АННОТАЦИЯ
Осы жұмыста Шымкент қаласы бойынша 2012-2014 жылдар аралығында студенттердің туберкулезге шалдығу себептеріне, анықталуына және клиникалық ерекшеліктеріне сараптама жасалды. Қала бойынша туберкулезге шалдығу көрсеткіші осы уақыт аралығында 100 мың халық санына 78,9 дан 73,7 ге төмен- деуімен қатар студенттер арасында 53,4 тен 20,2 ге төмендегені анықталды. Оның 85,0% профилактикалық флюорографиямен анықталып, соның нәтижесінде өкпедегі ыдырау үрдісімен анықталғандар 35,7% дан 16,6% ға төмендеген, бірақ та барлық тіркелген жағдайдың 70,0%-ын өкпенің инфильтративті туберкулезі құрып отыр. Студенттер арасында туберкулезбен аурушаңдық төмендегенімен әліде болса оның ішінде бірқатар мәселелер бар, мысалы дер кезінде анықтау, олардың үйлесімді күн тәртібі мен салауатты өмір сҮРУ салтына дағдыландыру мақсатында ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын үнемі өткізіп тұру.
Кілт сөздер: студенттер туберкулезі, алдын алу, анықтау, емдеу.
Қоғамда студент жастар өмір, сүру салты ерекше, өз ұстанымдары мен мінез-құлықтық эталондары бар топ ретінде қарастырылады.Соңғы екі онжылдықта жастар денсаулығының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Оның себептерінің бірқатары - ұтымсыз тамақтану, гиподинамия, стресс. Студенттер арасында әлеуметтік маңыздылығы бар аурулардың, соның ішінде туберкулезге шалдығу және оны анықтау мәселелерінің бүгінгі таңда маңыздылығы артпаса кеміген жоқ. Олардың денсаулығы аса көңіл бөлуді қажет етеді, бірақ жоғарғы оқу орындарында студенттер көп болғандықтан олардың әрқайсысының денсаулығын қадағалау мүмкін емес. Студенттер ортасы тығыз болуына байланысты туберкулез пайда болған жағдайда тез тарап кету қаупі бар, сондықтан оны ерте сатыда анықтау маңызды болып отыр.
Материалдар. Шымкент қаласында 2012-2014 жылдары туберкулезбен ауырған студенттердің амбулаториялық карталары мен ауру тарихтары ретроспективті зерттеліп, сараптама жасалынды. Осы кезендерде туберкулезбен ауырған студенттер 2012 жылы 18 жағдай, 2013 жылы - 11, 2014 жылы 11, жалпы есепке алынған және емделген 40 студент болды ( кесте 1), оның ішінде ерлер 17 (42,5%), қыздар 23 (57,5%). Қала бойынша туберкулезге шалдығу көрсеткіші осы уақыт аралығында 100 мың халық санына 78,9 дан 73,7 ге төмендеуімен қатар студенттер арасында 53,4 тен 20,2 ге төмендегенін №1 кестеден көруге болады.
1-ші Кесте - Студенттердің туберкулезге шалдығуы
Жыл |
Жалпы студенттер саны |
Туберкулезбен ауырған студенттердің саны |
|
Абс. саны |
100 мың халық санына |
||
2012 |
33720 |
18 |
53,4 |
2013 |
38544 |
11 |
28,5 |
2014 |
54341 |
11 |
20,2 |
Туберкулезге қарсы іс-шаралар негізінен ауруды ерте сатыда анықтауға бағытталған. Студенттер «қауіпті топта» бақыланып профилактикалық флюорографиялық тексеруден өтуіне байланысты басым көпшілігі осы әдіспен 34 (85,0%), 6 (15,0%) өзі қаралумен анықталған. Осының нәтижесінде өкпенің ыдырау қуысымен анықталуы 35,7% дан 16,6% ға төмендеген. Туберкулез таяқшасын бөлетін науқастар әр жылда 1 жағдайдан тіркелген, яғни туберкулездің эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті түрінің төмендеуі, сонымен қатар дер кезінде уақытылы анықталуына себеп.
Бірақ та, тіркелген жағдайлардың арасында өкпе туберкулезінің инфильтративті түрі жиі кездеседі, ол туберкулездің аса қолайсыз түрі, яғни тез арада өкпе ыдырау қуысының пайда болып, туберкулез таяқшаларының бөлінуіне әкеледі (кесте 2).
2-ші Кесте - Туберкулездің клиникалық түрлері
Клиникалық түрлері |
Жылдар |
||
2012 |
2013 |
2014 |
|
Инфильтративті туберкулез |
13 |
9 |
6 |
Ошақты туберкулез |
1 |
- |
- |
Туберкулезді плеврит |
3 |
1 |
3 |
Өкпенің шашыранды туберкулезі |
- |
1 |
- |
Туберкулезді спондиллит |
- |
- |
1 |
Туберкулезді лимфаденит |
1 |
- |
1 |
Оның ішінде өкпе ыдырау қуысы |
5 |
- |
1 |
Туберкулез таяқшасын бөлетін науқастар |
1 |
1 |
1 |
Барлығы |
18 |
11 |
11 |
Кесте 2-ден байқағанымыздай барлық тіркелген жағдайдың 70,0% өкпенің инфильтративті туберкулезі құрап отыр, ыдырау сатысында анықталғандар 20,0%, туберкулез таяқшасын бөлетіндер 10,0%.Туберкулез ауруына шалдығу негізінен бастапқы курс студенттері арасында жиірек кездеседі, яғни олардың жаңа ортаға, коллективке бейімделуі, қалыптасқан тәртіптің өзгеруі, уақыттарын тиімді пайдалана алмауы, дұрыс тамақтанбау, қоршаған ортаның зиянды әдеттеріне әуестік (темекі, ішімдік) орталық нерв жүйесіне кері әсерін тигізіп, организмнің қорғаныш қызметін төмендетеді.
Жасалған сараптама барысында жоғарғы курс студенттеріне қарағанда бастапқы курстағылардың жиірек ауыратыны анықталып отыр, оны 3- кестеден көруге болады. Тіркелген 40 жағдайдың 26-ы (65,0%) 1-2 курс студенттері болса, жоғары курстағылар 14 (35,0%). Науқастардың 20,0% жатақхана тұрғындары, яғни басқа жақтан оқуға келген студенттер.
3-ші Кесте - Туберкулезге шалдыққан студенттердің курстары бойынша тіркелуі
Жылдар |
1 курс |
2 курс |
3 курс |
4 курс |
2012 |
6 |
7 |
5 |
|
2013 |
3 |
4 |
3 |
1 |
2014 |
2 |
4 |
3 |
2 |
Барлығы |
11 |
15 |
11 |
3 |
Емделу барысында 2 науқаста тұрақтылық анықталуына байланысты 4 санатқа ауыстырылып, екінші қатардағы дәрілер тағайындалған, қалғандары 1 санат бойынша емін толық аяқтады.
Қорытынды: Студенттер арасында туберкулезді анықтауда профилактикалық флюорографияның маңыздылығын науқастардың 85,0%-ы осы әдіспен анықталғаны дәлелі болады. Оны 100 %-ға жеткізу осы оқу орындарындағы мұғалімдердің әдістемелік басқаруы мен студенттер ұйымдарының бақылауы арқылы жүзеге асырылуы керек. Бастапқы курс студенттерінің жиірек ауыратынын ескере отырып олардың үйлесімді күн тәртібі мен салауатты өмір сүру салтына дағдыландыру мақсатында ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары, әртүрлі сауалнамалар жүргізу, дөңгелек үстелдер және семинарлар студенттік кәсіподақтардың ұйымдастырылуымен өткізілуі тиіс. Көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан, басқа жақтан келген студенттерді ескере отырып оларды жатақханамен қамтамасыз ету қажет. Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында оқу орындары және жатақхана жанынан асханалар ашылуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
- .Большакова Н.А., Корецкая Н.М., Елизаров В.М. Вопросы выявления и клиники туберкулеза у студентов медиков//Тезисы VI национального Конгресса по болезням органов дыхания.- Новосибирск, 1996.
- .Муминов Т.А., Ни З.И., Сарымбетова З.Д., Расликова Н.М. Туберкулез у студентов //Фтизиопульмонология 2003 - №1(3) - С.90-92.
- .Байарстанова К.А., Табриз Н.С., Бидайбаев Н.Ш., Кузнецова В.И., Семашко Н.С., Альгожин Е.Ж. Туберкулез у студентов г. Караганды //Фтизиопульмонология - 2004 - №2(6) - С. 15-16.
- .Абишева З.С., Искакова У.Б., Айхожаева М.Т., Асан Г.К., Исмагулова Т.М. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті. Студенттердің денсаулығы мен өмір сүру салты //13 октября 2014 УДК 614.2 - 057.875:301.085:392