Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интенсивті терапияда венаны катетеризациялауда дамитын инфекциялық асқынулар

Түйін

Интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып жатқан науқастарға жасалған тамырішілік катетеризация асқынуларын зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылды. Интенсивті терапияда қантамырдың катетеризациясы инфузиялық, трансфузиялық терапияны тұрақты қамтамасыз ету тиімділігімен қатар, өзіне тән асқынуларында ескерген жөн. Негізінен асқынулар асетикалық шараларды сақтай отырғанмен, дәрі-дәрмектердің қасиетіне, қышқылды-сілтілі ортасына және де венаның орналасуына байланысты болып келеді. Орталық венаны катетеризациялаудан басқа (техникасы күрделі), практикада перифериялық веналарды катетеризациялауды қолдану тиімді.

Кілт сөздер: интенсивті терапия бөлімшесі, қантамыр катетеризациясы, инфузиялық терапия, катетеризациялаудан кейінгі асқыну.

Қазіргі кезде интенсивті терапия бөлімшесінде жаңа технология ендіру өріс алу үстінде. Атап айтқанда интенсивті емнің негізгі бөлігін инфузия, трансфузия тәсілі құрайды. Оның ішінде инфузия жүргізуде катетер енгізу ерекше орын алады. Шет ел ғалымдары мәліметтерінде интенсивті терапия алып жатқан науқастың 48% -да тамыр ішілік дәрі -дәрмек енгізу құрайды және де ол тамырішілік катетеризация арқылы жүргізіледі [1]. Әлемде жылына 15 млн- нан астам орталық венозды катетер, 500 млн-нан астам перифериялық катетер қойылады [2]. Қантамырды катетеризациялаудың тиімділігі: ұзақ уақыт парентеральды тамақтандыру (2-3 күннен артық), массивті инфузиялық терапия (күніне дене салмағына 40 мл/кг- нан көп дәрі енгізу), қантамыр ішіне жиі және ұзақ уақытқа ену керек болған жағдайда (ОҚҚ-ын өлшеуге, күніне бірнеше рет биохимиялық зерттеуге қан алуға) [3]. Дәрілік заттардың катетер арқылы жіберілуі науқасқа да, мейірбике жұмысы барысына да тиімді. Бұл тәсіл дәрінің мөлшерін дәл және аз уақытта жіберуге және де мейірбикенің уақытын үнемдеп, күтім процессіне көп көңіл бөлуіне мүмкіншілік береді. Тамырішілік катетер салу науқаста қайта-қайта венепункция жасау қорқынышының психологиялық өзгерістерін азайтады. Алайда тамырішілік катетеризацияны қолданудағы қолайсыз жағдайларды ұмытпау қажет. Негізінен олардың қатарында: инфекциялық асқыну, іріңдеу, тамыр жарақаты орын алады. Өкінішке орай мұндай асқынулар жалпы емдеу мерзімін ұзартып, экономикалық шығын көлемін жоғарылатып қана қоймай, қайғылы жағдайға алып келетін инфекциялық асқынуға алып келеді. Эпидемиологиялық статистика мәліметтері бойынша венаны катетеризациялаудан кейін дамитын инфекциялық асқынулар аурухана ішілік инфекциялардың ішінде 3-ші орын алады. Яғни венаға енгізген катетерден кейін науқастардың 15% шамасында инфекциялық асқынулар болады.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеу Шымкент қалалық жедел жәрдем медициналық ауруханасы, 16 төсектік интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілді. Барлық бақыланған науқас саны- 47, жасы 21- 64 жас аралығында, оның ішінде әйелдер-21 (45 %), ерлер -26 (55 %) құрады. Тамырішілік катетеризация жүргізілу түріне сәйкес 3 топқа бөлінді: I. Бұғана асты венасына - 18 (38,2 %) II. Білектік (кубитальдық) венасына - 15 (31,9 %)

III. Қол сырты венасына - 14 (29,7 %)

Пластмассалық катетерлер веналар көлеміне байланысты мөлшерлері:

Бұғана асты венасына-№ 14G (2,0 х 45 мм),

Білектік (кубитальдық) венасына-№ 20G (1,0 х 32 мм),

Қол сырты венасына —№ 22G (0,8 х 25 мм) қолданылды.

Инфузия, трансфузия жүргізу барысында бұғана асты венасы -11 күн аралықта, ал білектік және қол сырты венасы-5 күн аралықта бақыланды. Мейірбикелік күтім және мейірбикелік манипуляциялар асептика ережелерін қатаң сақтай отырып жүргізілді. Катетерлер арқылы инфузиялық ерітінділермен қатар, дәрілік заттарда ұдайы жіберіліп отырды.

Нәтижелер. Бақылау барысында 1 - ші топта бұғана асты венасының өткізгіштік қасиеті барлық уақытта сақталып, дәрілік заттарды жіберумен қатар, анализге қан алуға толық мүмкіндік берді. Дегенмен 5- ші күні 3 - науқаста катетер айналасында тері гиперемиясы байқалды. Бұл науқастардың диагнозы- Перитонит. Науқастар тынымсыз, қызбалық әрекет жасап, жиі таңбасы ауыстырылуына себеп операция жараларында іріңді - септикалық өзгеріс орын алуы болды.

2-ші топтың науқастарында асқынулар 3-ші күні көрініс берді. Олар гиперемия және де вена бойында ауру сезімі, инфильтрация - 1 науқаста 5 - ші күні байқалды. Анализге қан алу 2- 3- ші күннен бастап ақ қиынға түсті.

3- ші топтағы науқастарда асқынулар 1, 2- топқа қарағанда жиі кездесуі анықталды. Олар гиперемия - 4, вена бойы ауру сезімі - 2, флебиттік көрініс -1. Анализге қан алу қиындық тудырды. Бұған себеп қол басының қимыл -әрекеттері мен қатар, веналарының тарамдық орналасуы байланысты, әрі дәрілік заттардың баяу енуі үлкен рөл атқарды.

Қорытынды:

  1. Интенсивті терапияда қантамырдың катетеризациясы инфузиялық, трансфузиялық терапияны тұрақты қамтамасыз ету тиімділігімен қатар, өзіне тән асқынуларында ескерген жөн.
  2. Негізінен асқынулар асетикалық шараларды сақтай отырғанмен, дәрі - дәрмектердің қасиетіне, қышқылды - сілтілі ортасына және де венаның орналасуына байланысты болып келеді.
  3. Орталық венаны катетеризациялаудан басқа (техникасы күрделі), практикада перифериялық веналарды катетеризациялауды қолдану тиімді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Обеспечение безопасности больного при установке центрального венозного катетера - роль гигены рук. Фаршатов Р.С., Сурков А.И., Здорик Н.А., Кандалов А.В.,Гильмиярова Э.Р., Наука и мир.-2014.-Т. 2.-№ 12
  2. Пункция и катетеризация вен. В.П. Сухоруков, А.С. Бердикян, С.Л. Эпштейн. «Санкт- Петербургское медицинское издательство». 2001. — 56 с.
  3. Инфекционные осложнения катетеризации центральных вен. Е. Ю. Матвеева, А. В. Власенко, В. Н. Яковлев, В. Г. Алексеев.Общая реаниматология.-2011.- Т. 7.- № 5.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.