ТҮЙІН
Көптеген дәрілерге тұрақтылығы анықталған науқастарды анықтап, ІІ-қатардағы дәрілермен емдеу жүргізілген жағдайда, емнің нәтижесі оңды болады, қайталанған жағдай төмендейді (тексерілген екі топ) I- топ жаңа жағдай - 97,6%, қайталанған жағдай - 96,7%. Көптеген дәріге тұрақтылығы анықталған науқастардың қайталану жағдайы, жаңа жағдайға қарағанда 3 есе көп кездеседі. Жаңа жағдайда өлім көрсеткіші - 0,7%, қайталанған жағдайда - 2,06%. КДТ ТБ қарқынды кезеңінің бастапқы емі ауруханада жүргізіледі.
Кілт сөздер: көптеген дәрілерге тұрақты туберкулез, жаңа жағдай, қайталанған жағдай.
Ем нәтижесін анықтау үшін бөлімшеде 2012-2013-2014жылдары ОДКК /орталықталған дәрігерлік консультативтік көмек/ шешімімен IV-санатқа тіркеліп екінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілермен емделген 388 науқастар 2топқа бөлінді. Бірінші топ жаңа жағдаймен тіркелген науқастар саны- 32,4%.
Клиникалық түрлері: Шашыраған өкпе туберкулезімен емделді-3,9%. Инфильтративті туберкулез- 96,1%. Екінші топ қайталанған өкпе туберкулезі-67,6%. Өкпе туберкулезінің клиникалық түрлерімен сараптағанда, шашыраған өкпе туберкулезі-2%, инфильтративті туберкулез-72%, фиброзды кавернозды өкпе туберкулезі-26%. Екі топтағы науқастарда инфильтративті туберкулез түрі жоғары, фиброзды-кавернозды туберкулез жаңа жағдаймен тіркелмеген.
12,5% бірінші топтағы,42,5% екінші топтағы науқастарда әр түрлі негізгі аурадың асқынулары аныталды /тыныс алу жетімсіздігі,қан айналым жетімсіздігі,қан құсу,қан қақыру,сирек экссудативті плеврит,екіншілік туб. менингит/. Негізгі диагнозға қосымша көптеген ауырулардың ілеспелі түрде кездесуі: 1. Жаңа жағдайда асқазан ішек ауырулары-19,5% ,қайталанған жағдайда-51% .2.Неврологиялық аурулар жаңа жағдайда-18,7% ,қайталанған жағдайда30,7%. 3. Қант диабеті жаңа жағдайда-7,4% ,қайталанған жағдайда-12,8% .4. Маскүнемдік жаңа жағдайда - 3,4% ,қайталанған жағдайда-10,5%.
Екінші топтағы науқастарда асқыну мен ілеспелі аурулар саны үш есе бірінші топтан жоғары,және ем барысында қосымша диагностикалық тексерулер мен арнайы симптоматикалық емді қажет етеді. Бұған қосымша ем барысында дәрілерге жанама әсерер туындайды.
Екінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдау барысында жанама әсері болуына байланысты сары карта толтырылды - 29,9%. Циклосеринге - 8%, пиразинамидтке - 6,5%, ПАСК-6% , капреомицинге - 3%, протионамид - 4%, этамбутол - 2%, левофлоксоцин - 0,9%.
Бөлімшеге жатқызылған 388 науқаста бактериоскопия тәсілімен барлығында МБТ+/оң нәтижелі/. №19 бұйрық талабы бойынша ем алдында сүйық қоректік орта/бактэк/,және қатты қоректік ортада /Л.Йенсен/ дәріге сезімталдық тестін анықтау үшін бактериологиялық зертханаға қақырықтың 3 сынамасы жіберіледі.
Егу жұмысының 3 жылдық көрсеткіші: 1. Жаңа жағдайда бактериологиялық тексеруде МБТ+77%, БТтеріс-23%, сезімділік сақталған - 88,6%, тұрақтылық анықталды - 11,4%, ШЛУТБ - 0,5%. 2. Қайталанған жағдайда МБТ+93,2%, МБТ теріс 6,8%, сезімді-77,3%, тұрақты-22,7%, ШЛУТБ-3,4%.
Бұл көрсеткіште де қайталанған өкпе туберкулезімен емделудегі науқастарда екінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге сезімділігі 10% төмен,тұраақтылығы 11% жоғары. ШЛУТБ- үш есе жиі кездескен және барлығы үшінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрімен емделуге арнайы емдеу орнына жолданды. Екі топтағы науқастар стационарда 3-4ай емделіп,бактериоскопияда қақырықта екі рет бірінен кейін бірі МБТ теріс,рентген-томограммада оң нәтижелі өзгеріс,клиника-биохимиялылық зерттеулердің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткізгенде амбулаториялық жолмен емді тұрақты мекен жайыйнда жалғастыруға шығарылды.
Ем нәтижесі:1-ші топта туберкулез таяқшасының жойылуы - 97,6%, 2-ші топта - 96,7%. Бөлімшеде 2012-2013-2014жылдары ем барысында 11-науқас қайтыс болды, жаңа жағдайда-3науқас. /дз:Екі өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау және шашырау сатысы IVcaHam МБТ+, ТБМЛУ жаңа жағдаймен Інауқас қайтыс болды, дз:Екі өкпенің шашыраған туберкулезі IV-санат МБТ +ТБМЛУ, жаңа жағдай - 2науқас қайтыс болды. Үш науқастың ілеспелі дз; В20 ІУклиникалық саты, Вирусты гепатит С. /Туберкулез және ВИЧ екі аурудың қосарлануы салдарынан бұл науқастарда лимфацит-СД-4 төмендеген және екі аурудың клиникалық ағымы өзгеріп ем нәтижесіне кері әсерін тигізеді/Асқынуы: Өкпе жүрек жетімсіздігі 3саты. Кахексия-3саты. Қайталанған өкпе туберкулезімен ем барысында-8 науқас қайтыс болды,барлығында екі өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, өлім себебі негізгі аурудың үдемелі өршуі.
Тұжырым: Туберкулез таяқшасының көптеген дәріге тұрақтылығы / ТТКДТ/анықталған науқас дер кезінде екінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілермен емделген жағдайда ем нәтижесі жоғары,негізгі аурудың асқынулары төмен болады. Жоғарыда көрсетілген екі топқа келетін болсақ: 1-ші топ /жаңа жағдайда/ ем нәтижесі туберкулез таяқшасының жойылуы - 97,6%, қайталанған жағдайда - 96,7%. 2.
Қайталанған өкпе туберкулезімен тіркелген науқастар арасында ШЛУТБ жаңа жағдаймен салыстырғанда 3- есе жиі кездеседі. 3. Жаңа жағдайда өлім көрсеткіші - 0,7% қайталанған жағдайда - 2,06%. 4. ТТКДТ-ғы бар науқастарды тікелей бақылау ем тәртібіне стационарда беймдеу.
ӘДЕБИЕТТЕР
- .Тәбріз Н. С. Фитоактопротекторларды туберкулездің кешенді емінде қолданудың болашаәы / Н. С. Тәбріз // Медицина и экология. - 2010. - № 1. - 6-9 бет.
- .Тәбріз Н. С. Фитопрепараттардың гепатопротекторлық әсері және оларды туберкулездің қешенді емінде қолдану / Н. С. Тәбріз // Фармацевтический бюллетень. - 2009. - № 11-12. - С. 30-33.
- .Өкпенің диссеминирлі туберкулезі диагностикасындағы зерттеу әдістері / У. Т. Макулбаева [және т. б.] // Медицина. - 2015. - №1. - С. 75-76.