Алматы қаласы бойынша жоо студенттердің тамақтану деңгейін зерттеу және бағалау

АННОТАЦИЯ

Қазіргі таңда студенттер арасында аурулардың пайда болу көрсеткішінің жоғарылауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жұқпалы емес аурулардың студенттер арасында кең таралуы өмір жағдайына, тамақтануына, тамақтану режиміне, жүйке жүйесіне түсетін ауыртпалықтарға тікелей байланысты. Қазіргі таңда танымал болып отырған тағамның қай-қайсысының құрамында күмән бар, тағамның құнарсыз, толыққұнды болмауынан келесі ауқатқа тәуелді аурулардың келіп шығуына себеп болады: созылмалы гастрит, жүрек-қан тамыр аурулары, асқазан ойық жарасы, семіздік, жүректің ишемиялық ауруы, салмақ жетіспеушілік, гиперхолестеринемия, темір тапшылық анемиясы, өт-тас ауруларына және иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Кілт сөздер: студенттер, тамақтану тәртібі, ауқатқа тәуелді аурулар, дұрыс тамақтанбау.

«Тәуелсіздіктің туы - білімді ұрпақтың қолында», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мемлекетіміздің болашағы деп, жастарға үлкен сенім білдірді. Еліміздің жарқын болашағының кепілі - білімді, білікті жас мамандар, жастар. Жастарымыз дені сау, білімді, дүниеге сау ұрпақ әкелу үшін дұрыс тамақтанудың алар орны ерекше екенін түсіндіру.

Мақсаты:

  • Алматы қаласының ЖОО-ның студенттерінің тамақтану тәртібін зерттеу және бағалау;
  • Жастар арасында жұқпалы емес аурулардың көбеюіне байланысты зерттеу жұмысы студенттер арасында жүргізіліп, осындай аурулардың туындауының негізгі себебі - дұрыс тамақтанбау екенін түсіндіру.
  • Студенттердіңдұрыс тамақтанбауының себептерін анықтау;
  • Жүргізілген зерттеу бойынша қорытынды жасап, ұсыныстар беру;
  • Студенттердің салауатты тамақтану жөнінде ақпараттану деңгейін жоғарылату.

Зерттеу объектілері: ҚазҰМУ(100 студент); ҚазҰУ(100 студент); ҚазМемҚызПУ(100 студент);

ҚазҰТУ(100 студент); ҚазҰАУ(100 студент).

Зерттеу жұмысы кезінде анкеталық әдіс, антропометриялық әдіс және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері:

Студенттердің дұрыс тамақтану пирамидасы туралы ақпараттану деңгейі, %

Тез дайындалатын тағамдарды тұтыну деңгейі, %

Қорытынды:

  1. Сауалнама нәтижелері бойынша студенттердің дұрыс тамақтану пирамидасы туралы ақпараттану деңгейі С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жоғары екені (82%) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де төмен (45%) екендігі анықталды;
  2. Студенттер тамақтануында:
  • Тез дайындалатын тағамдарды жиі (39,8%) тұтынатыны, оның ішінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері - 56%, ал ҚазМемҚызПУ студенттері - 19% екені анықталды;
  • Майонезді (70,8%), тәтті сусындар мен тәттілерді (58,6%);
  • Тәбет ашатын дәмдеуіштерді (57,2%) жиі тұтынатыны, оның ішінде ҚазҰАУ - 80% және
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері - 33% екендігі мәлім болды;
  1. Зерттеу нәтижесі бойынша студенттердің тәуліктік тағам рационында жемістер мен көкөністердің өте аз мөлшерде тұтынатыны анықталды;
  2. Тамақтану тәртібін ҚазҰАУ - 29%, ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - 12% ұстанатыны анықталды;
  3. ҚазМемҚызПУ - 27%, ал С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің 15% универси-тет асханасында тамақтанатыны анықталды;
  4. ДСИ (Дене салмағының индексі) анықтау нәтижесінде: Салмақ жеткіліксіздігі - 16,4%. Қалыпты ДСИ - 82,2%. Артықшылық - 1,2%. Семіздік I дәреже - 0,2%.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Академик Төрегелді Шарманов: «Отандық өнімнің орны бөлек, отандастарым!» атты мақаласы. Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/02/03/48557
  2. http://qaznews.kz/t-sharmanov-karazhat-emdeuge-emes-aurudyn-aldyn-aluga-burylu-kerek.html
Жыл: 2015
Қала: Шымкент
Категория: Медицина