Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ірі қара малының каппа-казейн генін птр-пдрф әдісінің көмегімен

АНЫҚТАУ

Кіріспе. Сүттің технологиялық және ақуыздық қасиеттерімен тікелей байланысты каппа- казейн гені (CSN3) ең басты гендердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда сүтің сапалық қасиетіне жауапты 6 аллель (A, B,E,F,C,G) мәлім. Солардың ішінде ең жиі кездесетіні А және В аллелдері [1]. Каппа-казейн генінің В-аллелі сүттің ең көп ақуыздық құрамына, творог және сыр шығымының мөлшеріне және де оның сапалық құрамына жауапты екендігі анықталған. Сонымен қатар каппа-казейнінің ВВ-генотипі бар ірі қара малдарының сүт өнімінен сапалық құрамы өте жоғары қатты сырлар алынады [2.3].

Қазіргі таңда жануарларды генотиптеу көптеген мемлекеттерде ДНҚ-диагностикасының көмегімен жүргізілуде. Себебі оның көмегімен тек аналық ірі қара мал сүтінің ақуыз генотиптерін ғана емес, сонымен қатар бұқалардың да генотиптері бойынша іріктеулер жүргізілуде. Ол селекциялық үдерісті анықтап қадағалауға мүмкіндік береді.

ОҚМФА Геномдық зертеулер зертханасының алдына қойылған басты мәселелерініңде біріде осыған негізделген, яғни ірі қара малының каппа-казейн генін полимераздық тізбектік реакция көмегімен анықтағанға тест-жүйелер құру. Бұл мақалада ОҚМФА Геномдық зертеулер зертханасында жасалған каппа-казейн генінің (CSN3) генотиптерін анықтауға арналған тест- жүйенің әдістемелік нәтижелері көрсетілген.

Зерттеу нысандар мен әдістер. Зертеу нысаны ретінде 20 бас қазақтың ақ-бас және 20 бас әулие-ата сиырларының қаны алынды. Жалпы 40 бас ірі қара малы зертелді.

Каппа-казейн генотиптерін ПТР-ПДРФ әдісінің көмегімен анықтадық. Қаның құрамындағы ДНҚ-ны сорбентке негізделген хлороформдық әдістің көмегімен бөліп алдық.

ПТР-ПДРФ реакциясын GenPak PCR Core (Биоком Рессей) жиындығының көмегімен жүргіздік. Каппа-казейн генотипін анықтағанға арналған праймерлерді арнайы компьютерлік бағдарламалармен дайындап, Германдық синтизатор Н8 құрылғысында синтездеп алдық. Негізгі реакцияны 25 мкл көлемінде жүргіздік. Ферментік бөлшектеуді Hind III ферментін пайдалана отырып 37 0С-те 1 сағат көлемінде өткіздік. Нітижесін 2% агароздық гелде этидия бромидпен бояу арқылы ультрафиалет астында оқыдық.

Нәтиже мен қортынды. Ірі қара малдарынан алынған қандарды ғылыми зерттеу барысында каппа-казейн генінің полиморфизімі анықталды. Алынған нәтижелер барысында АА генотипі бойынша қазақтың ақ-бас сиырларынан 14 бас ал әулие-ата сиырларынан 15 бас, ВВ генотипі бойынша қазақтың ақ-бас сиырларынан 1 бас ал әулие-ата сиырларынан 2 бас, ал АВ генотипі бойынша қазақтың ақ-бас сиырларынан 5 бас ал әулие-ата сиырларынан 3 бас анықталды. Зертеуге алынған сиырлардың саны толық тұжырымдауға жеткіліксіз болғанымен алынған нәтижелерге сүйене отырып олардың арасындағы ВВ генотипінің өте төмен екендігіне аса назар аударылған жөн. Себебі жоғарыда айтылғандай осы генотиптің көмегімен сапалық құрамы өте жоғары сыр және творог алуға болады.

Қорыта келгенде алынған нәтижелерге сүйене отырып ОҚМФА Геномдық зертеулер зертханасында құрылған отандық тест-жүйенің сезімталдылығының өте жоғары және де басқа мемлекеттерде құрылған тест-жүйелерден еш-бір кемшілігінің жоқ екендігін айтуға болады. Сонымен қатар құрылған отандық тест-жүйе каппа-казейн генінің (CSN3) генотиптері бойынша әр бір ірі қара малын төл құжаттауға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер

  1. Калашникова Л.А. Перспективы улучшения технологических свойств молока коров черно-пестрой породы с использованием ДНКөмаркеров по гену каппа-казейна // Современые достижения и проблемы биотехнологии с.-х. Животных: Материалы международой научной конференции. - Дубровицы: ВИЖ. - 2004. - С.12-18.
  2. Марзанова С.Н. Разработка генодиагностики комплекса анамалий позвоночника (CVM) и иммунодефицита (BLAD). Диссертация. Москва 2012.
  3. Марзанов Н.С., Попов Н.А., и др. Генетические особенности молочного скота, разводоимого в Кабардино-Балкарской Республике. Доклады РАСХН. - 2011. - №3. - С.37-41.