Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Итмұрын жемістерінің тұнбасынан лиофильденген құрғақ экстракт алу технологиясын жасау

Аннотация

Итмұрын жемістері медицинада көне заманнан бері қолданылып келе жатқан дәрілік өсімдік шикізаты. Итмұрын жемістерінің құрамында аскорбин қышқылының көп мөлшері болады. Тұнбаларды кептіруде лиофильдеу әдісін қолдану арқылы биологиялық активті заттары толығымен сақталған құрғақ экстракт алуға болады, яғни сапалы, қауіпсіз және фармакологиялық әсері өте жоғарғы дәрілік препарат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, қазіргі уақытта лиофильді кептіру әдісін қолдануға қызығушылық артуда.

Кілт сөздер: итмұрын жемістері, тұнба, лиофильді кептіргіш, құрғақ экстракт.

Кіріспе. Қазіргі уақытта дәрілік өсімдік шікізаттары кеңінен қолданылуда. Фармацевтика ғылымының орасан зор жетістіктеріне қарамастан ДӨШ-ынан алынатын дәрілік заттар өз орнын жоғалтқан жоқ. Дәрілік өсімдік шікізаттарынан алынған экстрактары әр түрлі дәрілік түрлердің құрамына енеді [1].

Итмұрын - бұталарының сырты жылтыр, қызғылт немесе қалың майысқақ қос-қостан тікендер басқан, биіктігі 2 метрге жететін бұталы өсімдік. Жапырақтарының астыңғы жағы қалың түкті. Жемістері домалақ, әжімді, ішкі беті ашықтау, қылшықты түкті болып келеді [2]. Жемістерінің ұзындығы - 0,7-3см. Гүлдеу мерзімі - мамыр және маусым айлары, жемістерін тамыз-қыркүйек айларында жинайды. Орманды жерлерде, бұталар арасында, шалғындарда, өзен жағаларында, тасты шатқалдарда өседі. Жемісі, тамыры және жапырағы дәрілік өсімдік шикізаты ретінде қолданылады. Итмұрын жемістері құрамында аскорбин қышқылының жоғарғы мөлшерде болуымен ерекшеленеді[3]. Итмұрын жемістерінің тұнбасы Тибет медицинасында ревматизмде, өкпе туберкулезінде, ревматизмде, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларында, монғол медицинасында бас ауруларында, бас айналуда қолданған. Ал халық медицинасында жапырақтарының қайнатпасы мен тұнбасы гиповитаминозда, әр түрлі инфекциялық ауруларда, күйіктерде, атересклерозда гемофилияда, анемияда, тұмаудың алдын алуда, өт айдайтын және жалпы нығайтқыш ретінде қолданған. Тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Итмұрын дәрілік өсімдік ретінде көнеден белгілі [4].

Итмұрын жемістерінен «Холосас», «Итмұрын майы», «Итмұрын шырыны» және т.б. дәрілік түрлер дайындалады [3].

Үй жағдайында тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау кезінде әр түрлі қиындықтар туындайды Лиофильденген құрғақ экстрактарды алу осы қиындықтарды болдырмаудың бірден бір жолы болып табылады. Сондықтан да, белгілі бір білім мен дағдыны қажет ететін операцияларды науқастар үшін жеңілдету фармацевтикалық технологияның актуальді мәселесі болып отыр.

Материалдар және әдістер.

Итмұрын жемістерінен тұнба дайындаудың технологиясы.

Тұнба 1:10 қатынасында дайындалады. [2,6]. Өсімдік шикізатының (итмұрын жемістерінен) массасын және керекті су мөлшерін өлшеп аламыз.

Тұндыруға қажетті судың мөлшерін есептеу формуласы:

Vcy - V4Hea + (Pшикізат • K)

мұндағы: Vcy - қажетті су көлемі, мл

Vi-ұнба - сығынды көлемі, мл Ршикізат — шикізат салмағы, г К - су сіңіру коэффициент! [2].

Кептірілген итмұрын жемістері үшін су сіңіру коэффициент! - 1,1.

Vcy = 500+1,1*50= 555 мл (тазартылған су)

Шикізатты инфундиркаға салып, алдын ала есептелінген тазартылған су мөлшерін құйып, қайнап тұрған су моншасында 15 минут бойы қыздырады, процесстің жақсы жүруі үшін жиі араластырып тұрады.

Белгіленген уақыт біткен соң инфундиркалық стаканды су моншасынан шығарып, бөлме температу-расында 45 минут бойы тұндырады (салқындатады). Салқындаған тұнбаны мақта тампоны немесе дәке көмегімен сүзіп, сығындайды және көлемін өлшейді [5].

Сығындау нәтижесінде өзіне тән иісі бар, қоңыр түсті 510 мл итмұрын жемісінің тұнбасы алынды.

Зерттеудің келесі сатысында лиофильденген құрғақ экстракт алу мақсаты қойылды.

Лиофильді кептіру (сублимациялық) - кептірілетін заттарды мұздатып, вакуум астында ерітінділерді айдау процессі жүретін кептірудің заманауи әдісі.

Лиофильді кептіру кезінде құрғақ экстракт құрамындағы қажетті заттар толығымен сақталады. Лиофильді кептіру әдісінің артықшылықтары:

  • алынған дайын өнімнің сақтау мерзімінің ұзақтығы;
  • өнімнің кіші массасы;
  • кептірілген материалдың фармакологиялық құндылығының толығымен сақталуы;
  • ылғалдау кезінде кептірілген материалдың тез қалпына келуі.

Тұнбаларды лиофилизациялау технологиясы.

Итмұрын жемістерінің тұнбасынан құрғақ экстракт алу лиофильді кептіру әдісі арқылы Hetto PowerDry PL 6000 лиофильді кептіргішінде жүргізілді.

Алынған тұнбалар -92 0С-қа дейін мұздатылады. Тұнбаны арнайы ыдысқа құйып сублиматорға (1) орналастырамыз. Сублиматорды (1) берік, тығыз етіп жабамыз. Вакуум-насосты (7) кейін, компрессорлы мұздатқышты қосамыз. Газ күйінде болатын төмен температуралы жылу тасмалдағыш компрессордың (4) көмегімен буландырғыштан (5) жойылады да, конденсаторға (8) келіп түседі. Мұнда мұздатылған ирек қабырғаға будың жанасуы жүреді. Процесс нәтижесінде будың конденсациялануы жүреді. Конденсацияланған бу дроссельді винт (6) арқылы өтіп, буланады.

Өнімді кептіру кезінде қысым 100 hPa-ға тең болуы керек. Лиофильді кептіру 7 сағат бойы жүргізіледі.

Тұнбаны лиофильді кептіру нәтижесінде ашық қоңыр түсті, жеңіл, аморфты құрғақ экстракт алынды. Құрғақ экстрактың салмағы 6,28 грамм.

Алынған лиофильді экстракт «көпіршіктенетін» таблеткалар алу үшін жартылай өнім болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Б.Н. Головкина. Биологически активные вещества растительного происхождения, Москва: «Наука» - 2001.- Т1. - 368 бет.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы 2-том, 705 бет.
  3. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Қадишаева Ж.А. «Фармакогнозия». Шымкент. - 2011. - 91, 92, 319 бет.
  4. Аносова О.Г., Попов Д.М., Лекарственные растения тибетской медицины. Род. Бузина. - Улан- Уде.: 1996. - 83 бет.
  5. Муравьев И.А. Технология лекарств том 1, Москва: «Медицина»- 1980. - 351-353бет.
  6. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы, Шымкент. - 2008. - 221, 234, 239-240 бет.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.