Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азиялық мыңжапырақ өсімдігінің төрт хлорлы көміртегімен уыттанған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштеріне әсері

АННОТАЦИЯ

Азиялық мыңжапырақ (АзМ) өсімдігінің төрт хлорлы көміртегімен (ТХК) уыттанған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткішіне әсерін зерттеу.

Кілт сөздер: Азиялық мыңжапырақ, антиоксидантты жүйе, қан, төртхлорлы көміртегі, тәжірибелік зерттеу.

Кіріспе. Қазіргі кезде дүние жүзінде өсімдік препараттарын пайдалану белең алып келе жатыр, ол өсімдік құрамында биологиялық белсенді заттардың кешенінің болуымен, ағзаға әсерінің тиімділігімен, жанама әсерінің аз болуымен және экономикалық қолайлығымен түсіндіріледі.

Заманауи биологиялық және медициналық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - әсері жоғары, жанама әсері аз жаңа дәрілерді іздестіру.

Зерттеу тәсілдері. 14 күн карантиннен өткен тексіз лабораториялық ақ тышқандарға бауыр қызметіне әсерін зерттеу жедел ТХК - 4-5мл/кг мөлшерде ауыз қуысы арқылы, ішке бір рет енгізу арқылы жасалынған гепатоз моделінде [1] жүргізілді. Интактылы топ жануарлары дистилденген су, бақылау тобы ТХК майлы ерітіндісін қабылдады. Зерттелетін топтардың тышқандары ТХК майлы ерітіндісін және 1 сағат алдын АзМ өсімдігінің шөбінен алынған экстрактыларды 250мг/кг және 500мг/кг дозада қабылдады, салыстырмалы топ жануарлары ТХК майлы ерітіндісін және 1 сағат алдын гепатопротекторлық қаситеке ие «Карсил» таблеткасының сулы ерітіндісін 200мг/кг дозада қабылдады [1].

Қан құрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігі [2, 3] әдісімен, каталазаның белсенділігі [4] әдісімен анықталды.

ТХК-мен уыттанған кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған АзМ өсімдігінің антиоксидантты әсерін толық анықтау үшін зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанында антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштері анықталды.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1-кестеде және 1-суретте орын алды. ТХК-мен уыттанған жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 44,3%- ға және 45,7%-ға төмендейді. ТХК-мен уыттанған тобындағы эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - супероксидисмутазаның (СОД) белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді. Алынған мәліметтер ТХК- мен уыттанған кезінде антиоксиданттық жүйенің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.

ТХК-мен уыттанған жануарлардың карсил препаратын 200мг/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі ТХК- мен уыттанған тобына қарағанда 61,3%-ға және 69,3%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 87,2%-ға өседі, бірақ интактылы тобымен салыстырғанда 10%-ға, 8%-ға және 6,4%-ға төмен орын алады.

ТХК-мен уыттанған жануарлардың АзМ өсімдігінің экстрактысын 250мг/кг дозасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі карсилді тобына қарағанда 6,6%-ға және 7%-ға төмендейді, ТХК-мен уыттанған бақылау тобымен салыстырғанда 50,5%-ға және 57,3%-ға жоғарылады, ал СОД белсенділігі карсилді топпен салыстырғанда 24,6%-ға төмендейді, ТХК-мен уыттанған бақылау тобымен салыстырғанда 41%-ға жоғарылады, бірақ зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі интактылы тобына қарағанда 16,2%-ға, 14,5%-ға және 29,5%-ға тең төменгі деңгейде орын алады [2, 3, 4].

Кесте 1 - АзМ өсімдігінің экстрактысының әсерінен ТХК-мен уыттанған жануарлар

қанының эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің өзгеруі

IТОПТАР

Көрсеткіштері

ИТ

ТХК

ТХК+карсил

ТХК+АзМ 250мг/кг

ТХК+АзМ 500мг/кг

Плазмадағы каталаза (мкат/л)

1,67±0,06

0,93±0,05*

1,5±0,06A

1,40±0,08A

1,44±0,06A

% өзгеруі

100

55,7

90

83,8

86,2

Эритроциттер- дегі каталаза

(шб/106кл)

13,8±0,4

7,5±0,5*

12,7±0,4A

11,8±0,4*A

12,2±0,4A

% өзгеруі

100

54,3

92,0

85,5

88,4

СОД шб/106кл)

0,78±0,03

0,39±0,03*

0,73±0,03A

0,55±03*A

0,70±0,03An

% өзгеруі

100

50

93,6

70,5

89,7

*Ескерту: мұндағы, ИТ- интактылы топ; СОД - супероксиддисмутаза; ТХК - төрт хлорлы көміртегі; ТХК + АзМ - төрт хлорлы көміртегі + «Азиялық мыңжапырақ»; *-p <0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш; A- р<0,05-төртхлорлы көміртегімен уыттанған топтың көрсеткішімен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; □ - төртхлорлы көміртегі + Азиялық

мыңжапырақ экстрактысын 250мг/кг дозада қабылдаған тобымен салыстырғандағы нақты көрсеткіш.

ТХК-мен уыттанған жануарлардың АзМ өсімдігінің экстрактысын 500мг/кг дозасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі карсилді топпен салыстырғанда 4%-ға төмендеді және 250мг/кг мөлшерінде АзМ экстрактысын қабылдаған тобына қарағанда және 2,8%-ға, 3,4%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 4,1%-ға төмендейді және 27,3%-ға өседі, ТХК-мен уыттанған бақылау тобымен салыстырғанда, плазмадағы және эритроциттердегі каталаза 54,8%-ға және 62,6%-ға жоғарылайды, ал СОД 79,5%-ға жоғарылайды. Бірақ зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі интактылы тобына қарағанда 13,8%-ға, 11,6%-ға және 10,3%-ға тең төменгі деңгейде орын алады [2, 3, 4, 5].

Қорытынды. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер АзМ өсімдігінің экстрактысының 250мг/кг және 500 мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы ТХК-мен уыттанған ем ретінде енгізгенде олардың эритроциттердегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл фито экстрактылардың антиоксидантты әсерге ие екендігін дәлелдейді, алайда, карсил таблеткасына қарағанда белсенділігі орта есеппен 7%-ға және 4%-ға төмен деңгейде орын алады. Алынған деректер АзМ өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды антитотықтырғыш қасиеттерге ие екендігін дәлелдейді.

53

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ/ Р.У.Хабриев// М. - Медицина, 2005. - С.827.
  2. Чумакова В.Н., Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале // Вопросы медицинской химии. - 1977. - № 5. - С. 712-716.
  3. Зайцев В.Г., Богочева Ю.Б., Дуфин В.Н., Левшова А.О.и соавт. Определение глутатионпероксидазной и супероксиддисмутазной активности в эритроцитах

пациентов с хроническими диффузными заболеваниями печени (ХДЗП)

//Клиническая и экспериментальная медицина сегодня.Тезисы меж.региональной

конференции молодых ученых, Воронеж, 1997.-С.38

  1. Королюк М.А.,Иванова Л.М.,Майрова М.Г.,Токарев В.Е. Метод определения активности каталазы. //Лаб.дело.-1988.-№1-С.16-19.
      1. Глушков С. И. Нарушения системы глутатиона и их роль в патогенезе острых интоксикаций ксенобиотиками с различными механизмами токсического действия: дис. д- ра мед. наук: 14.00.20, 03.00.04 / С.И.Глушков. - СПб. - 2006. - 451с.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина