Аннотация
Соңғы жылдары фармацевтика саласында қолданылуы ыңғайлы, әсері эффективті дәрілік заттар түрлерін өндіру үлкен қызығушылық туындатуда.
Пластырьлер - дене температурасында жұмсарғаннан кейін теріге жабысып қалатын қабілеті бар сырт тәнге қолданылатын дәрілік түр. Олар теріден оңай ажырап, із қалдырмайды. Бұл бүкіл дүние жүзінің Фармакопеяларына енген өте ескі дәрілік түрлердің бірі. Сұраныстың талабына сәйкес ауырсынуды басатын және тыныштандырғыш әсерлі дәрілік түрлер кең қолданысқа ие болып отыр.
Кілт сөздер: тыныштандырғыш пластырьлер, тез әсерлі пластырьлер.
Кіріспе. Пластырьлер қолдануға ыңғайлы, пластырьлерді барлық үйдің дәрілік қобдишасында кездестіруге болады. Яғни, кең қолданысқа ие.
Негізі матадан жасалған медициналық пластырьлер - әртүрлі жараларды таңуға, фиксациялауға таптырмас құрал, себебі оның негізінің жара бетіне «ауа өткізу» қасиеті бар. Жара бетінде сулы тері болмайды және оны бірнеше күн қатарынан пайдалануға болады. Полимерлі негіз өзінің әмбебап қолданылуымен, ылғалға төзімділігімен және төмен бағасымен құнды.
Пластырь ашық түсті материалды, астыңғы жағында жабысқыш қасиет көрсететін массадан тұрады. Жабысқыш масса тері қабатына тиген кезде ол жұмсақ түрге ауысып, теріге жабысады.
Пластырьлер кішкене көлемді, жеке қорапшаларда, көлденең сызықты түрде шығарылады. Құны қолдану көрсеткішіне, дәрілік құрамына байланысты болады.
Сонымен қатар пластырьлерлер құрамында пластырьлік негіз құрамына енгізілген дәрілік заттар, антиоксиданттар болуы мүмкін.
Медициналық пластырьлер кең ауқымда қолданылады. Ерекшелігі қандай мақсатта қолданылуында. Олар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, хирургиялық, трансдермальды және т.б. мақсатта қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, қолданылуы да әр түрлі.
Қазіргі таңда медициналық пластырьлердің кең түрлері қолданылады. Солардың бірі Ресей Федерациясының АОҚ «ВЕРОФАРМ» кәсіпорнының «Унипласт Фиксирующий» пластырьлері. Бұл пластырьлер гипоаллергенді, жеңіл кесіліп, жарақат бетін таңу үшін қолданылады. Сонымен қатар, ауырсынуды басатын әсерлі Швейцария мемлекетінің «Новартис Консьюмер Хелс СА» кәсіпорнының «ВОЛЬТАРЕН®» пластырьлері. Негізгі әсер етуші зат: диклофенак натрий 15 мг (1%) Көмекші заттар: левоментол 22,5 мг, метилпирролидон 60,0 мг, май қышқылдарының пропиленгликольды эфирлері 30,0 мг, лимон қышқылы 6,0 мг, изопренстирол сополимер 536,1 мг, полиизобутилен 30,0 мг, эфизирленген камедь 300,0 мг, меркаптобензимидазол 3,7 мг, бутилгидрокситолуол 3,7 мг, сұйық парафин 1500,00 мг; полиэстердің негізі (50 den) 70 см2; полиэстерден жасалған қорғаныш қабығы (қалыңдығы 75 мкм) 70 см2.
Буын ауруларында қолданылатын Ресей Федерациясының АОҚ «ВЕРОФАРМ» кәсіпорнының «Доктор Перец» бұрышталған пластырьі құрамы - бұршаққынды бұрыштың 8% қою экстрактысы, 106
итжидек 0,6% қою экстрактысы, 0,6% арника тұндырмасы, 22% табиғи каучук, канифоль, сусыз ланолин, вазелин майынан тұрады. Тыныштандырғыш пластырьлер құрамына сасықшөп, түймедақ гүлдері, жұпаргүл және бұрыш жалбызы экстрактысынан тұрады.
Медициналық пластырьлер өндірісінің кеңдігін талдап, құрамында дәрілік өсімдік щикізаттарының құрғақ экстрактысы енгізілген, ауырсынуды басатын және тыныштандырғыш әсерлі пластырьлер алу негізделді. Ал табиғи эфир майлары орталық жүйке жүйесін тыныштандыру және қалыптастыру қасиетіне ие.
Медициналық пластырьде эфир майлары гель қабатты матрицада болады. Пластырь дене температурасы қатысында тері қабатына жанасқан кезде эфир майлары пластырьлік матрицадан шығып, буланып, тері және дем алу жолдары арқылы ағзаға әсер етеді.
Сасықшөп шөбі экстракты құрамында 0,08-0,34%-ке дейін флавон гликозидтері, рутин, кварцетин, апигенин кездеседі. Экстракттың фармакологиялық әсері: ұйықтатқыш және ауруды басу әсерін күшейтеді.
Бұрышты жалбыз ұзақ әсерлі тыныштандырғыш қасиеті бар, қан айналымды жақсартатын, дем алу, жүйке жүйесін тыныштандыру, шаршауды басу қасиеті бар. Бұрышты жалбыз экстракты анальгетикалық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
Долана гүлдері мен жемістері экстракты құрамында үштерпенді қышқылдар, флавоноидтар және гиперозид бар.Долана экстракты артериалдық қысымды түсіреді, эффективті табиғи тыныштандырғыш әсер көрсетеді.
Түймедақ гүлдерінің гүл шоғырынан дайындалған препараттары қабынуға, қан тоқтатуға, ауруды басатын және тыныштандырғыш, тырысуға қарсы әсер көрсетеді. Құрамында эфир майлары, хамазулен, кадинен, терпендер, сонымен қатар спирт, флавоноидтар, қышқылдар, лактондар дәрумендер бар. Жұпаргүл шөбі экстракты құрамында 1-2% эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, флавоноидтар бар, эфир майының құрамында ароматты фенолдар (тимол, корвакрол) еркін спирттермен геранилацетат кездеседі. Фармакологиялық әсері тыныштандырғыш, жүйке жүйелерін қалпына келтіруде эффективті әсер көрсетеді.
Пластырьді дайындаудың арнайы технологиясы эфир майларының ағзаға зиян тигізбей ұзақ уақытка белгілі концентрацияда әсер етуді қамтамасыз етеді.
Пластырь тек сырт тәнге қолдануға арналған. Пакетті ашыңыз, пластырьді алып, қорғаныс қабатын алып, пластырды жабысқыш жағымен теріге (тері міндетті түрде таза және құрғақ болуы тиіс) фиксациялаңыз. Пластырь 8 сағат аралығында қолданылады. Әр пластырь бір рет қолдануға арналған. 1 тәулікте 2 пластырьден қолдануға болады.
Талқылау.
Қорытынды. Қазіргі таңда медициналық пластырьлердің қолданылу аясы кең, үй жағдайында қолдануға ыңғайлы және жанама әсері төмен екенін ескеріп,сонымен қатар, дайындау технологиясы жеңіл болатын, жоғарғыда аталған құрамды пластырьлерді дайындау жолдарын қарастырдық.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия: Учебник. - 4-е изд. - М.: Медицина, 2007. 529-534 б
- Кондратьева Т.С., Иванова Л.А. Технология лекарственных форм. Том 2 509-517 б
- И.Н. Сокольский, И.А. Самылина, Н.В. Беспалова «Фармакогнозия» Москва 265, 336, 341, 308 б
- Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Шымкент, -2011ж, 104, 119, 130, 297 б