АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты: Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдеріне әсерін анықтау мақсатында зерттеуге Түлкіше таспа өсімдігінің экстракты алынды. Экстракттың антиоксидантты әсерін анықтау үшін, тәжірибелі жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштерін анықтау.
Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы топ жануарларына қарағанда, плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы жануарлардың эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі болып табылатын - супероксидисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді. Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антиоксиданттық жүйенің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.
Кілтті сөздер: Түлкіше таспа, индометациндік ойық жара, каталаза, супероксиддисмутаза, антитотықтырғыш жүйе.
Кіріспе. Жасушаның өміріне қауіп туғызатын оттегі реактивті бөлшектердің тепе-теңдікті концентрациясы, бірқатар ферменттер тобы жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Олардың ішінде СОД маңызды орын алады. СОД антирадикалды қорғаныштың кілтті ферменті бола отырып, супертотықты анион - радикалдарды дисмутациялау жолымен залалсыздандырады және триплетті оттегі мен сутек асқын тотығының реакцияға қабілеті төмен молекулаларына айналдырады [1].
СОД жоқ болса, супероксидандиондардың кенеттен дисмутациялануы нәтижесінде қауптілігі жоғары синглетті оттегі мен сутек асқын тотығының түзілуі жүреді. [2-4].
СОД қызметі, ағзаны оттегінің белсенді түрінің уытты әсерінен қорғайтын біріншілік тосқауыл болып қана саналады.
Ағзада ферменттік қорғаныстың екінші желісі жақсы жұмыс істеп тұрғанда ғана сутек асқын тотығының теріс әсері болмайды. Оған тотыққа қарсы желіні құрайтын каталаза мен глутатионпероксидаза жатады.
Каталазаның айрықша қасиеті оның бифункционалды белсенділігі. Бұл фермент сутек асқын тотығын су мен оттегегі (каталазалық функция) дейін ыдырата алады және әр түрлі эндогенді экзогеннді субстраттардың сутек асқын тотығымен тотығу реакциясын катализдеуге қабілетті (пероксидаздық әсер). Каталаза сүт қоректілердің барлық дерлік жасушаларында бар және асқын тотық қатынасындағы таңдамалылығы өте жоғары.
Ол май қышқылдарының гидрототықтарын, сондай-ақ ақуыздың және нуклеиндік тектес асқын тотықтарды тотықсыздандаруға қабілетті.
Этиологиясы әр түрлі қабыну ауруларын емдеуде бейстеройдты қабынуға қарсы дәрілер кең қолданылады. БСҚҚД әсер ету негізіне қабыну тудыратын және термореттеуге қатысатын, ауырсыну сезімдерінің пайда болуын қалыптастыратын простагландиндердің синтезен тежеу болып табылады. Сонымен қатар, БСҚҚД асқазан ішек арнасына ульцерогенді әсер етуі тән [5].
Дәрілік ульцерогенездің модельдеуде асқазанның жаралы -деструктивті зақымдануларының патогенезінде циклооксигеназа-1(ЦОГ-1) ферментінің «физиологиялық» изоформасын тежеу маңызды орын алады. ЦОГ-1 адам ағзасының гомеостазының көптеген параметрлерін құптауда маңызды роль атқаратын, соның ішінде асқазан ішек арнасының қорғаныс потенциалын да қалыпта ұстайды [6]. БСҚҚД индуцирленген гастропатияда асқазанның шырышты қабатының зақымдануының механизмінің біріне еркін радикалды үрдістердің қарқындауы (биомембрана липидтерінің асқын тотығуы) болып табылады [7]. Ағзаға жағымсыз ықпалдардың әсерінен пайда болған еркін радикалды тотығудың күшеюі, сыртқы ортаның зақымдаушы ықпалдарына, ағзаның бейспецификалық резистенттілігінің молекулалық механизмдеріне тікелей қатысатын жүйе ретінде қарастырылатын, антитотықтырғыш жүйенің жауап серпілісіне алып келеді [8].
Зерттеу мақсатына байланысты, Түлкіше таспа өсімдігінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйесінің көрсеткіштеріне әсері зерттелінді. Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған Түлкіше таспа өсімдігінің антитотықтырғыш әсерін толық анықтау үшін, зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанындағы антитотықтырғыш жүйелердің көрсеткіштері анықталды.
Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы антиоксидантты жүйе ферменттері - каталаза мен супероксиддисмутаза белсенділіктерін анықтау әдісі бойынша анықталды.
Зерттеу нәтижесі. Индометацинді ойық жаралы жануарларға «Асқазан» таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 12%-ға және 20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1-кестеде және 1-суретте берілген. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға ұшырайды. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - супероксиддисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді.
Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антиоксиданттық жүйенің көрсеткіштерінің деңгейінің едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.
Индометацинді ойық жаралы жануарлардың асқазан таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 12%-ға және 20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі.
Индометацинді ойық жаралы жануарлардың Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысын 200мл/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі индометацинді топқа қарағанда 36,2%-ға және 42,4%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 76,3%-ға өседі, бірақ СОД белсенділігінің деңгейі бақылау (интактылы) тобына қарағанда 11,9%-ға артады.
Қорытынды.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер, Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысының 200мл/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және асқазан таблеткасына (ІІ-ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 23,2-17,8%-ға жоғары деңгейде орын алады. Алынған деректер, Түлкіше таспа өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды, антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді [9].
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Дроговоз С.М., Слышков В.В., Сарбаш Т.Ф. Супероксиддисмутаза-перспективный гепатопротектор//Экспериментальная и клиническая фармакология. - 1993. - Т.56. - №4. - С.51-52. 2.Афанасьев И.Б. Анион радикал кислорода O2 в химических и биологических процессах//Успехи химии. - 1979. - Т.48. - Вып.6 - С.977-1019.
- Габибов М.М., Карагезян К.Г. Влияние экзогенной супероксиддисмутазы на перекисное окисление в гомогенатах тканей при гипоксии//Вопросы мед.химии. -1980. - №5. - С.648-650.
- Дудник Л.Б., Тихова А.К., Алесенко А.В., Ленкин В., Бурлакова Е.Б. Изменение активности супероксиддисмутазы и глутатион пероксидазы в процессе интенсификации окисления липидов при ишемии печени//ВЭБМ. -1981. - №4. - С.291-301.
- Клиническая фармакология нестероидных противовоспалительных средств (под ред. Ю.Д. Игнатова, В.Г. Кукеса, В.И. Мазурова). - М.:ГЭОТАР - Медиа, 2010. - С. 256.
- Каратеев А.Е., Насонова В.А. Распрастраненность структура ифакторы риска развития гастропатиий, индуцированных НПВП//Росс.журн. гастроэнтерологии, гепатологии, колопроктоло- гии.- 2000. №4.- С.- 34-39.
- Kikugamma K.. Yasuhara Y.. Ando K. et al. Protective Effect of Supplementation of Fich Oil with High n-3 Poliyns. Yasuhaturated Futty Acid against Oxidative Stress -induced DNA Damage of Rat liver in Vivo. //J Agric Food Chem.-2003.
- Подколзин А.А., Мегреладзе А.Г., Донцов В.И. и др. Система антиоксидантной защиты организма и старение // Профилактика старения.- 2000, №3.- С. 18-36.
- Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.