Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ультракүлгін сәуленің адам ағзасына әсерінің биофизикалық маңызы

ТҮЙІН

Бұл мақалада ультракүлгін сәуленің адам ағзасына әсерінің биофизикалық маңыздылығы қарастырылған.

Кілт сөздер: ультракүлгін сәуле, гелиотерапия, биодозиметр

Кіріспе. Ультракүлгін сәуле - жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне жақын, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400-10 нм аралығына сәйкес келетін электромагниттік сәулеге жатады. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіру күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері сияқты, Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер:

А(толқын ұзындығы 400-320 нм),

В(толқын ұзындығы 320-290 нм)

С(толқын ұзындығы 290-40 нм) болып бөлінеді.

(А) ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен қатар жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, ол теріні тотықтырады. (В) ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалатындықтан, тірі протоплазманы жоятын қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің себепшісі болады. Жер бетіне келіп түсетін (С) ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатын болғандықтан, Жер бетіне жетпейді.

Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетіп, әр түрлі көз ауруларының тууына себепші болады. Күн сәулесі үшке бөлінеді: жылулық сәуле, көзге көрінетін ақ сәуле және көзге көрінбейтін ультракүлгін сәуле. Бұлардың пайыздық мөлшері жыл мезгіліне, тәулік уақытына, географиялық орнына қарай өзгеріп отырады. Күнге күю күн сәулесінің әсерінен меленин пигменті көбейеді. Меленин пигменті көбейгенде тері қоңыр түске боялады. Гелиотерапияның пайдасы көп болғанымен, емнің бұл түрін қабылдауға кез келген адамға рұқсат етіле бермейді.

Көк тамыр склерозы, гипертониялық аурулармен ауыратындарға және орталық жүйке жүйесінің негізгі ауруларына шалдыққан адамдарға күнде жатуға тыйым салынған. Күнге күйгенде бастапқы кезде 10-15 минут, кейін қыздыру уақытын ұзарту қажет. Бірден ұзақ қыздырынса, күн сәулесі өтіп, адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі қалтырай бастайды. Ең пайдалысы таңертен ертемен күнге қыздырыну қажет. Ультракүлгін сәуленің денеге сіңуі артқан сайын оның зияны да соншалықты көбейе түседі. Күн сәулесінің бактерияларды жою қабілеті бар. Күнге неғұрлым күйген сайын терінің бактерияларды жоятын қуаты соғұрлым көбейеді. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып терінің зат алмасуы қан айналысы жақсарып, терідегі минерал заттардың алмасуын қалыптастыратын «Д» дәрумені көбейеді. [1.2]

Ультракүлгін сәулемен емдеу - бұл күн сәулесін, жасанды сәуле қондырғылары арқылы аурудың алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Ультракүлгін сәуленің ағзаға әсер етуіне қарай:

  • Ұзын толқынды 400 - 320 нм
  • Орта толқынды 320 - 280 нм
  • Қысқа толқынды 280 - 220 нм

болып үшке бөлінеді. Сәулемен емдеу зат алмасу процесін күшейтеді, фосфор - кальций алмасуын қалпына келтіреді, Д витамині, биологиялық активті заттар түзіледі.

Қазіргі уақытта ультракүлгін сәулесінің жетіспеушілік қауіптілігі жоғары болуымен сипатталады. Бұл аймақтың климаттық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың тұрмыс және еңбек жағдайымен, ауаның ластануымен, тұрғын мен қоғамдық ғимараттардың тиімді жоспарланбауымен, тұманды және бұлтты күндердің басым болуымен байланысты. УК сәуленің жетіспеушілігі солтүстік ендікте тұратын адамдарда, тау-кен, көмір өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларда, метро құрылысшыларында, уақыттарының көп бөлігін жабық бөлмелерде өткізетін жоғарғы оқу орындары мен мектептерде оқитын оқушылар да кездеседі. Күн сәулесіне жетіспеушілікті болдырмау үшін, елді мекендерді жоспарлау мен салынуы тұрғын үй бөлмелерінің терезелерінен тікелей түсетін күн сәулесі тәулігіне 3 сағаттан кем болмауын қамтамасыз ету қажет. Ультракүлгін сәулелері терезе әйнектерінен оңай өтуі керек, көптеген қоғамдық ғимараттардың терезелеріне күңгірт қара әйнектер салынады бұл дұрыс емес. Атмосфералық ауаның шаңмен, түтінмен, күйемен және химиялық заттармен ластануының алдын алу үшін, белсенді шаралар жүргізілу қажет. Күн сәулесінің жетіспеушілігінің орнын толтыру әсіресе балалар үшін өте маңызды, себебі олардың ағзасы УК жетіспеушілігіне аса сезімтал. УК сәулесін түсіргенде, оны міндетті түрде мөлшерлеу және дозасын бақылап отыру қажет. Биологиялық (эритемдік) дозаны И.Ф.Горбачевтың биодозиметр аспабының көмегімен анықтайды. УК сәулесін шығаратын қондырғыларды бала бақшаларда, балалар үйлерінде, мектептерде, ауруханаларда, шипажайларда, демалыс үйлерінде, жатақханаларда, табиғи жарығы жоқ өндірістік бөлмелерде, спорт залдарында орнату қажет. [3.4]

УК сәулесінің биофизикалық маңызы фотоэлектрлік әсері салдарынан жасушалардағы ақуыздың коллоидтық жағдайы мен иондық құрамының өзгеруімен байланысты. Биофизикалық және жүйкелік- рефлекторлық әсерлерінің бірге жүруі арқасында, УК сәуленің айқын жалпы ширататын әсері пайда болады. Атап айтқанда, тіндік тыныс алуға қатысатын ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды, ақуыздың, майдың, көмірсулардың, минералды заттардың алмасу үрдістерінің белсенділігі арттады, қан түзілу, жасушалардың өсуі, тіндердің қайта қалпына келуіне ықпал жасайды. Сонымен бірге, ағзаның жұқпаларға қарсы тұру қабілетінің жоғарылауына да өте маңызды болып табылады.

УК сәулелердің әсерінен ағзаның төзімділігі жұқпаларға ғана емес, сонымен қатар, иондаушы сәулелердің, уландыратын және канцерогенді агенттердің, фиброгенді шаңдардың әсеріне де жоғарлайды. УК сәулесінің жалпы ширататын әсері ұзын толқынды және орта толқынды сәулеленуде бар. Ең айқын әсері орта толқынды УК сәулеленуде байкалады. Жалпы биологиялық әсерінің маңыздылығына қарай УК сәулесінің әр диапазонына тән өзінің ерекше әсері болады. Мысалы, ұзын толқынды УК сәулелену эритемды күнге күю әсерін көрсетеді, ал орта толқынды терідегі Д дәруменінің синтезін күшейтеді және әлсіз бактерицидтік әсер етеді. УК сәулесінің әсерінен күнге күю және эпидермистің қалыңдауы, күн радиациясының әсеріне ағзаның қорғану реакциясы болып табылады.

Орта толқынды УК сәулелену рахитке қарсы әсер етеді, себебі олар фотохимиялық реакцияларда Д дәрумендердің алдыңғы өнімдерін изомерлеу арқылы теріде Д2, Дз, Д4 дәрумендерінің түзілуіне ықпал жасайды. УК сәулесінің жеткіліксіз болуынан, Д дәруменінің түзілуі баяулап, соның нәтижесінде фосфор-кальций алмасуы мен сүйектену үрдістері бұзылады. Балаларда рахит ауруы пайда болып, бойының ұзаруы мен денесінің дамуы баяулайды. [2.3]

Қорытынды. УК сәулелер биологиялық тұрғыдан ең пайдалы, рахитке қарсы ағзаның иммундық жүйесін нығайтады, тіндердің қалпына келуіне мүмкіндік туғызады, даму мен өсу үрдістерін ынталандырады. Сонымен катар, УК сәулелер жоғарғы жүйке қызметі үрдістерінің белсенділігін жоғарлатады, соның арқасында ой еңбегіне қабілеттілік жоғарылайды, қажуды болдырмаудың алдын алады.

Әдебиеттер

  1. .Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы: Мектеп,2006
  2. .Арызханов Б.С. Биологиялық физика:ЖОО студенттеріне арналған.-Алматы: Қайнар, 2000. - 272 бет
  3. .Көшенов Б. Медициналық биофизика.Оқулық.-Алматы:Қарасай,2010.-224 бет
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.