Аннотация
Дәрілік өсімдіктердің терапевтикалық құндылығы, олардың құрамына кіретін, организмде жүретін биологиялық процестерге әсер етуге қабілетті, биологиялық белсенді заттармен және сол заттардың дәрілік түрімен анықталады.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика аккадемиясының «Дәрілер технологиясы» кафедрасында дәрілік өсімдік шикізаттарынан және фильтр - пакеттерден алынған сулы сығындыларды зерттеу жүргізіліп жатыр. Зерттеулерімізде фильтр - пакеттерден алынған сулы сығындылардың әсер етуші заттарының концентрациясы дәрілік өсімдік шикізаттарына карағанда төмен екендігі анықталды [1, 2]. Дәрілік өсімдік шикізаттары сулы сығындылардың фармакологиялық әсері шикізаттан тұнбаға өтетін биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) барлық жиынымен анықталады. Бұл жұмыста дәрілік өсімдік шикізатындағы және фильтр-пакеттегі, биологиялық белсенді заттары аскорбин қышқылы болып табылатын итмұрын жемістерін салыстырмалы зерттеу жүргізілді.
Кілт сөздер: итмұрын жемістері, дәрілік өсімдік шикізаты, фильтр -пакет, аскорбин қышқылы.
Зерттеудің мақсаты: итмұрын жемістеріндегі аскорбин қышқылын салыстырмалы анықтау.
Зерттеу объектілері: итмұрын жемістері дәрілік өсімдік шикізаты және фильтр-пакеттері.
Фильтр - пакеттерге оралған және шикізаттағы аскорбин қышқылын анықтауда титриметриялық әдіс қолданылды, титрант ретінде 2,6 - дихлорфенолиндофенолят натрий қолданылды [3, 4].
Итмұрын жемістерінің шикізаттағы аскорбин қышқылын анықтау әдістемесі: ірі майдаланған өсімдік шикізатының 20 г алып фарфор келіге салып, жайлап 300 мл су қоса отырып шыны ұнтақпен (шамамен 5 г) жақсылап ұнтақтап, 10 минут тұндырамыз. Кейін қоспаны араластырып, сығындыны сүземіз. Сыйымдылығы 100 мл конустық колбаға 1 мл алынған фильтратты 2% 1 мл хлорсутек қышқылы ерітіндісін, 13 мл су құйып, араластырып, 30 - 60 секунд бойы жойылмайтын алқызыл түс пайда болғанға дейін 2,6 - дихлорфенолиндофенолят натрий (0,001 моль/л) ерітіндісімен титрлейміз. Титрлеу 2 минуттан көп емес уақытқа созылады.
Итмұрын жемістерінің фильтр - пакеттеріндегі аскорбин қышқылын анықтау әдістемесі: 2 г фильтр - пакеттер (ФП) үшін 10 фильтр - пакеттің ішкі бөлігін алып фарфор келіге салып, жайлап 300 мл су қоса отырып шыны ұнтақпен (шамамен 5 г) жақсылап ұнтақтап, 10 минут тұндырамыз. Кейін қоспаны араластырып, сығындыны сүземіз. Сыйымдылығы 100 мл конустық колбаға 1 мл алынған фильтратты 2% 1 мл хлорсутек қышқылы ерітіндісін, 13 мл су құйып, араластырып, 30 - 60 секунд бойы жойылмайтын алқызыл түс пайда болғанға дейін 2,6 - дихлорфенолиндофенолят натрий (0,001 моль/л) ерітісімен титрлейміз. Титрлеу 2 минуттан көп емес уақытқа созылады
Шикізаттағы және фильтр - пакеттегі абсолютті құрғақ шикізатқа есептегендегі (Х) аскорбин қышқылының пайыздағы мөлшері формула бойынша есептелінді:
_ v • 0.000088 • 300 • 100 • 100
x m • 1(100-w)
Мұнда: 0,000088 - 1 мл 2,6 - дихлорфенолиндофенолят натрий (0,001 моль/л) ерітіндісіне сәйкес келетін аскорбин қышқылы мөлшері;
V - миллилитрмен титрлеуге кететін 2,6 - дихлорфенолиндофенолят натрий (0,001 моль/л) ерітіндісінің көлемі;
M - грамдағы шикізат массасы;
W - пайыздағы шикізатты кептіруде масса шығыны %.
Фильтр - пакеттердегі және дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарының салыстырмалы зерттеу нәтижелері 1 - кестеде келтірілген.
Кесте 1 - Фильтр - пакеттердегі және дәрілік өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттарының
салыстырмалы зерттеу нәтижелері
Шикізат атауы |
Аскорбин қышқылы |
|
Итмұрын |
өсім. шик. |
0,270±0,065 |
жемістері |
ФП |
0,152±0,048 |
1 - кестеде келтірілген нәтижелер көрсеткендей итмұрын жемістеріндегі аскорбин қышқылының құрамы өсімдік шикізатында фильтр - пакеттерге қарағанда 1,78 есе көп. Алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу жүргізілді.
Кесте 2 - Фильтр - пакеттегі және дәрілік өсімдік шикізатындағы аскорбин қышқылының
сандық анықталуына метрологиялық сипаттама
Шикізат атауы |
Метрологиялық сипаттамалар |
|||||||
n |
Хср |
Sx |
АХср |
Pf |
Хср±АХср |
Еср,% |
||
Итмұрын жемістері |
өсім. шик. |
7 |
0,27 |
0,01336 |
0,03535 |
2,45 |
0,27 ± 0,0327 |
9,30 |
Ф.п. |
0,152 |
0,01001 |
0,0265 |
0,152± 0,048 |
9,00 |
Итмұрын жемістерінің фильтр пакеттеріндегі және дәрілік өсімдік шикізатындағы аскорбин қышқылың сандық құрамының жіберілетін ауытқу шектері фильтр пакеттер үшін ±9,00%, ал дәрілік өсімдік шикізаттары үшін ±9,30% ие болып, өңделген әдістің сенімділігін бекітеді (2 - кесте).
Алынған мәліметтерді талдап, екі дәрілік түр сапасы бойынша бірдей емес деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан фармакологиялық әсері де бір - бірінен айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Қорытынды: Итмұрын жемістеріндегі аскорбин қышқылының құрамы өсімдік шикізатында фильтр - пакеттерге қарағанда 1,78 есе көп.
Алынған мәліметтерді талдап, екі дәрілік түр сапасы бойынша бірдей емес деп қорытынды жасауға болады. Сондықтан фармакологиялық әсері де бір - бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Анарбаева Р.М., Сейтова Ж.Д.. Изучение дисперсности лекарственного растительного сырья в фильтр - пакетах // В материалах межд. науч.-практ. конф. "Фармацевтическое образование, наука и производство - ориентир на стратегию "Казахстан-2020". Посвещенная 35 летию Южно-Казахстанской государственной фармацевтической академии. 23-24 октября, 2014. - Шымкент. -2014.- Т. 3 - С. 136-138.
- Анарбаева Р.М., Сейтова Ж.Д.. Изучение действующих веществ в лекарственном растительном сырье и фильтр - пакете // В материалах межд. науч.-практ. конф. «Актуальные проблеммы фармации и медицины» 29 мая, 2015. - Шымкент. -2015.- Т. 2 - С. 25-27.
- Государственная фармакопея СССР.- XI изд.- Выпуск 2.- М.: Медицина, 1989. - 295-296 б.
- Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.ІІ. - Алматы: Издательский дом «Жібек жолы», 2008. -705 б.