Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік Қазақстан облысында қатерлі жаңа түзілістер бойынша тұрғындар денсаулығын бағалау

АННОТАЦИЯ

Кешенді әлеуметтік-гигиеналық зерттеу нәтижесі ОҚО тұрғындарының онкологиялық аурулар бойынша біріншілік сырқаттылығы жоғары деңгейде қалыптасқандығын және оның негізгі себебі тұрғындар арасындағы егде жастағы тұлғалардың үлес салмағының артуы, аурулар диагностикасының жақсаруы және бұл аурулар бойынша санитарлық білімінің төмен болуы және онкопатологиялар жөніндегі сақтану сезімінің төмендігі екендігін көрсетті. Ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибелік ұсыныстар жасалды.

Кілт сөздер: жаңа түзіліс, онкопатология, ОҚО тұрғындары, біріншілік сырқаттану.

Зерттеудің өзектілігі. Онкологиялық аурулардың әлеуметтік-медициналық мәселелеріне арналған әдеби көздерді шолу, қатерлі ісікті ерте диагностикалауда қол жеткізген жетістіқтерге қарамастан Қазақстан мен ТМД, Орталық және Батыс Еуропа елдерінде аурудың асқынған түрлерімен (3-4 дәрежелі) ауыратын науқастар саны көбеюде екендігін көрсетті. Онкологиялық диспансерге алғаш рет ққаралған науқастардың 30-40%-да 2-3 дәрежелі онкопатология немесе алыстаған метастаз бар кезінде анықталады. Көбіне метастатикалық ісікпен ауыратын науқастар тобы, ісіктің визуальды локализациясының операбельді түрінен емделген, нәтижесінде шеткері метастаз дамыған науқастармен толығуда. Сондықтан аталған патологиядан болатын өлім көрсеткішін төмендететін қатерлі жаңа түзілістердің уақытылы диагностикасы онкологияда және сәулелі диагностикада өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Біздің зерттеу жұмысымыз ОҚО-ғы қатерлі жаңа түзілістердің біріншілік сырқаттанушылығын және таралуын зерттеу арқылы осы аурулардың профилактикасын жетілдіруге арналған ұсыныстар жасауға бағытталған.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда біз медициналық - статистикалық, социологиялық сараптау және математикалық модельдеу әдістеріне жүгіндік. Зерттеу материалдары ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық онколо- гиялық диспансерінің ОҚО бойынша түзелген «Қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттану туралы мәліметтері» (форма №7) статистикалық жылдық есебі және ОҚО аумақтық мемлекеттік статистика қызметінің мәліметтері қолданылды. 11 жыл аралығында (2004-2013) қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттанған әрбір науқас бақылау бірлігі болып есептеледі.

Қол жетізген негізгі нәтижелер. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының онкологиялық аурулардан туындаған өлім-жітім көрсеткішінің динамикасындағы даму бағыты зерттелді. Осы көрсеткіштің қалыптасуындағы жыныстық-жастық ерекшеліктерді зерттеу 0-49 жас аралығындағы ешқандайда айырмашылықтың жоқтығын көрсетті. 50-59 және 60 жастан жоғары топтағы ер кісілердің өлім-жітімі қала тұрғындарында нақты жоғарылайтындығы анықталды (р> 0,05). Ал әйелдер арасында керісінше өлім-жітім оқиғалары төмендеді. Жастық және өмір сүру ортасы (қала, ауыл) ерекшеліктері бойынша дисперсиялық сараптау, өлім-жітімнің басты себебі (90%-дан жоғары) тұрғындардың жасын- да екендігін айқындап берді. 2013 жылы ОҚО тұрғындарының қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттануы 100 000халықтың 382,6 құраған, ол Қазақстан Республикасы тұрғындарының сырқаттану деңгейінен 18,7% (364,20/0000) жоғары. Қазақстан Республикасында жүргізілген облыс тұрғындарының жалпы және жекелеген қалалар мен аудандар тұрғындары бойынша 5 жылдық (2009-2013) қатерлі жаңа түзілістерімен сырқаттану деңгейі динамикасының талдауы облыс тұрғындарының қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттануының анық өсу бағытын анықтады, жалпы 399,10/0000 -дан 432,20/0000-ге дейін өсу қарқыны 108,3% құрады. 2013 жылы Қазақстан Республикасында қатерлі жаңа түзілістердің 26416 оқиғалары алғаш рет тіркелді. Ал олардың 14817 оқиғасы ерлердің арасында анықталса, 11599 оқиғасы әйелдер арасында кездесіп отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,4% артқандығы байқалады. 2013 жылы Республика тұрғындарының қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттану деңгейі 100 000балап есептегенде 364,2оқиғаны құрады. Осы деңгей 2012 жылғы көрсеткіш деңгейімен салыстырғанда2,2%, ал 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,4%-ға жоғары екендігі байқалады. Қазақстанда 2011 жылғы алғаш рет тіркелген қатерлі түзелістердің стандартталған аурушаңдық көрсеткіші шамамен Ресейдегі қалыптас-қан (100000 тұрғынға балап есептегенде 199,7 оқиға) көрсеткішке сай келсе, АҚШ пен Германияда қалыптасқан көрсеткіштер деңгейінен анағұрлым жоғары (100 000 тұрғынға балап есептегенде 300 оқиға ).

Қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттанудың артуы мен жоғары деңгейі облыс бойынша онколо- гиялық жағдайдың ушығып тұрғандығын дәлелдейді. 2013 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100000 тұр- ғынның 432,2 жағдайын құрады және Республикадағыдан 18,7 %жоғары болды. Аурушаңдықтың өсу қарқыны облыста 2009-2013 жж. 108,3 % құрады.

Облыстың ауылдық аудандарында қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттану деңгейінің 2009-2013 жж. өсуі облыс қалаларына қарағанда 2,3 есе жоғары. Облыстың 3 қаласы бойынша 2009-2013 жж. орта есеппен қатерлі ісікпен сырқаттану деңгейі 114,5 %өскендігі байқалады.

Гендерлік талдау кезінде облыс бойынша ерлер арасында анықталған аурушаңдық үлесі 2000 ж. 48,4 % -дан 2010 ж. 45,6% болғаны анықталған. Ал, әйелдерде керісінше бағыт байқалады (2000 ж. 51,6% құраса, 2010 ж. 54,4%). 11 жыл аралығында облыс бойынша ерлер арасындағы онколгиялық аурушаңдық 15,5% құраса, ал әйелдерде - 25,8%, жалпы тұрғындар — 20,8%.

Облыс тұрғындарының 60 жастан егде жас топтарында қатерлі ісікпен сырқаттану жағдайының алғаш анықталғандар арасында 2/3 құрайды, оның ішінде егде жастағылар тобында орта есеппен ерлерде 66,7%, әйелдерде 63,1% келеді екен. Облыс бойынша барлық тұрғындардың қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттануын салыстырсақ егде жас тобында 3,5-3,6 есе жоғары. Көрсеткіштердің проспективті даму бағытын болжау нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының 60 жастан егде жас топтарында алдағы 15 жыл көлемінде алғаш анықталған қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттану жағдайының үлесі (2014-2027) 25% артады деп күтілуде.

Сонымен, 2003-2013 жылдары облыс тұрғындары арасында қатерлі жаңа түзілістермен сырқаттану деңгейі көрсеткішінің талдауы және ұзақ мерзімді болжам бойынша 2027 жылға дейін облыс территориясында медициналық-демографиялық үрдістердің даму бағытын ескере отырып, қаупі жоғары топтардың басымдығын анықтауға, аймақтық мүмкіндіктерді есепке ала отырып тұрғындардың жынысы мен жасына байланысты қатерлі жаңа түзілістердің алдын алуды жетілдіруге, ерте анықтауға, диагностика мен тиімді емдеуге бағытталған, мақсатты бағдарламаларды тәжірибеге ендіру мен құрастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мынандай тұжырымдар жасауға ұйтқы болды.

Тұжырым.

  1. ОҚО тұрғындарының онкологиялық аурулар бойынша біріншілік сырқаттылығы жоғары деңгейде қалыптасқан және оның негізгі себебі тұрғындар арасындағы егде жастағы тұлғалардың үлес салмағының артуы, аурулардың диагностикасының кеш қойылуы, тұрғындардың бұл аурулар бойын- ша санитарлық білімінің төмен болуы және онкопатологиялар жөніндегі сақтану сезімінің төмендігі болып табылады.
  2. Онкологиялық аурулар ер адамдарда әйелдерге қарағанда жоғары және жастық топтары ұлғай- ған сайын оның деңгейі еселеп өседі, олардың осы сырқатқа байланысты орташа өмір сүру ұзақтығы төмендеуде.
      1. Онкопатологиялардың алдын алуда санитарлық ағарту жұмысын арттыру, ерте скринингтік тексеруді ұйымдастыру, тұрғындардың медициналық беленділігін күшейту ерекше роль атқарады.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.