Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лиофильді кептіру әдісімен экстракт алу мүмкіндігін зерттеу

Аннотация

Заманауи фармацияның негізгі міндеттерінің бірі - өсімдік текті жаңа дәрілік құралдар қатарын көбейту. Қазіргі кезде өсімдіктерден жеке түрде табиғи биологиялық белсенді заттар (ББЗ) - алкалойдтар, витаминдер, сонымен қатар галендік және жаңа галендік препараттар алынады. Дәрілік өсімдіктер және олардан алынатын фитопрепараттардың синтетикалық препараттарға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Яғни, асқазан ауруларын емдеуде антибиотиктермен және синтетикалық өнімдермен қатар, қазіргі таңда фармакологиялық әсер ету спектрі кең, токсикалық әсері төмен және жанама әсері жоқ, ұзақ әсер ету мүмкіндігіне ие дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар кеңінен қолданылуда.

Жұмыстың мақсаты: шайқурай шөбі, түймедақ гүлдері, ащы жалбыз, итбүлдірген жапырағынан тұнба алу, алнған тұнбалардан лиофильді кептіргіш арқылы құрғақ экстракт алу.

Кілт сөздерэкстракт, тұнба, ащы жалбыз, түймедақ гүлдері, шайқурай шөбі, итбүлдірген жапырағы.

Материалдар мен әдістер.

Дәріхана және үй жағдайларында өсімдік шикізатынан тек қана қайнатпалар мен тұнбалар дайындалады. Құрамында эфир майлары бар, зерттеуге алынған дәрілік өсімдіктер қатарына - ащы 108

жалбыз, шәйқурай шөбі, түймедақ гүлдері жатады. Құрамында эфир майлары бар өсімдік шикізаттарынан тұнба дайындалады. Эфир майының максималды мөлшерін сығындылау үшін қақпағы тығыз жабылған инфундиркалық аппаратта араластырмай тұндырады.

Түймедақ гүлдерінен 500 мл тұнба алу қажет. Тұнба 1:10 қатынаста дайындалады.

Тұндыруға қажетті судың мөлшерін келесі формула бойынша есептеледі:

Инфундирлік стаканға 50 г 5 мм-ге дейін жаңадан майдаланған түймедақ гүлдерін салып, 670 мл тазартылған суды қосып, тығыз жауып су моншасында 15 минут тұндырады. Бөлме температурасында 45 минут салқындатып, екі қабат дәке арқылы сүзіп, шикізатты сығады. Қажет болған жағдайда көлемін 500 мл дейін сумен жеткізеді.

109

Құрамында иілік заты бар итбүлдірген жапырағынан 500 мл тұнба алу қажет. Тұнба 1:10 қатынаста дайындалады. Тұндыруға қажетті судың мөлшерін келесі формула бойынша есептеледі. Итбүлдірген жапырақтары үшін су сіңіру ( Кс) коэффициент! 1,5 - ке тең.

Vcy = Үіұнба + (Ршикізат • Kc) = 500+(50 • 1,5) = 575 мл су

Инфундирлік стаканға 50 г 5 мм-ге дейін жаңадан майдаланған түймедақ гүлдерін салып, 575 мл тазартылған суды қосып, тығыз жауып, су моншасында 15 минут тұндырып, суытпай бірден сүзеді. Себебі, бұл иілік заттардың суыған кезде тұнып, сүзу кезінде фильтрде қалып қалуымен түсіндіріледі. Бөлме температурасында 45 минут салқындатады. Қажет болған жағдайда көлемін 500 мл -ге дейін сумен жеткізеді.

Алынған тұнбалардан құрғақ экстрактар алудың заманауи фармацевтикалық технологиядағы ең жаңа әдіс - лиофильді кептіру әдісімен жүргізіледі.Лиофильді кептіру кезінде дәрумендер толығымен сақталады, ақуыздар іс жүзінде денатурацияға ұшырамайды, яғни фармакологиялық құндылығы толығымен сақталады.

Лиофильді кептіру әдісінің ең маңызды артықшылықтары:

  • сақтау мерзімінің ұзақтығы;
  • кептірілген материал капиллярының ішкі структурасы бұзылмайды және биологиялық активтілігі сақталады, ылғалдандырылғаннан кейін жылдам өзінің бастапқы қалпына келеді.

Тұнбаны лиофильдеу технологиясы. Дайын болған тұнба кептіргіш камераға салынады. Яғни, тұнба - 92°С-қа дейін мұздатуға жіберіледі. Сублиматор (1) тығыз жабылуы тиіс. Вакуум-насос (7) және (4) компрессорлы мұздатқыш іске қосылғаннан кейін камерадағы қысым төмендейді. Вакуумның түзілуі мен ылғалдың булануы нәтижесінде өнімді мұздату процесі жүреді. Газ күйінде болатын төмен температурадағы жылу тасымалдағыш компрессор көмегімен (5) буландырғыштан жойылып (8) конденсаторға түседі. Ылғалдың көп бөлігі мұз кристалдарына айналып, сублимация процесі жүреді. Бу вакуум-насос әсерінен (6) десублиматорға түсіп, мұзға айналады. Конденсацияланған бу дроссельді бұранда арқылы (2) булану процессі жүреді. Өнімді кептіру кезіндегі қысым 100 һРа болуы керек.Тұнбаларды лиофильді кептіру арқылы ащы жалбыздан ашық - қоңыр түсті, түймедақ гүлдерінен ашық - қоңыр түсті, шайқурай шөбінен - ашық - қоңыр түсті, итбүлдірген жапырағынан ашық - қоңыр түсті құрғақ экстракт алынды. Аморфты ұнтақ, гигроскопты, дәмі ащы, өзіне тән иісі бар.

110

Қорытынды: Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі топтарын зерттей келе, құрамында эфир

майларының, флаваноидтардың, иілік заттардың, микроэлементтердің және дәрумендердің мөлшері жоғары болатын дәрілік өсімдіктер қатарынан зерттеу объектісіне - түймедақ гүлдері, ащы жалбыз, шайқурай шөбі мен итбүлдірген жапырағынан тұнбалар алдық. Алынған тұнбалардан лиофильді кептіру әдісі арқылы құрғақ экстракттарға қол жеткіздік. Алынған құрғақ экстрактың физика - химиялық қасиеттері зерттелуде.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы, Шымкент. - 2008. - 75-111 б.
  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент , 2008. - 214-241 б.
  3. Муравьев И.А. Технология лекарств том 1, М: Медицина- 1980. - 112-125 б.
  4. Бобылева Р.В., Грядунова Г.П., Иванова Л.А., и др., Под ред. Ивановой Л.А. Технология лекарственных форм: Учебник.- М: Медицина- 1991. -144 бет.
  5. С.А. Минина, И.Е.Каухова Химия и технология фитопрепаратов, Москва . -2004. - 243-245 б.
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. - Басылым 1, Алматы, 2009. Баспы үй:Жібек жолы.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.