АННОТАЦИЯ
Көп кездесетін қантты диабеттің асқынуы диабеттік табан синдромына алып келеді. Операция-дан кейін 13-20% летальдік жағдайға, 50%-дан көп жағдайда аяқ-қол мүшесінің ампутациясына алып келетін табан гангренасы қантты диабеттен туындайды. Бұл ірің-некрозды қабынған диабетті табан синдромы (ДТС) көбіне қарт адамдарда дамыған, яғни адаптация-функционалды мүмкіншілігі және өзін-өзі басқару- қозғалтқыштығы төмендеген адамдарда.
Кілт сөздер: Диабет, табан синдром, эпидемилогиялық анализ, ампутация, гангрена, ірінді некроз.
Мақсаты: Қарағанды аймағында диабеттік табан синдромынның таралуы және ерекшелігі.
Зерттеу әдістері мен материалдары: Зерттеу бойынша 2 өкілдік пациенттер тобын қалыптастырды: 57 зерттелген және 53 бақыланған адамдар. Топтарға диабетті табан синдромы және аяқ мүшесінің басқа қантты диабет этиологиясымен зақымданған 61-80 жастағы әйел және еркек науқастары кірді. Зерттеу методы салыстырмалы көрсеткіші бойынша статистикалық анализді көрсетті. Зерттеу Қарағанды толық индустрияланған қаласының 465мың тұрғын адамдарға толыққанды және таңдаулы методпен жүргізілді. Толыққанды зерттеулер 2011-2013 жылғы “№1 қалалық аурухана” мен “аудандық медицина орталықтарындағы” хирургиялық бөлімшелерінде іріңді-некрозды қабынған диабетті синдромы бойынша госпиталданған 110 науқастардың медициналық сырқатнамалар(история болезни) анализдері бойынша жүргізілді.
Нәтижелері: Эпидемиологиялық анализ. Қантты диабет түрлерінің таралуының зерттеулер бойынша 2011-2013жылдағы Қарағанды ауданының жалпы 1360664 адам тұрғынының 2012 жылға мынандай аурулар тіркелді: инсулинге тәуелді және инсулинге тәуелсіз қантты диабет, қантсыз диабет және басқа қантты диабеттердің түрлері. Қарағанды ауданы бойынша қантты диабеттердің ең көп таралған түрі: инсулинге тәуелсіз ДС. Бұл синдром 2012жылғы 23823 науқастарға тіркелген барлық ДС бойынша 90%-ын алған. Сонымен қатар 8%-ын инсулинге тәуелді 1996 адам және қалған 2%-ын қантсыз диабет және басқа қантты диабеттің түрлерін алды.
2013 жылғы 25344 науқастарға тіркелген инсулинге тәуелсіз қантты диабет 90%-ын алды; инсулинге тәуелді - 2161 - 7%, 2%-ын қантсыз диабет және басқа қантты диабеттердің түрлері алып жатты.
Қорытынды: Қарағандыдағы барлық ДТС нәтижелері бойынша алып келеді: сирақ ампутациясына, білезік ампутациясына, ампутация: 1 саусақтан артық, жаралануына (язвалану). Қарағанды ауданы бойынша 2011-2013жылғы табан диабеттік синдромына анализдеген соң ДТС таралуының артуына қорытынды жасасақ болады. Яғни 3 жыл аралығында ДТС-на шалдыққан науқастардың саны 4,6%-ға артты.