Психоактивтік заттардың тұрғындар психикасына әсері мен әлеуметтік-медициналық шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері

АННОТАЦИЯ

Психоактивтік заттарды қабылдау оқиғаларының кеңінен таралуы. Мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды қамтып отырады екен. Соңғы жылдары белгілі болғандай нашақорлар АҚТҚ-инфекциясын (ВИЧ-инфекция) жұқтырудың негізгі себебі екен. Ғылыми еңбекте туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын белсенді жүргізудің тиімділігі жоғары екендігі көрсетілген.

Кілт сөздер: тұрғындар, денсаулық, скрининг,алдын алу.

Жұмыстың өзектілігі. Нашақорлық мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігі туындап отыр. Нашақорлық көптеген ауыр қылмыстарға алып келсе, ал есірткіге сұраныстың артуы жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияның туындауына алып келеді. Есірткілерді тарату мен нашақорлар қызметіне байланысты басқа да қылмыс түрлері артуда. Егер есірткілік заттарды қабылдауға нашақордың қажеттілігі аса жоғары болса, кезекті дозаға ақша табу үшін нашақор кез келген ауыр қылмысқа барады. Бұл жағдайда отбасы мен дәрігерлердің бірлесе атқаратын іс- шараларының тиімділігін бағалаудың маңызы өте үлкен [1].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Оның қоғаммен байланысы мүлдем жоғалады, сондықтан да қылмыс істеуге әрқашан бейім тұрады. Нашақорлықтың салдарын бағалау үшін күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын есепке алу қажет. Күрделі есірткілер өлімге әкелетін аса қауіпті себептің бірі. Ал жеңіл есірткілердің зиянын тұтынуға рұқсат етілген алкогольдік және темекі өнімдерінің салдарымен салыстыруға болады. Материалдарды өңдеу медициналық-статистикалық әдістермен жүзеге асырылды.

Зерттеудің нәтижесі және оны сараптау. Тұрғындардың өмір сүру жағдайын зерттеу, олардың өмір сүру кезеңінде айтарлықтай өзгерістер болғандықтан байқатты.Наркотик деп келесі қасиеттерге сәйкес келетін затты айтады, оның ішінде орталық жүйке жүйесіне седативті, ынталандырушы, галлюциногенді және т.б әсер етеді. Бұл қасиеттер оның медицинада қолданыл- мауының себебі болып табылады.

Есірткілік психоактивтік затты медициналық мақсаттан тыс қолданудың көптеген бағыттары бар, және оның салдары әлеуметтік маңызға ие. Заң бойынша наркотикалық деп табылған және ҚР ДС және ӘД министрлігінің шешімімен наркотикалық заттар тізіміне енгізілген (заңды критерий). ДДСҰ ұсынысына сәйкес наркоман деп, жағдайы келесі белгілердің бірнешеуіне сәйкес жауап беретін адамды айтады. Наркотикалық заттарды қайталай қабылдауға байланысты наркоманда оның өзі үшін және қоршаған ортаға қауіп түсетін кезең және наркоманда үнемі интоксикация жағдайы пайда болады. Ол өзінің физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайына зиян келтіріп қоймайды, сонымен қатар өзінің жүріс-тұрысымен қоршаған ортаға, туыстарына, қоғамға материалды және моральді зиянын тигізеді. ДДСҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша дәрілік тәуелділік деп «белгілі бір затты қолдануға байланысты басылатын жағымсыз симптомдардан құтылу үшін белгілі бір затты үнемі қабылдауды қажет ететін жүріс- тұрыстық реакциялармен сипатталатын психикалық, кейде физикалық күй».

Психоактивті заттарды қолдану мотивациясының негізгі түрлері: - атарактикалық - ПАЗ-ы эмоциональді дискомфорт көріністерін жеңілдету немесе аластату мақсатында қолдану ; -

гедонистикалық - ПАЗ-ы эйфорияға салыну мақсатында қолдану; - белсенділікті арттыру («жүріс- тұрыстық») - ПАЗ-ы белсендендіруші мақсатта қолдану немесе пассивтілік, немқұрайдылық, апатия жағдайынан шығу; - субмиссивті - ПАЗ-ы «коллективтен» тыс жеке қалмау мақсатында қолдану («ұжымдылық үшін»); - псевдокультуральді - ПАЗ-ы, дүниетанымдық, мәдени мақсаттар мен эстетикалық қызығушылықтарды арттыру мақсатында пайдалану. Наркотикалық заттарды қолдануына байланысты тұрғындарды бірнеше топтарға жіктейді:

Наркотикалық заттарды қолданбайтындар. Медициналық мүддеге қажеттілікке бойынша наркотикалық заттарды қолданатындар. Наркотикалық заттарды шамадан тыс қолданатындар: а) Сынақшылар - ПАЗ-дың немесе наркотикалық заттардың әсерін әртүрлі себептерге байланысты сынап көрушілер; б) Сирек қолданушылар - өздеріне таныс әсерді алу үшін наркотикалық заттар- ды анда-санда қолданатындар; в) үнемі қолданатындар - болашақ наркомания және токсикомания- мен науқастанушылар қатарын толықтырушылар.

Наркотикалық интоксикация немесе наркотикалық мастану синдромы - наркотиктің кез- келеген түріне тән белгілі бір психикалық, соматикалық және неврологиялық симптомдармен көрінетін жағдай. Осы симптомдардың жиынтығы эйфория түрінде көрініс береді. Осы жағдай психоактивті заттарға тәуелділіктің даму механизмінің бірінші сатысы болып табылады. Наркомандардың өлім-жітімге ұшырау себептері: шамадан тыс қабылдау - (67%) Сепсис - (10%). Наркотизацияға байланысты аурулардың ЖИТС пен гепатиттен 13%, суицидтерден 2%, зорлық- зомбылықтан 8% қайтыс болды. Олардың 48% үйінде, 21% подъездінде, 14% стационарда, 17% подвалда немесе басқа жерлерде қайтыс болған.

Опиоидттарды қолдану нәтижесінде қалыптасатын жүріс-тұрыстық бұзылыстарға келетін болсақ, онда наркотикті бір реттік қабылдау тәуелділік туғызбайды. Наркотикті үемі қабылдау (героиннің 3 тен -5 инъекциясына дейін, морфиннің 10 нан -15 инъекциясына, кодеиннің 30 қабылдауына дейін) наркотикке патологиялық әуестік түзілуіне жағдай тудырады. Ауру ағымы үдемелі. Опиойдтармен мастанудың белгілері (героинмен, апиынмен, кодеинмен):

1. Сомато- вегетативтік көріністерге тері қабатының бозаруы, көз қарашықтарының айқын тарылуы (миоз), қарашықтардың көзге түскен жарыққа жауабының төмендеуі, көздердің қызаруы және айқын жылтырауы, «көз астындағы көгерулер», баяулаған тыныс, терінің қышуы (әсіресе мұрында), гипотония, брадикардия, тері мен еріннің кілегей қабатының және тілдің құрғақтығы, зәр бөлінуінің азаюы, жиі іш қатулар, шамалы гипотермия жатады.

2. Психикалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстар мастану кезеңінде орын алады. Психикалық жағдайдың кенеттен өзгеруіне бейімділік байқалады, ұйқышылдық, сөйлеудің баяулауы және түсініксіздігі, пассивтілік, әлсіздік, шаршағыштық, қоршаған ортаға және болып жатқан оқиғаларға немқұрайдылық, тітіркенгіштік.

Осы көріністер эйфориямен және қамсыз көңілділікпен, қауіп-қатерге бейімділікке ауысуы мүмкін, ойлау жылдамдауының көріністері, сөзшеңдік және кеңпейілділік байқалуы мүмкін.

Әйелдердегі героиндік наркомания алкоголизммен, наркоманиялармен және басқа психикалық бұзылыстармен жоғары тұқымқуалаушылық ауырлығымен сипатталады. Анасының алкоголизмі 8,1% жағдайда, әкесінің алкоголизмі 43,2% кездеседі, сибс туыстарының алкоголизмі мен наркоманиясы - 4,7% және 16,3% осыған сәйкес, басқа туыстарының арасындағы алкоголизм 47,1% жағдайда кездеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Сондықтан наркологиялық диспансерлерде мұғалімдер, педагогтар, психологтармен әлеуметтік сала қызметкерлері арасында арнайы бағдарлама бойынша наркология мен токсикомания мәселесі туралы оқу-тәжірибе шараларын жүзеге асыру керек. Тұрғындар арасында наркотиктер мен психоактивтік заттарға деген теріс көзқарас қалыптастыруға арналған профилактикалық әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүзеге асырылуы тиіс.

Жасөспірімдер арасында волонтерлік қозғалыс ұйымдастырып, салауатты өмір сүру салтын насихаттауды барынша белсендіру қажет.

Психоактивтік заттар мен наркотиктерді қабылдау қарсы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған шаралардың тиімділігін бағалау үшін медициналық-әлеуметтік маниторинг тоқтаусыз іске асырылуы тиіс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Устинов Н. О. Влияние медико-социальных факторов риска на развитие зависимостей от психоактивных веществ у подростков // Материалы ежегодной научной конференции РязГМУ. - Рязань, 2006. - Часть II. - С.73-75.
  2. Битенский B.C., Херсонский Б.Г., Дворяк С.В., Глушков В.А. Наркомании у подростков. К.: Здоровья, 1989. - 216 с.: ил.
Жыл: 2015
Қала: Шымкент
Категория: Медицина