Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Семіздік кезіндегі балалардың тамақтану ерекшеліктері

АННОТАЦИЯ

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Экономиканың және халықтың барлық қызметі саласында тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі мызғымас шарт ретінде, ұлт саулығының негізі - салауатты тамақтанудың стратегиялық мәнін атап көрсетті»[1].

Соңғы жылдары ғалымдар мен дәрігерлерді артық дене салмағы мен семіздік ауруының балалар мен жасөспірімдер арасында таралуының көбеюі қатты алаңдатуда. Балалық және жастық шақта дене салмағының қалыпты шамадан артып, семіздік ауруына шалдығуы көбінесе жүрек- қантамыр ауруларын, диабет, ортопедиялық мәселелер мен психикалық бұзылыстар дамуының қауіпті ықпалын құрайды. Баланың мектептегі төмен оқу үлгерімі мен өзін-өзі бағалаудың төмендігі де көбінесе осыған байланысты екендігі анықталып отыр. Осындай теріс әсерлерімен қатар, артық салмақ балалардың денелік және психикалық-әлеуметтік денсаулығы үшін қысқа немесе ұзақ мерзімді жағымсыз салдарлар туындатады. Балалық шақтағы семіздік - ересек жастағы семіздіктің аса маңызды болжамды факторы болып табылады. Балалық шақта пайда болған зат алмасуы мен жүрек-қантамыр кеселдері қаупінің ықпалдары ересек өмірде де сақталып, денсаулықтың нашарлауы мен мезгілінен бұрын өлім-жітімге ұшырау қаупін арттырады [2,3,4].

Кілт сөздер: балалардағы семіздік, салауатты тамақтану, рацион, тағаммен емдеу, емдәм.

Семіздігі бар балаларда тамақтануды бірінші түзетуі бейімделу кезеңінен бастау алады. Яғни, тағам рационында барлық негізгі тағамдық заттектер артық мөлшерде болуынан, баланың тамақтануын тым шектемеу керек, оны физиологиялық нормаға жақындату керек. Бейімделу кезеңінің ұзақтығы 10-14 күнге жалғасады. Жоғары сынып оқушылары үшін энергетикалық құндылығы төмен емдәмді қолданғанда, ақуыз мөлшерін біршама жоғарылатқан жөн. ақуыз өнімдері тез тойымдылық сезімін беретіндіктен, күнделікті мәзірге майсыз ет түрлері, балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, әсіресе ашыған сүт өнімдерін қосу керек. тәуліктік рационның энергетикалық құндылығын төмендету үшін көмірсулар мен майларды жартылай азайту керек. Май құрамын 15-20 пайызға дейін семіздік дәрежесіне байланысты төмендеткен жөн.

Жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шектеу арқылы, біз бала ағзасында энергетикалық тапшылықты туғызып, ағзадағы май қорындағы майдың шығындалуына ықпал жасаймыз, сондықтан семіздіктің дәрежесіне қарай, баланың жасына сай қалыпты жағдайдан 25-50 пайызға тәуліктік рационнан жалпы көмірсулардың мөлшерін азайтамыз. Семіздігі бар балалар тағамының құрамында қант көп болғандықтан, кисельді, газдалған жеміс сусындарын, консервіленген компоттарды, жеміс езбелерін, өндірістік және үйде жасалған шырындарды қолданбау қажет. олардың орнына табиғи жолмен алынған қышқылды-тәтті шырындарды, қант қосылмаған жеміс- жидектерді, алманың және алмұрттың қабығынан жасалған қайнатпаларын береміз. Сонымен қатар, балалар тағамына арпадан және кебектен жасалған тамақтар қосамыз, өйткені олар құрамында 50 пайызға дейін тағамдық талшықтар бар, ал ол қандағы холестерин мөлшерін төмендетіп, асқазанда тойыну сезімін тудырып, ішектің жиырылуын жылдамдатады.

Субкалориялық емдәм фонында мектеп жасындағы балаларға инсулярлық апппарттың қоздырғышын тыныштандыру мақсатында, аптасына 1-2 рет жеңілдетілген күндер өткізу керек. жеңілдетілген күндердің тәуліктік азық-түлік жиынтығының нұсқаулары 1 кестеде көрсетілген.

1-кесте - Мектеп жасындағы балаларға арналған жеңілдетілген күндердегі тәуліктік азық- түлік жиынтығының нұсқаулары

Нұсқа

Азық-түліктер

Мөлшері

I

Тұзсыз піскен ет,салат,жас қияр (қызанақ) Көкөністер (орамжапырақ,көк салат жапырағы)

250-350г

II

Тұзсыз піскен (шортан,көксерке,нәлім) балық, көкөністер

(орамжапырақ, көк салат жапырағы,жас қияр, қызанақ)

400-500г-нан 1 кг-ға дейін

III

Майлылығы төмен сүзбе,майлылығы 2,5%-ды сүт

300-400 г

IV

Сүт, ашыған сүт өнімдері(кефир биокефир,ацидофилин) майсыз түрі

1,5-2л

3-4 стақан

V

Алма немесе түрлі жеміс -жидектер(банан мен жүзімнен басқасы)

400-500г-нан 1-кг-ға дейін

VI

Әртүрлі көкөністер (орамжапырақ,жас қияр,қызанақ,сәбіз,қызылша )

500-600 г

 

салат түрінде және балауса күйінде

1,5-2,5кг

Баланың физикалық дамуына сәйкес дене салмағына жеткен кезде, демеуші емдәм тағайындалады. оның қолдану уақыты шектелмейді. Осы кезеңде азық-түлік жиынтығын энергетикалық шығындарға сәйкес етіп тағайындаймыз. Барлық отбасы мүшелері бала алдында ащы, тұщы, майлы, қуырылған тамақтарды шектеу керек, кондитерлік өнімдерді азайтып, көкөністер мен жемістерді кеңінен қолдану керек.

2-кесте - Тәуліктік рационның бір күн бойына бөлінуі.

Асты қабылдау

Тәуліктік энергетикалық құндылығы (%)

5 рет тамақтану

4 рет тамақтану

1-ші таңертеңгілік ас

20

30

2-ші таңертеңгілік ас

15

-

түскі ас

35

35

бесіндік ас

15

20

кешкі ас

15

15

Балалардағы семіздікті емдеудің маңызды компоненттерінің бірі - тиімді физикалық жүктеме, бірақ ол мөлшерленген болу қажет. Жүктеме баланың бұлшықеттерінің қимылына, қанайналымына, тыныс алу жүйесі және эндокриндік бездердің жұмысына жақсы септігін тигізеді[5,6,7].

Қорытындылай келе, балаларда артық дене салмағы мен семіздіктің жылдан-жылға белең алуы, ата-аналардың балаларының толуына немқұрайлы қарағандығы, сонымен қатар, мемлекет тарапынан ешқандай алдын алу шараларының ұйымдастырылмай отырғандығы алаңдатады. Егер, бұл мәселені қолға алмаса, 30-40 жылдың ішінде бұл ауру өз нәтижесін береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына«Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл. Астана, Ақорда.
  2. ВОЗ: Предотвращение хронических болезней: важное вложение средств. ВОЗ, 2005, - 32 с.
  3. ВОЗ: Проблема ожирения в Европейском регионе ВОЗ и стратегии ее решения.ВОЗ,- 2009,- 408с.
  4. Бородина О.В. Ожирение у детей и подростков (факторы риска метаболического синдрома:Автореф. дис. . канд. мед. наук / О.В. Бородина. -Москва, 2004. 24 с.
  5. Хасенова Г., Чуенбекова А.Б., Бердыгалиев А.Б., Педиатрияда тағаммен емдеу, Алматы, Нур- Принт, 2012 ж. - 393 б.
  6. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Бутрова С.А., Саваельева Л.В. Ожирение у подростков в России // Ожирение и метаболизм. - 2006. № 4. - с.30-34.
  7. Тажибаев Ш.С., Балгимбеков Ш.А., Қайнарбаева М.С. Профилактика избыточной массы тела и ожирения (Модуль 2).. - Алматы: 2012. - 32 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.