тҮЙІН
Оңтүстік Қазақстанда өсетін Астрагал туысының биологиялык белсенді қосылыстарын зерттеу кезінде шет ел ғалымдарының ғылыми нәтижелері бойынша әдеби шолу жасадық. Негізінен бұл өсімдіктен циклоартан қатарының тритерпеноидтары бөліп алынғанын байқадық. Сиверс астрагалы өсімдігінің жер үсті бөлігінен жұқа қабатты хроматография арқылы үш жекеленген зат бөлініп алынды. Алынған жекеленген затты ЯМР 1Н және 13С қозғалыстағы спектрінің көмегімен құрылысын анықтадық.
Өсімдіктің жер үсті бөлігінен 4-(2,2,3-триметил-5-оксоциклопентилиден)-бутан қышқылы, 1,2-диметил-1,2,3,3а,5,5а,6,7,8,9,9а, 11а-додекагидробензо(с)циклопента(һ)хромен-7,8-диол және 1-О-метил-в-О-глюкопираноза құрылымды қосылыстар бар екендігі анықталды.
Кілт сөздер: Astragalus sieversianus, экстракция, циклоартан, фитохимия
Кіріспе. Ғасырлар бойы дәрілік өсімдіктермен түрлі ауруларды емдеуде тәжірибесі мол халық медицинасы ғылыми медицинаға келешегі зор жаңа зерттеу объектілерін ұсынады. Қазақстан флорасы халық медицинасында кеңінен қолданылатын дегенмен аз зерттелген немесе мүлдем зерттелмеген дәрілік өсімдіктердің қорына өте бай. Астрагал туысының өсімдіктері осы өсімдіктер қатарына жатады. Біздің зерттеу объектімізге халық медицинасында кеңінен қолданылатын Астрагал туысының Сиверс Астрагалы болып табылады[1-2].
Астрагал - емдік қасиетке ие. Астрагалдың құрамындағы заттардың ағзаның барлық жүйесіне оң әсер көрсететіні соның ішінде қартаюды тежейтіні тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Бұл өсімдікті көптеген ұлттар халық медицинасында кеңінен қолданады. Астрагалдың құрамында ББЗ-дың маңызды топтары кездеседі:
полисахаридтер - иммуностимулятор рөлін атқарады.
органикалық қышқылдар - ас қорыту жүйесін жақсартады, шіру үдерісінің дамуын болдырмайды.
флаванойдтар - ультракүлгінді жұту арқылы ісікке қарсы күреседі.
Илік заттар, рутин - тамырлардың қабырғаларын бекітіп, оларды тазартады, сонымен қатар бактерицидті қабілет көрсетеді.
Дәрумендер - С, Е.
Эфир майлары - қабынуға, тыныштандырғыш және микробқа қарсы әсер етеді.
Астрагал тонусты көтереді, гипотензивті, тыныштандырғыш, қан тоқтататын, несеп айдайтын, тер айдайтын, тамырды кеңейтетін сөйтіп қан айналымды жақсартатын қасиеті бар. Мияжапырақты астрагалды іш жүргізетін және қақырық түсіретін қасиетіне дерматитте және скрофулезде қолданады. Астрагал - дәрілік формалар. Емдік мақсатта астрагалдың барлық бөлігі қолданылады. Тамырын күздің аяғында қазып алады, жақсылап жуып, жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді[3-5].
Зерттеу мақсаты: Өсімдік құрамындағы биологиялық белсенді заттарды (ББЗ) бөліп алу және алынған жеке қосылыстардың химиялық құрылымын анықтау.
Жұмыстың нәтижесі. Массасы 58,3 г өсімдіктің жер үсті бөлігін кептіріп, бензолмен экстракцяланды. Нәтижесінде 5,81гр бензолды экстракт алынды.
ЯМР 1Н және 13С қозғалыстағы спектрдің көрсеткен көрсеткіштері бойынша алынған бірінші заттың құрылымдық формуласы 4-(2,2,3-триметил-5-оксоциклопентилиден)-бутан қышқылы.
1 - заттың протонды спектрінде, күшті аймақта(Н-6’, Н-7’, Н-8’) метил тобының (0,02 және 0,85 м.ү.) жоғары қарқынды синглетті сигналдарын байқауға болады. Сонымен бірге спектрдің бөлігінде 1,09-1,14 м.үлесінде бесмүшелі сақинаның СН2-тобының протондары дублет күйінде тербеліс көрсетеді. Осы берілген фрагменттің метил тобына 2,26-2,29 м.үлесінде триплетті дабыл тән, 4,04 м.ү. орталықтағы триплетті дабыл sp2 - гибриттелген (H-4) көміртегі атомының протонына сәйкес.
Сондай - ақ Сиверс Астрагалы өсімдігінің жер үсті бөлігінен хлороформды экстракт және колонкалы хроматография арқылы екінші жекеленген зат бөлініп алынды.
ACDL abc бағдарламасында модельденген әртүрлі құрылыстағы қосылыстар спектрлері бойынша ASHX-5 үлгісінің берілген протонды және көміртекті спектрлеріне сәйкес құрылым таңдалынып алынды.
67
Алдын ала болжанған құрылымдағы анықталған 1Н және 13С ядроларының дабылдарын сәйкестендіру төменде көрсетілген. ПМР спектрлерінің күшті өрістегі (0,90 м.ү.) бөлігінде жоғары пәрменді триплетті дабылы бір фрагменттің екі метилді орынбасарларының сутекті атомына қатысты екендігі анық. Басқа СН3 - радикалының протонына 1,36 м.ү. химиялық қозғалыстағы дабыл сәйкес келеді. 0,81-2,28 м.ү.-гі аймақта конденсирленген протондар жүйесінің метиленді және метинді дабылдарының жиынтығы сәйкес.
1-О-метил-в-D-глюкопираноза (3). Метокси-топтың протондары триплет белгімен 3,00 м.ү. облысында дыбыс шығарады. ПМР спектрдің күшті бөлігінде Н- 4 (5=2,62 м.ү.) және Н- 2 (5=3,13 м.ү.) белгісі қаралады. Эквивалентті ОН-топ 3,25 м.ү. облысында дыбыс шығарады.
Н- 1 және Н -5 пиранозды сақинаның протондары әлсіз аумақта (4,33 және 4,24 м.ү.
r-nvn.ni. Kv1 m-T-n. ..тп.п.иг.и L.vm ,і..пи тп-іил.п.п.
Қорытынды. Спектральды талдаулар ЯМР 1Н және 13С нәтижесінде теңдестіріліп бөлініп алынған 4-(2,2,3-үшметил-5-оксоциклопентилиден)-бутан қышқылы және 1,2-диметил-1,2,3, 3а, 5, 5а,6,7,8,9,9а,11а-додекагидробензо(с)циклопента(һ)хромен-7,8-диол құрылымды қосылыстар бар екендігі анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Мамедова Р. П., Исаев М. И. Astragalus өсімдігінің тритерпеноидтары // Химия природ. соедин. - 2004. - С. 257-293.
- Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. Дәрілік өсімдік шикізатының және фитопрепараттардағы негізгі бтологиялық белсенді заттардың сапалық және сандық анықталуы. -Алматы, 2004. - 48с.
- РСФСР ДМ. дәрілік өсімдіктерінің биологиялық белсенді заттары В.П. Георгиевский (и др.) Новосибирск: Наука, 1999. - 333c.
- Георгиевский, В.П. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар. / В. П. Георгиевский, Н.Ф. Комиссаренко, С.Е. Дмитрук. - Новосибирск: Ғылым, 1990. - 144с.