Кіріспе:Өкпенің обструктивті ауруы, түптеп келгенде — тыныс алудың нашарлауы, тыныс жүйесінің ауа өткізу қабілетінің төмендеуі. Оған шалдыққан кісінің дем алуы күннен күнге қиындайды. Ең қиыны, өзгерістердің қалпына келу мүмкіндігі өте аз. Өйткені бұл кесел ұзақ жылдар бойы қолқада, өкпеде түзіледі. Бұл дертке, әсіресе 15-20 жыл темекі шеккендер жиі ұшырайды. Ұзақ та жиі шеккен темекі түтіні мен зиянды шаң-тозаң өкпенің, қолқаның төменгі шырышты қабығын зақымдайды.
Осы өзгеріс тыныс алуды қиындатып, тінде көмір қышқыл газы жиналып қалады. Бұл өкпенің жұмысын әлсіретіп қана қоймай, соған қоса, жүрек-қан тамырларына залал келтіреді. Жүректің оң жақ құлақша мен сол жақ қарыншасы ұлғайып, аса ауыр жағдай туындайды. Сырқаттың басты белгілері — жөтел, қақырық тастау, ентігу, демалыстың нашарлауы, ауа жетіспеуі, жүрек соғуы болып табылады. Зерттеу мақсаты:Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ағымын, жүргізілген емнің нәтижесін бағалауы мен оңалтуды бақылауда ұстау үшін Британдық медициналық зерттеу кеңесінің (ӨСОА бойынша Ғаламдық ынталы топ ұсынатын (GOLD, 2011) бағалау сынағын CAT(COPD Assessment Test)диагностиkада тиімді қолдану.
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының төрт сатысы бар. Оларды өкпенің бір секунд ішіндегі дем шығару көлемін спирометрді қолданып өлшейді.
Материал және тәсілдер. Бұл зерттеуге ӨСОА-сы бар 50 науқас тартылды. Олардың 35 ер кісілер болса, 15 әйелдер және олардың жасы 20-дан 60 жылдың арасында орналасқан. Ал науқастану ұзақтығы 1 жылдан 20 жылға дейін созылған болып шықты. Науқастардың жүргізілген емнің нәтижесін бағалауы мен оңалтуды бақылауда ұстау үшін8 пунктен тұратын сұрақнама ұсынылады. Сұрақнама сұрақтары науқастың денсаулығына және күнделікті өмір сүруге әсер ететін ӨСОА -ның әсері көрсетіледі. Әр бір бөлім бесбаллдық шкаламен бағаланды. Науқастар өз денсаулығын дұрыс бағалап белгі қойып отырды. Сұрақнама жүргізіп отырған мед.қызметкері баллдарды көрсетіп отырады.
Ешқашанда жөтелмеймін
Үнемі жөтеліп жүремін.Кеудемде мүлдем қақырық жоқ.Кеудем қақырыққа толы.Демім тарылғанды мүлдем сезбеймін.Демім қатты тарылғанын сеземін.Төбешікке шыққанда немесе баспалдақпен бір қабат жоғары көтерілгенде ентікпеймін. Төбешікке шыққанда немесе баспалдақпен бір қабат жоғары көтерілгенде қатты ентігемін. Кез келген үй жұмысын орындауға шамам жетеді.Үй жұмыстарын орындауға онша шамам жетпейді.Өкпемнің жағдайына қарамастан, үйден емін-еркін шыға беремін. Өкпемнің жағдайына байланысты, үйден емін-еркін шыға бермеймін.Ұйқым тыныш.Өкпемнің жағдайына байланысты тыныш ұйықтай алмаймын.Күш қуатқа толымын. Күш қуатым мүлдем жоқ. Қорытынды:Жүргізілген сұрақнама нәтижелері соңында есептеліп жалпы балл шығарылды. 0 - 10 балл - 8 науқастың өміріне ӨСОА-ның шамалы әсер етуі. 11 - 20 балл -12 науқастың өміріне ӨСОА- ның әлсіз әсер етуі. 21-30 балл - 13 науқастың өміріне ӨСОА-ның күшті әсер етуі. 31 - 40 балл -17 науқастың өміріне ӨСОА-ның аса күшті әсер етуі. Сонымен,CAT(COPD Assessment Test) бағалау сынағын қолдану арқылы өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастардың ауырлық дәрежесін диагностикалауда тиімді.