АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты: Біржапырақты таспа (Astragalus unifoliolatus Bunge) өсімдігінің экстрактсының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасын анықтау.
Таспа шөбі халық медицинасында өзінің обырға қарсы әсеріне байланысты өте жоғары бағаланады және оның емдік әсері халық емшілерімен тәжірибеде дәлелденген. Таспа шөбінен дайындалған тұнбалар ми қантамырларын кеңейтеді, сонымен қатар шеткерілік тамырларды кеңейте отырып, қанайналымды жақсартады.
Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы индометациндік ойық жарасы бар жануарларға енгізгенде, тәжірибелі жануарлардың қанындағы эритроциттерде диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) қоюлануы индометацинді ем алмаған топқа қарағанда 43,2%-ға,16,9%-ға және 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға,16,9 және 11,5%-ға тең деңгейде орын алады.
Кілтті сөздер: Біржапырақты таспа, индометациндік ойық жара, эритроциттер, липидтердің асқын тотығы.
Кіріспе. Заманауи биологиялық және медициналық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - әсері жоғары жаңа дәрілерді іздеу.
Қазақстанның Таспа туысы өсімдіктері осы уақытқа дейін, химиялық және фармакогностикалық тұрғыдан соңына дейін зерттелмеген. Өсімдіктің генеративтік және вегетативтік органдарынан бірқатар биологиялық белсенді заттар бөлініп алынған (флавоноидтар, полисахаридтер, үштерпенді сапониндер) [1]. Оларға бірқатар биологиялық әсерлер тән.
Антиоксиданттарды қабыну ауруларын емдеу үрдісінде қолдану көптеген факторларды ескеруді талап етеді. Еркін радикалдардың тежегіштері ерте сатысында ЛАТ тежей отырып, цитоуытты агенттердің интактылы жасушаларға селективті емес әсерін, қабыну үрдісінің өрістеуін шектейді, бірақ кейінгі сатыларында бұл қабынудың хронизациясына алып келуі мүмкін. Еркін радикалдардың некробиоз механизміндегі рөлін ескере отырып, олардың артық түзілуін шектеу репаративтік үрдістерге өтуін жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Құрамында биологиялық белсенді заттардың кешені, сонымен қатар антиоксиданттық белсенділігі бар фитопрепараттар - экстракттарды және басқа да өсімдік препараттарын кең қолданумен байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Көптеген әдебиеттердегі мәліметтер, липидтердің еркін радикалды тотығуы басқарудың келісімді жүйесінің ферменттік және ферменттік емес механизмдерінің функциялары есебінен реттелуін дәлелдейді [2,3,4].
Қазіргі кезде дүние жүзінде өсімдік препараттарын пайдалану белең алып келе жатыр, ол өсімдік құрамында биологиялық белсенді заттардың кешенінің болуымен, ағзаға әсерінің жұмсақтығымен, жанама әсерінің аз болуымен және экономикалық тиімділігімен түсіндіріледі.
Зерттеу мақсатына орай, Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына тигізетін әсері анықталды.
Қанның құрамындағы ЛАТ қарқынының деңгейін липоасқын тотықтық каскадтың түрлі сатыларында түзілген өнімдерінің құрамы бойынша анықталды.
Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы эритроциттеріндегі липоасқын тотықтығу өнімдерін (ЛАТ): диенді қоспаның (ДҚ), липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және малондық диальдегидтер (МДА) қарқынының деңгейін спектрофотометрия әдісімен анықталды [5].
Зерттеу нәтижесі. - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгерістері 1-кестеде көрсетілген.
Тәжірибелі индометацинді ойық жарасы бар жануарлардың қанындағы эритроцитттерде липидтердің асқын тотығу өнімдерінің деңгейі әр түрлі дәрежеде жоғарылайды. Диенді қоспаның (ДҚ) мөлшері интактылы топқа қарағанда өсу деңгейі 166,6%-ға тең болды, ал липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ- ӘӨ) мөлшері 40,6%-ға және 32,6%-ға өседі. Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жарада липидтердің асқын тотық өнімдерінің деңгейінің өсуін дәлелдеп, бұл патологияда «гиперпероксидация» синдромы орын алатынын көрсетеді және алынған деректер, ғылыми әдебиеттерде кездесетін мәліметтерге сәйкестігін көрсетеді [5]. Индометацинді ойық жарадағы
орын алатын липидтердің асқын тотығу үрдісіне әсерін зерттеу үшін, бақылау топ ретінде «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топтар алынды. «Асқазан» таблеткасының әсерінен ойық жаралы жануарлардың қанының эритроциттерінде диенді қоспаның, ЛГАТ және ТБҚ-ӘӨ-нің қоюлануы индометацинді ойық жаралы жануарларға қарағанда 10,3%-ға, 8,5% және 11,6%-ға төмендейді, бірақ интактылы (І-ші бақылау тобы) қарағанда олардың мөлшері жоғары деңгейде орын алады. Оның ішінде ДҚ қоюлануы 139,2%-ға, ЛГАТ мөлшері 28,8%-ға және ТБҚ-ӘӨ деңгейі 17,4%-ға жоғарылайды.
Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде, тәжірибелі жануарлардың қанындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің қоюлануы индометацинді топқа қарағанда біршама төмендейді. Диенді қоспаның эритроциттерде қоюлануы индометацинді ем алмаған жануарлар тобына қарағанда 43,2%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға тең деңгейде орын алады. Липидтердің гидроасқын тотығының эритроциттердегі қоюлануы индометацинді ем алмаған тобына қарағанда 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 16,6%-ға тең деңгейде орын алады. Тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) эритроциттегі индометацинді бақылау тобына қарағанда мөлшері 16%-ға төмендейді, бірақ бақылау тобына қарағанда 11,5%-ға тең деңгейде орын алады (кесте - 1, сурет - 1 ).
Кесте 1 - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгерістері.
ЛАТ өнімдері |
Топтар |
||||
ИТ |
ИмОЖ |
ИмОЖ+АсТ |
ИмОЖ +БЖТЭ |
||
Диенді қоспа (отб/106 жасушаға) |
% |
15,3±0,45 100 |
40,8± 1,22* 266,6 |
36,6±1,2* 239,2 |
22,9± 1,1* 149,6 |
ЛГАТ (отб/106 жасушаға) |
% |
5,9±0,22 100 |
8,3±0,20 140,6 |
7,6±0,30* 128,8 |
6,9 ±0,59* 116,9 |
ТБҚ-ӘӨ (мкмоль/мг) |
% |
5,2±0,21 100 |
6,9±0,12* 132,6 |
6,1 ±0,18* 117,4 |
5,8 ±0,36* 111,5 |
ЛГАТ-лиипидтердің гидроасқын тотығы; ТБҚ-ӘӨ - тиобарбитурат қышқы-лымен әрекеттесетін өнім; ИТ-интактлы топ; ИмОЖ - индометацинді ойық жара; ИмОЖ+АсТ- индометацинді ойық жара + «Асқазан» таблеткалары; ИмОЖ +БЖТЭ - индометацинді ойық жара + Біржапырақты таспа экстрактысы; *-p <0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш;**-р<0,05-индометацинді ойық жаралы топтың көрсеткішімен салыстырғандағы нақты көрсеткіш. |
Қорытынды
1. Тәжірибелі индометацинді ойық жарасы бар жануарлардың қаны эритроцитттердегі диенді қоспаның мөлшері интактылы топқа қарағанда өсу деңгейі 166,6%-ға тең болды, ал липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) мөлшері 40,6%-ға және 32,6%-ға өсті.
2. Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде тәжірибелі жануарлардың қанындағы эритроциттерде диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) қоюлануы индометацинді ем алмаған топқа қарағанда, 43,2%-ға,16,9%-ға және 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға,16,9 және 11,5%-ға тең деңгейде орын алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Гемеджиева Н.Г. Состояние изученности и перспективы освоения полезных растений флоры Казахстана // Лекарственные растения: традиции и перспективы исследований: мат. Международн. научн. конф. - Киев, 2006. - С. 88-91.
- Gromadzinska J., Sklodowska M., Wasowiz W. Glutatione peroxidase activit, lipid peroxides and selenium concentration in various rat organs// Biomed.Biochim.Acta.-1988.-V.47.- №1. - P.19-24.
- Гусев В.А., Панченко Л.Ф. Супероксидный радикал и суперок-сиддисмутаза в свободнорадикальной теории старения//Вопросы мед. химии. - 1981. - №4. - С.8-22.
- Губский Ю.И.Регуляция ПОЛ в биологических мембранах //Биохимия животных и человека. - 1978. - Вып. 2. - С. 72-84.
- Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.