Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инсульттан кейінгі науқастарда жауыржараны алдын алу

ТҮЙІН

Инсульттік бөлімшеде 26 науқасқа жауыржара даму дәрежесін бағалау 2 топқа бөліп жүргізілді. I топқа жауыржараның жалпы күтім іс шаралары жүргізілді. II топқа жалпы күтіммен қоса жауыржараға қарсы матрас қолданылды. Зерттеу мақсаты: Инсульттан кейінгі науқастарда жауыржараның туу себептерін анықтау және күтім түрлерінің тиімділігін салыстырмалы зерттеу. Инсульттан кейінгі науқастарда күтім жеткіліксіздігінен жауыржара дамуы байқалды. Күтім іс шаралары кешенді ұйымдастырылып, науқастың туыстары жауыржараны алдын алуға бағытталған ақпаратқа ие болғандықтан, жауыржараға қарсы матраста жатқан науқастарда жауыржара пайда болу белгілерін байқамадық. Нәтижесінде жауыржараға қарсы матрасты қолданған науқастарда жауыржара дамуы өте сирек кездесті.

Кілт сөздер: жауыржара, инсульт, жауыржараны алдын алу, жауыржараға қарсы матрас, күтім.

Жауыржараның алдын алу және емдеу қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Науқас күтімін жеңілдететін сан алуан медициналық құралдардың болуына қарамастан жауыржарасы бар науқастар саны азаятын емес, яғни бұл дегеніміз емдеу процесіне бөгет болуда және кейбір жағдайларда науқас өліміне де алып келуде. Медициналық тәжірибеде гигиенаның барлық талаптарына сай күтім жасалған күннің өзінде де жауыржара дамуы мүмкін. Қазіргі таңда жауыржара дамуына себепші маңызды факторлар, ол нейродистрофиялық өзгеріс фонында үздіксіз қысым, сырылу, үйкеліс және ылғалдылық. Осылармен бірге тері мен теріасты май қабатының жұқаруы мен сүйек шығыңқылары, төсектің беткейі арасында қысылуынан туындауы, яғни жұмсақ тіндердің қатаң иннервациялық және ауыр нейротрофикалық процесстің жұлын ми зақымданғаннан бұзылысқа ұшырауынан туындайтыны мәлім [1].

Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесі ауруларына шалдығу соңғы жылда еселеп артты. Сонымен қатар жүйке жүйесі ауруларының ішінде инсультке шалдығу ең жиі сырқатта- нушылық болып отыр. Инсульт - жедел ми қан айналымы бұзылысы патологиясының өте күрделі түрі. Елімізде 49 мыңнан астам адам инсультқа ұшырайтыны белгілі және де тірі қалғандардың ішінде 80 %-ға дейінгі жағдайда мүгедектікке алып келеді. Бұл науқастарда жауыржара Угрюмовтың мәліметі бойынша 53-90 % жиілігінде дамиды. Жауыржараның асқынуында реабилитация уақытын ұлғайтып, емдеу шығындарын көбейтетін және де іріңді-септикалық процестің күрделі түрі сепсис 20-30% орын алады [2]. Ал өлім салдары 8 % құрайды. Заманауи тұрғыда жауыржараны алдын алу мақсатында түрлі әдістер қолданылады. Атап айтқанда жауыржараны алдын алуда жауыржараға қарсы матрастың мүмкіншілі зор. Жауыржараға қарсы матрас - жауыржараның туу себептерінің алдын алуы ішінде ең маңыздысы, себебі дене мүшелерінің ұзақ уақыт қысылуын жояды [3].

Осыған орай инсульттан кейінгі кезеңде науқастарда өмір сапасын жақсартуымен қатар реабилитациялық шаралар тиімділігін арттыруда іріңді-септикалық асқынуларды алдын-алу және де кешенді күтімдік шаралар өзекті мәселе болып табылады.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеу Шымкент қаласы жедел медициналық жәрдем ауруханасы инсульттік бөлімшесінің интенсивті терапия және реанимация блогында бақыланған науқастарда жүргізілді. Неврологиялық диагноздарына сәйкес гемиплегия синдромы және гемипарез синдромы анықталған. Науқас саны 26. Оның ішінде әйелі - 14 (56,25%), еркек - 12

(43,75%). Жас мөлшері 47 - 75 шамасында. Бақылау 14 күн аралығында жүргізілді.

Науқастар, жауыржараны алдын алу шараларын жүргізу түрлеріне сәйкес 2 топқа бөлінді және жалпы күтім іс шаралары жүргізілді. 1-ші топты 13 адам құрады. Оларға күнделікті жүргізілетін күтім процедураларымен қатар жату позициясын өзгерту, құрғақ және жұмсақ төсек, сипай жүргізілетін массаж, төсекті және науқастың терісін нәжіс пен зәрден таза ұстау сияқты принциптер медбикелермен бірге жүргізілді және қадағаланды. Осымен қатар 2-ші топқа кіретін 13 адамға жоғарыда жүргізілген процедуралармен қатар жауыржараға қарсы матрас қолданылды. Жауыржараның даму дәрежесі Ватерлоу шкаласы арқылы бағаланды. Бағалау науқастың ауруханадағы интенсивті терапия және реанимация бөлімшесіне келіп түскен сәтінде, үшінші, алтыншы, оныншы және он төртінші күндері жүргізілді. Жауыржараны алдын алуға бағытталған күтім : Төсек жайманы таза және құрғақ ұстау, төсек пен сүйек шығыңқысы арасында үйкелісті болдырмау және теріні бақылау, зәрден немесе нәжістен науқас денесін таза ұстау, науқасты жетерлікті мөлшерде тамақтандыру мен су ішкізу сияқты ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізілді. Жауыржараға қарсы матрастың ұяшықты матрасын таңдадық, ол — компрессор арқылы матрастың әрбір ұяшығына ауа жіберіліп, үрленіп тұру ерекшелігіне ие. Жауыржараны алдын алуға және алғашқы стадияларында ұсынылады. Біз зерттеуімізде «Тривас» фирмасының жауыржараға қарсы ұяшықты матрасын пайдаландық.

Нәтижелер. Бақылаған 14 күннің ішінде 1-ші топтағы 4 науқаста, 1-2 күні жауыржараның I- ші дәрежесінің пайда болу белгілерін байқадық. Ватерлоу шкаласы бойынша көрсеткіші 15 баллды құрау себебі жасының 75 жаста болуы және жасы үлкейген сайын май қабаттарының өзгеріске ұшырау факторына байланысты, яғни жауыржараның пайда болу қаупі жоғары. Алайда 3 науқаста дене салмағы 100 кг-нан артық болғандықтан және күтімнің түнгі уақытта қолжетімсіздігінен жауыржараның II дәрежесі дамығанын байқадық. 2-ші топтағы науқастардың 2-еуінде жауыржараның I дәрежесі дамыды. Қалған 2-ші топтағы науқастардың көрсеткіштерін Ватерлоу шкаласымен есептегенімізде 8 баллды құрады, яғни күтім іс шаралары кешенді ұйым- дастырылып, науқастың туыстары жауыржараны алдын алуға бағытталған ақпаратқа ие болғандықтан, жауыржараға қарсы матраста жатқан науқастарда жауыржара пайда болу белгіле- рін байқамадық.

Қорытынды: 1. Инсульттан кейінгі науқастарда күтім жеткіліксіздігінен жауыржара дамуы байқалды. 2.Жауыржараға қарсы матрас инсульттан кейінгі науқастарда жауыржара даму жиілігін азайтады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. .Климиашвили А. Д. Профилактика и лечение пролежней / А. Д. Климиашвили // Медицина неотложных состояний. -2004.Т.12, №12.С.40-45.
  2. .Петров С.В. Общая хирургия / С.В. Петров. СПб.: Изд-во «Лань», 2007.- 672 с.
  3. .Капшитарь А. В. Особенности профилактики пролежней. Патологія.-2013.- №1(27). -с 90-91.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина