Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Контактілі әдіспен бактерицидті қасиетке ие күміс қаптама алу

АННОТАЦИЯ

Жұмыста әртүрлі үлгілердің беткі қабатына никель-фосфор, күміс-фосфор қабықшаларды енгізу және олардың ары қарай күміске трансформациялануы зерттелген. Үлгі ретінде тегіс бетті жалпақ металл пластиналары пайдаланылды. Ерітіндімен суландыруды қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар қажетті адгезияны жасау үшін, беттік ауданды алдын ала дайындау жұмыстары жүргізілді.

Кілт сөздер: бактерицидті қаптама, фосфор, никель-фосфорлы қаптама, мыс-фосфорлы қаптама, контактілі күмістеу.

Мыс-фосфорлы және никель-фосфорлы беттерге контактілі күмістеу процесін өңдеу технологиясының ғылыми өзектілігі-күмістің бактерицидті емдік қасиеті болып табылады.

Контактілі әдіспен алынған күміс қаптамасының перспективасы, әртүрлі салада кең ауқымды қолдану аясын анықтау, өңдеу технологиясын дамыту.

Көптеген бактерицидтер басқа микроағзаларға, яғни уақ саңылауқұлақтары, балдырлар, вирустар және тағы басқаларға қарсы тұруда белсенді және өз кезегінде фунгицидтер өте жиі бактерицидті әрекетке ие. Бактерицидтерді дезинфекциялаушы зат ретінде, материалдарды және бұйымдарды биобұзылулардан қорғау үшін, антисептикалық, химиотерапиялық және дерматологиялық зат ретінде қолданады.

Зерттеу мақсаты. Контактілі әдіспен бактерицидті қасиетке ие күміс қаптамаларын алу.Зерттеу мақсатын орындау үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:

  • әртүрлі функционалды қасиеттері көп, контактілі әдіспен сапалы қаптама алу;
  • мыс-фосфор және никель-фосфор каталитті қасиеттері бар қаптама алу технологияларын өңдеу.

Материалдар және зерттеу әдістері. Фосфорқұрамды, аморфты қаптаманы гальваникалық немесе химиялық әдістер арқылы алуға болады.

Эксперимент барысында мыс-фосфорлы және никель-фосфорлы беттерге контактілі күмістеу процесін өңдеу үшін төмендегі әдістер қолданылды:

  • мыс-фосфорлы каталитті қаптамасын алу үшін, зертханалық жағдайда фосфин газын жинайтын қондырғыны құрастыру;
  • әртүрлі функциональды қасиеттері көп, мыс-фосфорлы беттерге контактілі әдіспен сапалы күміс қаптамасын алу.

Зертханалық жағдайда фосфин газын алу технологиясы.

Фосфиндеу үшін фосфинді мына жолмен аламыз. Зерттеулер үшін фосфинқұрамды газды 2 г мырыш фосфидін 10% күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттестіру нәтижесінде алдық.

Мырыш фосфинді ұнтақ тәрізді қышқылдық ыдырату арқылы өңдеп фосфин құрамды газды алды. Негізгі тәжірбиелерді фосфин құрамды газдармен өткізілді.

Жұмыста мыс үлгісінің бетіне каталитті қоспалар арқылы мыс- фосфиді қаптамасын алу жолы зерттелген. Қаптаманы алу кезінде үлгі ретінде ең басты жұмыс беті жазық металдан жасалынған мыс пластинка қолданылған.

Мыс фосфиді қабықты алу процесінің негізіне газ тәрізді фосфинмен бірге қосвалентті мыстың тотықсыздану реакциясы жүргізілді. Бұл үшін ең алдымен үлгінің бетіне мыс тұзды ерітіндісінің қаптамасы аланған: одан кейін осы бетті фосфинмен өңделген.

Нәтижелер және оларды талдау. Алынған қаптамадағы материалдың маңызды сапа қатарын құрайтын мыс-фосфор қабатына кантактілі әдіспен аморфты құрылымын, жаңа қасиеттерді қалыптастыру, үрдіске жүктелген шарттарға тікелей байланысты.

Осы реакция нәтижесінде металдың бетінде қара түсті мыс фосфиді түзіледі.

Таза мыс электроды (Cu); стационарлы потенциал көрсеткіші EcT(Cu2+/ cu)= +0.34B; салыстырмалы электрод күміс-хлорлы электрод (Cl- |AgCl| Ag) =+0.22B; концентрациясы AgNOs =1н; 0.1н; 0,1г/л; зерттеу ерітіндісі қолданылды. Күміс нитратындағы потенциал мәндерінің көрсеткіштері 4-суретте келтірілген.

91

Бұл әдістер қазіргі уақытта толық зерттелген, бірақ әдістің кемшіліктері жеткілікті (жоғары температуралы процесс, кеуекті материалдар ішкі бетіне қаптама алу күрделілігі, қымбат паллади қосылысты материалдардың қолдануы және т.б.). Әртүрлі материалдар бетіне төмен температуралық жағдайда, контактілі әдіспен, сапалы қаптама алудың жаңа технологиясын дайындау маңызды және өте қажет.

Қорытынды. Контактілі әдіспен мыс-фосфорлы және никель-фосфорлы беттерге алынған күміс қаптамасы, бұйымдарға жаңа функциональді қасиеттер береді, қаптама құрамында бар компоненттер (ыстыққа төзімді, химиялық тұрақты, бактерицидті, беріктігі жоғары) қабілеттілікке ие, сондай-ақ алынған қаптаманың маңызды қасиеті каталитикалық активтілігі. Мыс-фосфорлы негізінде алынған қаптаманың, физика-химиялық қасиеттеріне әсер ететін әртүрлі параметрлердің рационалды математикалық есептері дайындалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Баешов Ә.Б Жұрынов М.Ж. Баешова А.Қ. Электрохимия негіздері / Баешов Ә.Б Жұрынов М.Ж. Баешова А.Қ -Түркістан: ХҚТУ, 2001.-182 б.
  2. Сатаев М.С. Физико-химические основы и технология получения различных фосфидов и фосфидных пленок. Автореф.дисс.доктора техн.наук.-Шымкент, 2002.
  3. Сатаев М.С. Новые технологии на основе техногенных фосфидов в решении экологических проблем. - Алматы; Ғылым. 2001,-158 с.
  4. Liu Bo, Huang Yan-bin, Zhang Ping, Meng Zhao-fu, Liu De-gang, Xu Xiao-li, Chu Qing-guo. Исследование кислотного химического осаждения Ni-Cu-P покрытия //Diandu yu tushi = Electroplat and Finish. 2005. Vol. 24, №3. — P. 18-20.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.