен салыстырғанда қант диабетінің дамуының төмен қауіпі 3,1% жоғарыболды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Ханова А. Ф., Тачкова О. А., Костин В. И. Распространенность факторов риска сахарного диабета у лиц с доклиническими нарушениями углеводного обмена// «Современные наукоемкие технологии».- 2005.- Выпуск№ 1.
- Шортанбаева Б.А. Сахарный диабет и факторы риска // Медицина-2010.- №7.- с. 114-115.
- Древаль А.В. Риск развития сахарного диабета 2 типа и острых сердечно-сосудистых заболеваний у пациентов с ранним нарушением углеводного обмена// Клиническая медицина .- 2012. №11.
- П.А. Фадеев. Сахарный диабет // М.: ООО «Издательство Оникс»:, 2009.-208 с.