Түйін
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі таралған аурулары. Бұл нозологиялық түрлер жиі кездеседі, себебі олардың қауіп факторларының жалпы болуымен (темекі тарту, қоршаған ортаның әсері, алкоголдік) түсіндіріледі. Жалпы популяцияға қарағанда жіті миокард инфарктімен ауыратындар арасында ӨСОА кездесі жиілігі шамамен 50% жоғары. Сонымен, электрокардиографиялық және эхокардиографиялық зерттеулер нәтижесінде тыныс алу патологиясымен ассоциацияланған ЖИА-мен ауыратын науқастарда жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясы түріндегі жүректің оң жақ бөлімдерінің айқын ремодельденуі анықталды.
Кілт сөздер: ЖИА, ӨСОА, ЭКГ, ЭхоКГ.
ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қан айналу жүйесі аурулары ересек тұрғындардың өліміне алып келетін ең маңызды себептердің қатарына жатқызылуда. Экономикасы дамыған Батыс Европа елдерінде, Америка Құрама Штаттарында, Канада мен Австралияда, Ұлы Британияда өлім оқиғаларының 50%-нан астамы қан айналу жүйесі ауруларының үлесіне тиеді. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қан айналу жүйесі аурулары ересек тұрғындардың өліміне алып келетін ең маңызды себептердің қатарына жатқызылуда. Экономикасы дамыған Батыс Европа елдерінде, Америка Құрама Штаттарында, Канада мен Австралияда, Ұлы Британияда өлім оқиғаларының 50%-нан астамы қан айналу жүйесі ауруларының үлесіне тиеді [1].
Бұл аурулардың әлеуметтік-гигиеналық өзектілігі олардың таралу ауқымының үлкендігінен емес, олардан туындайтын асқынулардың аса ауыр жүруіне байланысты. Қан айналу жүйесі аурулары өлім және мүгедекке ұшырау себептерінің ішінде бірінші рангалық орынды алады. Ал амбулаторлық-емханалық мекемелерде есепке алынатын аурулардың құрамында, басқаша айтқанда жалпы аурушаңдықтың құрамында жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының үлес салмағы 14-16% дейін жетсе, алғаш рет анықталған аурулардың құрамындағы үлес салмағы бар болғаны 2% құрайды. Жүрек-қан айналу жүйесі аурулары еліміздің аймақтарында әртүрлі деңгейде таралған. Оның негізгі себептері аймақтардағы әлеуметтік-демографиялық айырмашылықтар мен ауруды тудыратын қатерлі себептердің таралу ерекшеліктері болып табылады. Арнайы жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер қалада тұратын 40-59 жастағы ер кісілердің арасында артериялды гипертониямен ауырғандардың 29%-ы өздерінің осы патологияға шалдыққанын білмеген, ал жүрек ишемиясымен ауырғандар арасында бұл көрсеткіш 36% -дан 61% -ға дейін жеткен [2].
2007-2008 жылғы статистикалық мәліметке қарағанда жалпы қан айналу жүйесі ауруларының әрбір 100000 тұрғынға балап есептегендегі таралу деңгеиі Қазақстан Республикасы аумағында 1753,5 оқиғаны құрады. Бұл аурулардың ең жоғарғы таралу деңгеиі Маңғыстау облысында тіркелді (3682,9%000). Қан айналу жүйесі ауруларының таралуы Республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалыптасуы Қызылорда (2627,1%000), Алматы (2098,0%000 ), Жамбыл (2064,1%000), Оңтүстік Қазақстан (2019,7%000), Павлодар (1880,5%000) облыстарында байқалды. Аталған облыстарда қан айналу жүйесі ауруларының осылайша жоғары болуына экологиялық, әлеуметтік, тұрмыстық, өмір сүру салты себептерінің тигізетін әсері үлкен. Сондықтан, профилактикалық бағдарламаларды құрастыру және оны жүзеге асыру барысында әр облыста қан айналу жүйесі ауруларының деңгеиін арттыратын қатерлі себептердің таралу жиілігіне баса көңіл бөлген жөн. Жүрек-қан айналу жүйесі ауруларымен кеселдену деңгейі адамның жасы ұлғайған сайын жылдам артады. Әйелдердің арасындағы осы патологиямен кеселдену деңгейі ер кісілерге қарағанда 1,4 есеге жоғары болып шықты [3].
Зерттеудің мақсаты: жүрек ишемиялық ауруының тыныс алу ағзалары ауруларымен қатар келуіндегі жүректің оң жақ қарыншасының жағдайын бағалау.
Материалдар мен әдістер: біз 3 топ науқастарды салыстырдық. Бірінші топқа өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 19 науқас, екінші топқа жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар 22 әйел қарастырылды. Салыстыру топтарында өкпенің созылмалы обструктивті ауруы ағымының бірқатар ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу нәтижелері: Барлық тексерілген науқастар арасында электрокардиографиялық зерттеу жүргіздік. Олардың барлығында жүректің оң жақ бөлігінде өзгерістердің бар екендігі анықталды. Оң жақтағы қарыншаның миокардында гипертрафияның бар екендігі әйелдердің 28,92%, ер кісілердің 22,84%-ында тіркелді. Гисс бумасының оң аяқшасында толық тежелу оқиғасы ер кісілердің 48,4%-ында және әйелдердің 33,5% байқалды.
Оң жақтағы қарынша миокардының гипертрофиясына өкпе артериясы қан қысымының болмашы жоғарылауынан және созылмалы гипоксияның қалыптасуынан туындаған. Сонымен қатар өкпе эмфиземасының әсерінен туындайтын жүректің ротациялық қозғалысынан да жүрек миокардысының гипертрофиясы қалыптасады деп есептеуге негіз бар.
ЭХО-кардиографиялық зерттеу ӨСОА-мен сырқаттанған науқастардың көрсеткіштері стандартты топтағы дені сау адамдар көрсеткішімен нақты жоғары екендігін көрсетті. Алайда, әйелдер мен ер кісілердің көрсеткіштерінің, оның ішінде қарыншалар арасындағы қалқаншаның қалыңдығы, оң жақ қарыншаның диаметрі, оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының қалыңдығы, өкпе артериясындағы орташа қысым бойынша осындай нақты айырмашылықтар анықтала қойған жоқ. Әсіресе оң жақ қарынша миокардының гипертрофиясы ӨСОА-мен сырқаттанған ер кісілердің арасында 46,92±3,84% болса, әйелдердің арасында 47,02±3,78% екендігі анықталды. Бұл жағдай ӨСОА-мен сырқаттанушылардың кіші қан айналу жүйесіне түсіретін қысымы бірдей болуы керек деген тұжырым жасауға алып келді. Алайда кешенде ЭХО- кардиографиялық зерттеу ӨСОА-мен сырқаттардың науқасының даму кезеңіне қарай оң жақ қарынша миокардының гипертрофияға ұшырау оқиғалары әйелдер арасында ер кісілерге қарағанда жылдам жоғарылайтындығын көрсетті (1-сурет).
ӨСОА-ның бірінші кезеңінде жүректің оң жақ қарыншасы науқас әйелдердің 24,93%, ал ер кісілер арасында 12,29% кездесті. Аурудың Ш-кезеңінде осындай жағдайдың таралу деңгейі әйелдер арасында 59,74%, ал ер кісілер арасында 41,83% дейін артты. Сонымен, жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясы аурудың даму кезеңіне қарай үлкен өзгеріске ұшырайды және әйелдер мен ер кісілердің көрсеткіштеріндегі айырмашылық нақты бола түседі.
Қорытынды. Сонымен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының даму кезеңіне қарай жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясы нақты өзгеріске ұшырайтындығына көз жеткіземіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Глобальная инициатива по ХОБЛ, пересмотр 2011. С. 25-27.
- Козлова Л.И. Хронические обструктивные заболевания легких и ишемическая болезнь сердца: некоторые аспекты функциональной диагностики. - Пульмонология. 2001. №2. С.9-13.
- Хроническая обструктивная болезнь легких. Федеральная программа/ Под ред. акад. РАМН, профессора А. Г. Чучалина.-2-е изд., перераб. и доп.-М., 2004.- 61 с.