Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Паннувладиннің әсерінен улы гепатиттердегі бауырдың антитотықтырғыш жүйесіндегі көрсеткіштердің өзгерісін интегральды көрсеткішпен салыстырмалы анықтап, улы гепатиттердегі паннувладиннің гепатопротекторлық әсерін зерттеу. Қорытынды. Сонымен, ксенобиотиктердің әсерінен пайда болатын улы гепатиттерді паннувладин және рувиминмен емдегенде бауыр жасушаларындағы липидтердің асқын тотығу (ЛАТ) үрдістерінің ұлғаюы және антитотықтырғыш жүйесінің (АТЖ) тепе-теңдігін көрсететін ИК деңгейі паннувладиннің әсерінен айқын төмендегені дәлелденді.
Кілт сөздер: липидтердің асқын тотығуы, антитотықтырғыш жүйесі, паннувладин, гепатопротектор, улы гепатит.
Қазіргі таңда адам ағзасына көптеген химиялық өндірістік заттар мен дәрі-дәрмектер дің зиянды әсері кеңінен таралуда.Олардың ағзаға тигізген улы немесе жанама әсерлері ағзада әртүрлі дерттік өзгерістер туғызады. Улы гепатиттердің негізгі патогенездік факторларының бірі болып, липидтердің асқын тотығу (ЛАТ) үрдістерінің ұлғаюы мен антитотықтырғыш жүйесінің (АТЖ) депрессиясы жатады. Бұл туралы ғылыми еңбектер зерттеліп, едәуір жетістіктерге қол жеткізілді [1, 2, 3].
Гепатобилиарлық жүйенің зақымдануын алдан - алу және емдеу үшін әртүрлі шөптен алынған фитожинақтарды көптеген ғалымдар, сонымен қатар мия тамырынан алынған рувимин препараттарын гепатопротектор ретінде кеңінен қолданып келеді [4, 5, 6].
Қорғасын және фосфорлы улануда рувимин препаратының антирадикалды, антитотық- тырғыш және гепатопротекторлық қасиеттерінің бар екеніндігін клиникалық жағдайда зерттеп дәлелдеді [7, 8].
Өкінішке орай қазіргі кезде медицинада қолданылатын гепатопротекторлар толығымен қойылған талаптарды қанағаттандырмайды. Осыған қарамасатан соңғы жылдары гепатопротектор- лық дәрілер қатары жаңа табиғи препараттармен толықтырылуда, олар көп жағдайда созылмалы гепатит, бауыр циррозында тиімдірек. Сол себепті осы жұмыстың өзектілігі жаңа, әсері жоғары және қауіпсіз гепатопротекторлық қасиеті мен бауырдың регенераторлық үрдісін белсендіретін, гепатобилиарлық жүйенің зақымдануын алдын алу және емдеу үшін қолдануға болатын отандық фитопрепараттарды іздестіру болып отыр.
Материалдар мен зерттеу әдістер. Зерттеулерде алғашқы салмағы 160-180 г болатын 270 егеуқұйрықтарға жүргізілді. Зерттеулердің міндеттері бойынша улы гепатиттер әртүрлі ксенобиотиктерді қолдану арқылы іске асырылды. Зерттеулерде алғашқы салмағы 160-180г болатын 270 тексіз егеуқұйрықтарға жүргізілді. Зерттеулердің міндеттері бойынша улы гепатитер-
ді әртүрлі ксенобиотиктерді қолдану арқылы іске асырылды. Сары фосформен жедел уланған гепатитті фосфордың сулы ертіндісін (суспензиясын) 1кг массаға 10 мг мөлшерде интрагастралды енгізу арқылы жасалынды [9]. Төтрхлорлы көміртекті гепатитті (ТХКГ) егеуқұйрықтарға 50% -ды CCL4 майлы ерітіндісін 100г салмаққа 0,4 мл мөлшерде құрсақ ішіне енгізу арқылы жасалынды [10]. Парацетамолды гепатитті шақыру үшін, бұл препаратты 1кг салмаққа 2,5г мөлшерде энтеральды әдіспен енгіздік [11]. Сыналатын препарат ретінде паннувладинді 60мг/кг мөлшерде қолданса, салыстырмалы препарат рувиминді 30мг/кг мөлшерде 14 күн бойы энтералды жолмен енгізілді.
Зерттеу мен талқылау. Біздің зерттеулеріміз бойынша улы гепатиттерде бауырда ЛАТ үрдістері белсенді түрде жүреді және АТЖ көрсеткіштері төмендейді, ал паннувладин ЛАТ көрсеткіштерін төмендетіп, АТЖ көрсеткіштерін жоғарлатады, осыған байланысты паннувладин фитопрепараты антитотықтырғыш және антирадикалды қасиетке ие болғаны дәлелденді. Улы гепатиттер кезінде бауырда ЛАТ өнімдері көбірек жиналып, АТЖ қызметінің төмендейтіні анықталды. Паннувладин фитопрепаратының улы гепатиттердегі ықпалын анықтау үшін ЛАТ- АТЖ қатынасын (1) формула арқылы есептеп, интигральды көрсеткішін (ИК) шартты бірлікпен (ШБ) анықтадық:
(1) Мұндағы: К-ЛБРТ-АТЖ жүйесіндегі диссбаланстың интегралды көрсеткіші; ХЛУК-
хемилюминесценциялық улы көрсеткіш; ДК-диенді конъюгаты; МДА-малонды диальдегид; СОД-супероксиддисмутаза;АРБ-антирадикалды белсенділік; АТБ-антитотықтырғыш белсен - ділік; К-каталаза; ТК-токоферол; ГП-глютатион-пероксидаза; ГР-глютатион-редуктаза; SH- сульфгидрилді топ; б-бақылау тобы, т-тәжірбиелік тобы.
СФЖУ кезінде ЛАТ-АТЖ интегралды көрсеткіштің ең жоғарғы мәні 1-суретте көрсетілгендей 7- ші тәулікте анықталып 4,1 есеге р<0,01 көтеріліп паннувладиннің әсерінен тәжірибелі тобына қарағанда 2,6 есе р1<0,05 төмендейді, ал рувиминді емде 1,8 есеге р2<0,05 азаяды.
78
ТХКГ-те ЛАТ-АТЖ-нің интегралды көрсеткіші 2 - суретте көрсетілгендей 7-ші тәулікте 5,4 есе р<0,01 көтеріліп паннувладиннің әсерінен тәжірибелі топқа қарағанда (1,600,04 шб) 3,4 есе р1<0,05 төмендейді, ал рувиминді емде 1,6 есеге р2<0,05 азаяды.
Парацетамолды гепатитте ЛАТ-АТЖ-нің интегралды көрсеткіш 3 - суретте көрсетілгендей 7-ші тәулікте 3,7 есе р<0,01 көтеріліп паннувладиннің әсерінен тәжірибелі топқа қарағанда (1,5 □ 0,10 шб) 2,4 есе р1<0,05 төмендейді, ал рувиминді емде 1,4 есеге р2<0,05 азаяды.
Қорытынды. Сонымен, ксенобиотиктердің әсерінен пайда болатын улы гепатиттерді паннувладин және рувиминмен емдегенде бауыр жасушаларындағы липидтердің асқын тотығу үрдістерінің ұлғаюы және антитотықтырғыш жүйесінің тепе-теңдігін көрсететін ИК деңгейі паннувладиннің әсерінен айқын төмендеді.
79
ӘДЕБИЕТТЕР
- Құлкабаев Г.А. Патогенетические механизмы общетоксического действия вредных факторов фосфорного производства // Тез. докл. на Республ. конф. «Патогенез клиника, диагностика, лечение и профилактика профессиональной интоксикации на фосфорном производстве», 23-24 декабря. - Шымкент, -1988.- С. 15-18.
- Сейсембеков Т.З., Тусипбекова М.М., Алимбаева Е.А., Алпысова А.Р. Клиникоэкспериментальная характеристика сваводнорадикальных процессов при острыч медикаментозных токсических гептитах //Астана мед. жур. -2006. -№4 .-С. 54-59.
- Байдурин С.А., Казак И.К. Окислительный метаболизм при заболеваниях печени и гепатопротекторы //Мед. журнал. - Астана, -№2.- 2004.-С. 10-13.
- Шарипов К.О. Коррекция антиокислительной системы печени соединениями селена в эксперименте //Вестник.-ЮКГМА.-2002.-№7.-С.104-106.
- Мухамбетов Д.Д., Шайдаров М.З., Гурцкая Г.М. Растительные лекарственные препараты при поражениях гепатобилиарной системы //Сб. научных трудов «Актуальные проблемы фармакологии». - Астана, -2002.-С. 131-139.
- Арыстанова Т.А. Создание отечественного гепатопротектора корня солодки // Фарм. бюллетень. - Алматы, - 2001. - №3. - С. 12-14.
- Арыстанова Т.А., Рахимов К.Д. Гепатозащитные свойства препарата солодкового корня «Рувимин» при экспер. остром и подостром гепатите. // Фарм. Бюлл. - Алматы,-2000. -N8. -С. 3236.
- Джакипбекова З.К., Адильбекова Д.А. Состояние антиоксидантной системы крови у больных хронической интоксикацией соединениями фосфора в зависимости от индивидуальной чувствительности ксенобиотику. //Вестник. ЮКГМА. - Шымкент, -2006. -№7. -С. 127-129.
- Стрелюхина Н.А. О патогенезе интоксикации желтым фосфором //Гигиена труда и профессиональная патология фосфорного производства. - Алма-Ата, -1991. -С. 51-52-57.
- Лим В.Г., Забродский П.Ф., Васильев В.В. Влияние четырыххлористого углерода на перекисное окисление и покзатели системы иммунитета // Саратов. восп. Мед. инст. - 2004. - С.6.
- Blazka D. R., Germolec P., Simeonova M.I. Luster Acetaminophen - induced hepatotoxicity. A. M. Matthews D.W., Roberts J. A., Hinson N.R. Pumford // Drug Metab. Dispos. - 1996. - v. 24, 11. - P. 1192-1196.