Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызғылт семізот - келешегі зор дәрілік өсімдік

Қазіргі уақытта өзекті бағыттарының бірі адамның жұмысқа деген қабілетін жақсартатын, қоршаған орта мен қазіргі өндірістің экстремалды факторларына адам ағзасының төзімділігін жоғарылататын, сонымен бірге ғылыми-техникалық үрдіске байланысты еңбек жағдайларының тез өзгеруіне адаптацияны қамтамасыз ететін дәрілерді өңдіру болып табылады.

Берілген шолу қызғылт семізотты бағалы дәрілік өсімдігі ретінде қолдануға болатынына негізделген.

Кілт сөздер: қызғылт семізот, фитопрепарат

Қазіргі уақытта ғылыми медицинадағы дәрілердің жалпы арсеналында 40%-дан жоғары өсімдік тектес шикізаттар және дәрілік препараттар қолданылады. Қазіргі медицинада дәрілік өсімдіктерді қолдану олардың әсерлерінің спектрлерімен, белсенділігі мен жанама әсерлерінің жоқтығымен байланысты болады. Дәрілік өсімдіктер негізінде құрылған галенді препараттар ағзаға синтетикалық дәрілерге қарағанда жеңіл әсер етеді, науқастар жеңіл және тез сауығады, сирек жанама, аллергиялық реакциялар пайда етеді.

Crassulaceae (жасаңшөптер) тұқымдасының өкілдерін фитохимиялық, фармакогностикалық және қорын игеру аса маңызды болып табылады.

Crassulaceae тұқымдасының түрлерінің біріне семізот туысындағы өсімдіктер болып табылады. Сол өсімдіктердің бірі қызғылт семізот (Rhodiola rosea L.) өсімдігі болып табылады.

Қазіргі кезде Алматы Ботаника және фитоинтродукция институтында қызғылт семізотты мәдени өсіру жолдарын жасап шығару қолға алынуда [1]. Қызғылт семізот мәдени түрде жақсы өседі, бірақ өнеркәсіптік масштабта оны өсірмейді. Дақылдарда қызғылт семізоттағы әсер етуші заттардың пайыздық құрамы төмендейтіні анықталды, бірақ тамырсабағының массасы, тұқымдарының мөлшері жоғарылайды. Мысалы, дақылдарда қызғылт семізоттың жалпы биологиялық өнімділігі әсер етуші заттардың пайыздық құрамының төмендеуінің орнын толтырады.

Әдебиеттерде қызғылт семізоттың химиялық құрамы бойынша бірқатар мәліметтер бар.

Қызғылт семізотты химиялық зерттеу және оның препараттарының адамға әсерін игеру 1961 ж. Томск медицина институтында және бұрыңғы КСРО ҒА Сібір бөлімінің Биологиялық институтында басталды.

«ВИЛАР» ғылыми өндірістік бөлімінде жүргізілген қызғылт семізоттың тамырсабағын терең түрде химиялық зерттегенде [2], табиғаты әртүрлі 22 заттар бөлінген: фенолдық қосылыстар, фенилпропаноидтар, флавоноидтар, флаволигнандар, монотерпендер және стериндер.

Сонымен бірге, қызғылт семізоттың тамыры мен тамырсабағында антрагликозидтер; фитостериндер; қанттар; макроэлементтер (мкг/г) - К-5,7, Са-10,8, Mg-1,7, Fe-0,8; микроэлементтер (мкг/г) - Mn-0,13, Cu-0,08, Zn-0,16, Mo-2,0, Cr-0,11, Al-0,54, B-0,15, V-0,49, Se- 26,0, №-0,28, Sr-0,38, Pb-0,04, J-0,15, B-33,6 бар; Mo, Se, Fe концентрленіп отыр [3].

1975 жылдан бастап КСРО Денсаулық Сақтау Министірлігінің Фармакологиялық Комитет- імен «Экстракт родиолы жидкий» препаратын шығаруға рұқсат берілді [4].

Қызғылт семізот ғылыми медицинаға сібір ғалымдарымен зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін енгізілді.

Қызғылт семізот медицинада ағзаның жалпы әлсіреуінде және жүдеуінде, жүйке жүйесі тозғанда, жұмысқа деген қабілеттілік төмендегенде, вегетотамырлық дистонияда, гипотонияда қолданылады [5].

Кейбір зерттеулер бойынша [6], қызғылт семізоттың антиуыттылық әсері анықталынған.

Клиникалық зерттеулер жүргізілгенде қызғылт семізот препаратынан қандай да бір жанама әсерлер және асқынулар болмағаны анықталынды [7].

Р.К. Пернебекованың мәліметтері [8] бойынша фосфор және изадринмен уыттану кезіндегі ағзаның биоортасындағы липидтердің асқын тотық қосылыстарының метаболизміне қызғылт семізот фитопрепаратының жағымды әсері анықталған.

Талқылау. Жүргізілген зерттеулер қызғылт семізот препаратының жоғары фармакологиялық белсенділігі, салыстырмалы уыттылығының аздығын, емдік көлемінің үлкендігін негіздейді. Препараттың физикалық төзімділігін жоғарылату қабілеті оның жоғары қуаттандырғыш және адаптогенді белсенділігінің жеткілікті дәлелі болып табылады.

Қызғылт семізоттың зиянсыздығы, осы дәрілік препарат түрінде ғана емес, сонымен бірге ас өндірісінде, соның ішінде бейалкоголды тонусты жоғарылататын сусындар рецептурасында қолдануға мүмкіндік береді.

Қорытынды. Демек, қызғылт семізоттың осы қасиеттерін ескере отырып, өсімдікті болашақта терең зерттеуге мүмкіндік пайда болып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Рахимов, К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.С., Адекенов С.М., Тулемисова К.А. Руководство по работе с лекарственными растениями / Под ред. Н.Д. Беклемишева. - Алматы: РГКП «Дәрі-дәрмек», 1999. - 232 б.
  2. Трощенко А.Т., Кутикова Г.А. Родиолозид из Rhodmla rosea и Rhodmla quadrifida L. // Химия природных соединений. - 1967. - № 4. - 244-249 бб.
  3. Трощенко А.Т., Кутикова Г.А. Родиолозид из Rhodiola rosea и Rhodiola quadrifida L. // Химия природных соединений. - 1967. - № 4. - 244-249 бб.
  4. Курганская С. Золотой корень // В мире растений. - 2000. - № 11. - 70 б.
  5. Саратиков А.С., Краснов Е.А. Родиола розовая ценное лекарственное растение (золотой корень). - Томск, 1987. - 254 б.
  6. Маймескулова Л.А., Маслов Л.Н. Антиаритмический эффект фитоадаптогенов // Экспериментальная и клиническая фармакология. - 2000. - № 4. - 29-31 бб.
  7. Быков В.А., Запесочная Г.Г., Куркин В.А. Родиола розовая (Rhodiola rosea L.): Традиционные и биотехнологические аспекты получения лекарственных средств (обзор) // Химико-фармацевтический журнал. - 1999. - № 1 - 28-39 бб.
  8. Пернебекова Р.К. Фосфор және изадринмен уыттану кезіндегі ағзаның биоортасындағы липидтердің асқын тотық қосылыстарының метаболизміне қызғылт семізот фитопрепаратының әсері. Диссертация авторефераты. Алматы, 2006. - 30 б.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина