Жергілікті перитонитті сырқаттарға фармакотерапиялық кешенмен емдеу кезіндегі тікелей, тікелей емес және аурудың толық құны мен хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің жағдайы

Аннотация

Жұмыстың мақсатыжергілікті перитонитті сырқаттарға фармакотерапиялық кешенмен емдеу кезіндегі тікелей, тікелей емес және аурудың толық құны мен хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің жағдайы бағалау.

Жергілікті перитонитті науқастарға иммуномодулинді 1 рет күніне 1,0 мл мөлшерде тері астына енгізіп, дәстүрлі антибактериалды еммен қоса қолданғанда (метрогил мен гентамицин хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 40,4%-ға сейкес төмендеді.

Сонымен, зертеу кезінде алынған мәліметтер дәстүрлі антибактериалды терапияның құрамына иммуномодулинді енгізгенде емдік кешеннің әсерінен наукастардың қанының антирадикалды қасиеті сәйкес антибактериалды емдік топтарға қарағанда 65,1%-ға және 52,9%- ға жоғарылайды, осылай деп тұжырымдауға негізгі себеп хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейлерінің 39,5%-ға төмендеуі.

Кілт сөздер: Жергілікті перитонит, тікелей және аурудың толық құны мен хемилюми- несценттік уыттану көрсеткіші.

Кіріспе.Қазіргі таңдағы хирургияның және қарқынды емнің айқын жетістіктеріне қарамастан, жедел іріңді перитонит емінің мәселесі өзекті болып қала беруде. Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім мөлшері түрлі авторлардың мәліметтері бойынша 48%-дан 65%-ға дейін жетеді [1,2]. Іріңді перитонит кезіндегі қарқынды емнің күрделеніп, қиындауының негізгі себептері болып эндогенді уыттанумен күресудің қиыншылыктары, орталык және перифериялык қан қозғалысының ауыр бұзылыстары және жүйелік және тіндік метаболизмнің ауытқулары табылады [3,4].

Осыған байланысты перитонит ауруын ерте емдеу - алдын-алу іс-шараларын өткізу ең жоғары клиникалық және экономикалық нәтижелер береді. Фармацевтикалық нарықтағы антибиотиктерді иммуномодилинмен бірге сырқаттарды оңтайлы емдеу үшін қолдану өзекті мәселенің бірі [4,5].

Жұмыстың мақсатыжергілікті перитонитті сырқаттарға фармакотерапиялық кешенмен емдеу кезіндегі тікелей, тікелей емес және аурудың толық құны мен хемилюминесцент-тік уыттану көрсеткішінің жағдайы бағалау.

Зерттелген топтар және зерттеу әдістеріЖұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк-1: метрогил (100мл), гентамицин (80мг). 2-топ: Фтк-2: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг), 3-топ: Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1,0мг), иммуномодулин (1мл), 4-топ Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл) дәрілерін нұсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитті 120 сырқаттар алынды. Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттелінді Қан плазмасының хемилюминесценттік қасиеттері Орманов Н.Ж. [6] әдісімен анықталды [5,6]. Бұл зерттеулер емге дейін,3, 5 ,7 күн және 10 күннен кейін қолданылды.

Перитонитті наукастар канындагы эндогенді уыттанудын. дежгейін аныктау %ошін

хемилюминесценттік уыттану көрсеткіші (ХЛУК) келесі формула аркылы аныкталынды:

ХЛСЖ + ХЛИЖЖЖҚ + АТРТЖ

ХЛУК=

3

м±ндагы: ХЛ - хемилюминесценция, СЖ - спонтанды жаркырау, ИЖЖЖҚ - иницирленген жаркыраудың жалпы жарық қосындысы, АТРТЖ - асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы.

Зерттеу нәтижелеріЖергілікті перитонитті сырқаттарға фармакотерапиялық кешенмен емдеу кезіндегі тікелей, тікелей емес және аурудың толық құны 1 кестеде көрсетілген. Аурудың толық құны бірінші ФТК-де 83993,7 т құраса, 2- ші ФТК-да 84811,9 тенгені, 3-ші ФТК-да шығынның мөлшері 80514,5 т құраса, 4- ші ФТК-да 78989,5 т құрады, яғни 2-ші ФТК -дегі аурудың толық құны 1- ші топқа қарағанда 818,2 теңгеге қымбаттайды, ал 3- ші топта 361,5 теңгеге немесе 72,3%- ға азайады, ал 4- ші кешенде 5004,2 теңгеге төмендейді, яғни 6%-ға . Сонымен, аурудың толық құнының ең төменгісі 4- ші ФТК- да орын алса, ең жоғарғысы 2- ші ФТК- да орын алды.

Кесте-1 Жергілікті перитонитті сырқаттарға фармакотерапиялық кешенмен емдеу кезіндегі тікелей, тікелей емес және аурудың толық құны

топтар

Тікелей шығын (тенге)

Тікелей емес шығын (тенге)

Аурудың толық құны (тенге)

1-ші ФТК

72627,1

11366,6

83993,7

2-ші ФТК

73445,3

11366,6

84811,9

3-ші ФТК

72350

8164,5

80514,5

4-ші ФТК

71545,8

7443,7

78989,5

Метрогил мен гентамицинді дәстүрлі егу әдісті фармакотерапиядан кейін жергілікті перитонитті науқастар қан гемолизатының хемилюминесценттік көрсеткіштерінде 10 тәуліктен кейін шамалы өзгерістер байқалды.

Кесте 2 - Жергілікті перитонитті науқастар қанының гемолизатының

хемилюминесценттік көрсеткіштеріне иммуномодулиноантибиотико-терапияның әсері

Көрсеткіштер

Емге дейін

Ем уақыты (тәуліктер)

3-ші теулік

5-ші теулік

10-шы тәулік

ХЛУК

2,6±0,13 1

2,5±0,10

2,21±0,10

1,80±0,08

(шартты

2

2,4±0,08

1,84±0,09

1,56±0,08

бірлік)

3

1,43±0,08*

1,10±0,08*

1,02±0,06*

1,0±0,04

4

1,55±0,08*

1,17±0,08*

1,09±0,08*

Нұсқама: 1.ФТК-1, 2. ФТК-2 ,3. ФТК-3, 4. ФТК-4,

* p<0,05 - дәстүрлі антибиотикотерапиялық топпен салыстырғандағы дәлдік коэффициент

Он күндік дәстүрлі антибактериалды емнен кейін жергілікті перитонитті наукастар қанындағы хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 30,7%-ға төмендеді( кесте-2).

Метрогил мен цефамизинді дәстүрлі егу әдісті фармакотерапиядан кейін жергілікті перитонитті науқастар қан гемолизатының хемилюминесценттік көрсеткіштерінде 10 тәуліктен кейін шамалы өзгерістер байқалды. Он күндік дәстүрлі антибактериалды емнен кейін жергілікті перитонитті наукастар қанындағы хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 40%-ға төмендеді

Иммуномодулинді күніне бір рет 1,0мл мөлшерде тері астына енгізіп, дәстүрлі антибактериалды еммен қоса қолданғанда (метрогил мен цефамизинді), жергілікті перитонитті науқастар қанындағы хемилюминесценттік көрсеткіштер емнің үшінші тәулігінен соң едәуір төмендеді: хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейі емге дейінгі

көрсеткішке қарағанда 42,4%-ға сәйкес төмендеді.

Жергілікті перитонитті науқастарға иммуномодулинді 1 рет күніне 1,0 мл мөлшерде тері астына енгізіп, дәстүрлі антибактериалды еммен қоса қолданғанда (метрогил мен гентамицин хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейі емге дейінгі көрсеткішке қарағанда 40,4%-ға сейкес төмендеді.

Сонымен, зертеу кезінде алынған мәліметтер дәстүрлі антибактериалды терапияның құрамына иммуномодулинді енгізгенде емдік кешеннің әсерінен наукастардың қанының антирадикалды қасиеті сәйкес антибактериалды емдік топтарға қарағанда 65,1%-ға және 52,9%- ға жоғарылайды, осылай деп тұжырымдауға негізгі себеп хемилюминесценттік уыттану көрсеткішінің (ХЛУК) деңгейлерінің 39,5%-ға төмендеуі.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шелестюк, П.И. Благитко, Е.М. Ефремов, А.В. Перитонит. - Новосибирск: Наука, 2000.302с. ISBN 5-7035-0176-8
  2. Гостищев, В.К. Сажин, В.П. Авдовенко, А.Л. Перитонит.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002.-240 с.
  3. Тайгулов,Е.А. Сатвалдиев, С.А. Миронюк, Н.В. и др. Применение эритроцитарных фармакоцитов и озонотерапии у экспериментальных животных разлитым перитонитом // Перспективы развития хирургии в 3 тысячелетии. Часть 2. - Астана, 2000. - С.326-330.
  4. Орманов, Б.Н. Влияние иммуномодулина на перекисное окисление липидов и антиоксидантный статус больных с острым сальпингоофоритом // Здоровье и болезнь-2004.
  5. Орманов, Б.Н. Клиническая эффективность различных способов антибиотикотерапии в сочетании с иммуномодулином у больных с острым сальпингоофоритом // Наука и образование на пороге XXI века: Труды международной научной конференции, посвященной 10-летию ЮКГИ им. М.Сапарбаева. - Шымкент, 2004. - Т.2. - С.321-325.
  6. Цыбин, А. К. Фармакоэкономика проблемы и пути дальнейшего развития 2000. — № 6(15). — С. 21-24.
  7. Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А., Жумабаев У.А. Использования хемилюминесцентного свойства сыворотки (плазмы) крови для диагностики хронической интоксикации соединениями фосфора// Методическая рекомендация. -Шымкент,1993.-16с.

РЕЗЮМЕ

  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011