Қазіргі уақытта атеросклероз және оның асқынуымен байланысты, ЖИА және МҚА сияқты аурулар еңбекке қабілетті тұрғындардың арасында әлемнің көп елдерінің басты мәселесі болып отыр[1,2,3].Кейбір зерттеу материалдарына сүйенсек,соңғы 25 жылда магистралды қантамырларда тарылуы,зақымдалу аумағы мен жиілігі бойынша атеросклероздың өршу тенденсиясы байқалуда. Кейбір деректерде атеросклероздың жасаруы байқалуда. Әлемнің әртүрлі аймақтарында атеросклероз және ЖИА таралуы біркелкі емес,әсіресе экономикасы дамыған елдермен қала тұрғындары арасында жоғары көрсеткіш көрсетеді.
АҚШ, ОАР, Япония, Австралия, Канада, Финляндия және кейбір басқа елдерде ЖИА мен атеросклероздан қайтыс болғандар соңғы 10-20 жылда төмендеген,ал кейбір Греция,Швеция, Польша, Болгария, Испания,Югославия елдерінде керісінше жоғарылағаны байқалуда[4,5,6].Қазақстанда соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында қанайналым жүйесі аурулары ,тұрғындар арасындағы жалпы өлімнің негізгі құрылымын алады. Шымкентте атеросклерозды оқып үйрену өзектілігінде,кейбір этникалық топта атеросклероздың айқындығын оқып үйрену мүмкін екендігі,сонымен қатар атеросклероз дамуына олардың өмір сүру стилі,тамақтану ерекшеліктері тікелей әсер ететіндігі белгілі болуда.БДҰ ұсынған унифицирленген әдіс бойынша Шымкет тұрғындарының атеросклерозын зерттеу, басқа елдерден алынған мәлімет пен осы аймақтан алынған мәліметті мониторингті зерттеп жүргізу кезінде, нәтижелі сәйкестелінген мәлімет алуға мүмкіндік береді. Атеросклероз(АС)---ауыр клиникалық асқынуларға әкелетін,өте кең таралған аурулардың бірі. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде АС асқынуынан болған өлім-жітімде өсуде,жалпы өлімнің 75-85% құрайды.Бір сөзбен АС қазіргі медицинаның басты мәселесі болып отыр. Көпжылдық атеросклерозды зерттеулерге қарамастан, атеросклероздың асқынуы-ның морфогенезі әлі күнге дейін белгісіз болып қалуда.Түзілген атеросклероздық асқынудың қозғалысы,әсіресе фиброзды табақшалар,толығымен зерттелінбей қалуда[7,8].Сондай-ақ атеросклероз табақшаларында жиі некроздар мен кальциноз дамиды,бірақ осы процестердің патогенетикалық механизмінің дамуы толығымен айқын емес.
Материал және әдістер: Эпидемиологиялық зерттеу Шымкент қаласында ұйымдастырылып және жүргізілді.
Зерттеу үшін материалдар: Шымкент қаласы 300 қолқа және бүйрек артериялары алынды.Материал атеросклероздың клиникалық-морфологиялық түрлерінің асқынуынан,басқа аурулардан және сау адамдардан (зорлық-зомбылықтан өлген) аутопсия кезінде алынды.
Материал жинауға Облыстық патологоанатомиялық бюро, Оңтүстік Қазақстан сот медициналық сараптама бюросы тартылды.БДҰ әсер ету факторларының ұзақтығы,әлеуметтік жағдай әсерінен атеросклероз белгілерін ажыратпалы талдау үшін, жүрек қантамыр аурулары эпидемиологиясын оқып үйрену үшін тұрғындарды тұрғылықты және тұрғылықты емес түрлерге бөлуді ұсынды. Өлім себептеріне байланысты барлық түрлер 3 негізгі топтан тұрады: Атеросклероз ауруынан өлгендер. Дені сау адамдар(зорлық-зомбылықтан өлгендер) және жедел аурудан өлгендер. Өлім себебі қанайналым жүйесі ауруымен зардап шекпеген және зорлық-зомбылықпен байланысы жоқ.
Қолқаның май клетчаткаларын алғаннан кейін тұтасымен бөліп алып,қолқа кеңістігін артқы бетінен ашады және жуып картонға адвентициясын жапсырады,10% нейтралды формалин ерітіндісіне салады. Бүйрек артериясында осындай тәртіппен кесіп формалинге салады.2-3 күннен соң қолқа және бүйрек артериясын картонсыз арнайы пластик қапқа 10% нейтралды формалин ерітіндісіне фиксациялаймыз,нөмірлеп,бетін жабамыз.Қантамырларды изопропил спиртінде судан ІІІ ерітіндісінде бояйды.
Негізгі зерттеу әдісі атеросклероз дәрежесін визуалды-планиметрикалық бағалау болып табылады.Атеросклероз морфогенезін оқып үйрену үшін БДҰ ұсынған (10х2-3мм)өлшемде қантамырлардың стандартты бөлігінен кесіп алынады. Біреуі -парафинді құюға қолданылады,екіншісі-майға бояу үшін. Кесінді қалыңдығы 4-5микрон ,гематоксилин-эозин бояуымен боялған,Вейгерт әдісі -эластикалық талшық үшін, ШИК-реакциясы негізгі зат,глюкозааминогликандар үшін,майлар судан ІІІ пен анықталады.
Шымкент қаласы тұрғындарының қолқа және бүйрек артериялары атеросклерозының морфометриялық зерттеу нәтижелерін салыстыру. Алынған мәліметтерді өңдеу математикалық статистикалық әдіс бойынша жүргізіледі. Статистикалық көрсеткіштер анықталды:нақты стандартты деңгей орташа арифметикада р<0,05. Стьюдент критерии көмегімен салыстырмалы жиілік белгілері арасындағы айырмашылықтың статистикалық маңыздылығы анықталды. Нәтижелер және талқылаулар. Ең жас топта(20-29жас)атеросклероз анықталды.ФБ-лар ҚҚ(құрсақ қолқасы) 2есе жиі,КҚ(кеуде қолқасы)қарағанда кездеседі. Сондықтан атеросклероз әсіресе (қолқаның) 20-29 жаста басталатыны көрсетіліп отыр. Жасы ұлғайған сайын атеросклероз өршуі және асқынулары анықталуда.Атеросклероздың өсу жиілігі жастар арасында кездесуде.
Әдебиеттер
- 1.Абдуллаходжаева Д.Г. Патогенетические аспекты медикаментозной терапии облитерирующего атеросклероза гиполипидемическими препаратами: Дис. ... д-ра мед. наук. - Ташкент, 2003.- 314с 2.Алексеев В.П., Аргунов В.А., Жданов В.С. Атеросклероз аорты и коронарных артерий у мужчин, проживающих в Якутии (эпидемиологическое патологоанатомическое исследование) // Арх. пат. - 1989. -Т.51, №4. - С.29-31.
- .Балтаг Р. Анализ смертности от церебральных инсультов в Республике Молдова // Журн. неврол. и психиатр. -2002. -Вып.7. -С. 62-63.
- .Вихерт А.М., Жданов в.С., Матова Е.Е. Динамика развития атеросклеротических изменений в аорте и коронарных артериях у практически здоровых людей - Арх.патол. - 1970. -Т. 32, №2. - С. 44-50.
- .Изменения в течение атеросклероза, произошедшие за 25-летний период у мужского населения 9 городов СНГ стран Балтии - В.С. Жданов, А.М. Вихерт, И.Е. Галахов и др. // Тер. Арх. - 1995. -№1. -С. 26-30.
- .Ишемическая болезнь сердца, атеросклероз, факторы риска и питание в популяциях мужчин с разной степенью неблагополучия эпидемиологической ситуации / В.В. Константинов, Г.С. Жуковский, В.С. Жданов и др. // Кардиология. -1996. -Т.36, №36, №11. -С.54-58.
- . «Атеросклероз - результат старения липидов» К.П.Ошакбаев, А.Ш. Сейсенбаев, Л.М. Зинбаева, Б.С. Оскенбаева // CONSILIUM, №1, 2010г
- . «Патология коллагеновых волокон в атеросклеротических бляшках в коронарных артериях при ишемической болезни сердца» В.С. Жданов, С.П. Веселова, И.П. Дробкова, И.Е. Галахов. // Морфология 2007- №5.