АННОТАЦИЯ
Мақсаты: Дәрілердің тиімділігі мен қауіпсіздігінің мәселелерін шешу клиникаға дейінгі зерттеулер деңгейінде фармакологиялық, токсикологиялық және фармацевтикалық қасиеттерін зерттеуге және дайын дәрілік түр шығаруға негізделген. Жаңа дәрілік препаратты сапалы клиникаға дейінгі зерттеу жалпы уыттылықты: жедел және созылмалы уыттылықты анықтаудан бастау алады [1]. Сол себепті, фармакологиялық қасиеттері толық зерттелмеген, Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін азиялық мыңжапырақ өсімдігінің уыттылығын зерттеу маңызды болып отыр.
Кілт сөздер: азиялық мыңжапырақ, уыттылық, эксперименталды зерттеу.
Кіріспе. Мыңжапырақ шөптерінде құрамындағы флавоноидтар, кумариндер, лактондар мен эфир майлары биологиялық белсенділікке ие [2]. Жедел уыттылықты анықтаудың негізгі мақсаты фармакологиялық заттың төзімді, уытты және өлімге соқтыратын дозалары мен өлім себебін анықтау болып табылады [1].
Созылмалы фармакотоксикологиялық тәжірибенің мақсаты ұзақ уақыт қолданғанда фармакологиялық заттың зақымдаушы әсерінің дәрежесін сипаттауға негізделген және сезімтал мүшелер мен ағза жүйелерін, пайда болған зақымданудың қайтымдылық дәрежесін зерттеуге негізделген [1].
Зерттеу тәсілдері мен материалдары. Жедел уыттылықтың негізгі параметрі LD50 анықтау Кёрбер және Г.Н. Першин әдісі бойынша жүргізілді. Тәжірибе барысында жануарлар 14 күн бақылауда болды, оның 1-күні үздіксіз бақыланды [3, 4, 5, 6].
Зерттелетін экстракттар 100; 250; 500 мг/кг дозада 35 күн, үздіксіз, тәулігіне бір реттен ауыз қуысы арқылы ішке берілді. Сынама тобындағы жануарларға дистилденген су берілді. Жануарлардың интегралды көрсеткіштері анықталды және патоморфологиялық зерттеулер жүргізілді [3, 4, 5, 6].
Зерттеу нәтижелерін талқылау. Жедел уыттылыққа зерттеу нәтижелері өсімдікті уыттылығы аз қатарға жатқызылды. Азиялық мыңжапырақ экстрактысын 100, 250, 500 мг/кг дозасында қабылдаған жануарларының интегралды көрсеткіштері: «жуыну»; аздаған тітіркену; сыртқы көріністері - жинақы, түктері ақ, жылтыр, зерттеудің 28 күнінен бастап аздап жүндерінің түсуі байқалды. Азиялық мыңжапырақ экстрактысын қабылдаған жануарлардың салмақ өзгерістері 1-кестеде көрсетілген.
Бақылау тобының жануарлары 35 күн ішінде 111%-ға салмақ қосты. Азиялық мыңжапырақ экстрактысын 100, 250, 500 мг/кг дозада қабылдаған жануарларының салмақтары 35 күн ішінде 113%-ға, 123%-ға, 122%-ға салмақ қосты. Зерттеу соңында Азиялық мыңжапырақ экстрактысының 100 мг/кг мөлшерін қабылдаған топ бақылау тобымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Азиялық мыңжапырақ экстрактысын 250 мг/кг және 500 мг/кг мөлшерінде қабылдаған топтар бақылау тобымен салыстырғанда, 8,7%-ға, 9%-ға салмақ қосты және айтарлықтай жоғары көрсеткішке ие болды.
Кесте 1 - Азиялық мыңжапырақ экстрактысын 100, 250, 500 мг/кг дозаларда қабылдаған
жануарлар салмақтарының өзгерістері
Сыналат ын дозалар (мг/кг) |
Сынақ алдындағы салмағы, (n=10), г |
Экстракт енгізгеннен кейін 7-күні, (n=10), г |
Экстракт енгізгеннен кейін 14- күні, (n=10), г |
Экстракт енгізгеннен кейін 21- күні, (n=10), г |
Экстракт енгізгеннен кейін 28- күні, (n=10), г |
Экстракт енгізгеннен кейін 35- күні, (n=10), г |
Бақылау тобы |
27,85±0,22 |
28,64±0,31* |
29,26±0,34 * |
29,86±0,30 * |
30,44±0,31* |
30,92±0,28 * |
% |
100 |
103 |
105 |
107 |
109 |
111 |
100 |
27,61±0,10 |
29,59±0,18 * |
31,47±0,21 * Д |
32,02±0,20 * Д |
31,63±0,19 * Д |
31,18±0,25* |
% |
100 |
107 |
114 |
116 |
114 |
113 |
250 |
27,23±0,14 |
30,05±0,20 *Д |
31,92±0,24 *Д |
33,25±0.26 * Д |
33,45±0,26 * Д |
33,61±0,25*Д |
% |
100 |
110 |
117 |
122 |
123 |
123 |
500 |
27,50±0,14 |
29,39±0,19 * Д |
30,51±0,24 * Д |
32,28±0,22 * Д |
33,11±0,18 * Д |
33,68±0,19 * Д |
% |
100 |
107 |
111 |
117 |
120 |
122 |
*Ескерту: мұндағы, АзМ - Азиялық мыңжапырақ; * - Р < 0,05 сынақ алдындағы көрсеткішпен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші; Д - Р < 0,05 бақылау тобымен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіші. |
Азиялық мыңжапырақ өсімдігінің экстрактысын қабылдаған жануарлардың ішкі ағзаларын гистологиялық зерттеу нәтижесінде жануарлардың ішкі ағзаларын макроскопиялық зерттеу барысында, жануарлардың сыртқы көрінісі: жүндері жылтыр, жинақы болды, аздап түктерінің түсуі, арқа омыртқасында тақырлану байқалды. Кеуде және іш құрылысында ішкі ағзалардың орналасуы және қалпы дұрыс.
Бас миының құрылымы өзгеріссіз, плевра құрылымы дұрыс сақталған, шумақ капиллярлары және интерстициальды тіндер аздап толыққанды, гепатоциттер жиектері анық, цитоплазмасы дән тәрізді, оксифильді, аздаған дистрофиялық өзгерістері бар. Жүрек микроскопиясында эозинмен біркелкі боялған шоғырланған бұлшықет талшықтары көрінеді.
Қорытынды. Бақылау тобында 35-күні салмақ динамикасы 111% құрады. Азиялық мыңжапырақ экстрактысын қабылдаған жануарлардың салмақ динамикасы 35 күн ішінде 100 мг/кг мөлшерде қабылдаған жануарларда 113% құрады, 250 және 500 мг/кг мөлшерін қабылдаған топта 123% және 122% болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Государственный стандарт Республики Казахстан/ Надлежащая лабораторная практика./ Основные положения/СТ РК 1613-2006/ Комитет по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 декабря 2006
- Сербин а.г., Картамазова л.с., Ткаченко н.м. Химический состав и лечебное применение видов Achillea L.// Раститительные ресурсы. 1987. Т. 23. Вып. 2. С. 275-286.
- «Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ» (Под ред. Р.У.Хабриева). - М. - Медицина. -2005. - 827 с.
- Микроскопическая техника / д.с. Саркисова, ю.л.перовой// М.: «Медицина», 1996. - 548 с. - ISBN 5-225-02820-9.
- H. Hodge et al. Clinical Toxicology of Commercial Products. Acute Poisoning. Ed. IV, Baltimore, 1975, 427 p.