Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанының құрамындағы липидтердің асқын тотығу және антитотықтырғыш жүйелерінінің бірлескен көрсеткішіне әсері

АННОТАЦИЯ

Зертеу мақсатыМия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанының құрамындағы липидтердің асқын тотығу және антитотықтырғыш жүйелерінің бірлескен көрсеткішіне әсері анықтау.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қорғасынның уытты әсерінен қанның құрамындағы ЛАТ-АТЖ қарым-қатынасының бірлескен көрсеткішінің мәні төрт есе жоғарыласа, мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсерінен оның деңгейі төмендеді. Мия тамыры сулы экстрактысының 30мг/кг мен дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі әсеріне қарағанда, рувимин-фитопрепараты мен дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 50мг/кг мөлшеріндегі әсері, жоғарғы деңгейде орын алдып, бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына қарағанда, үш есе артық әсер ете отырып, бақылау тобына жақындай түсуі, ЛАТ пен АТЖ-ның қарым-қатынасының тепе-теңдігін қалыптастыратынын анықтайды.

Кілт сөздері:Қорғасын ацетаты, липидтердің асқын тотығу,антитоксидантты жүйе, интегральды көрсеткіші,мия тамыры,рувимин,дәрілік түйе жоңышқа.

Кіріспе:Қорғасын мен оның тұздарының липидтердің асқын тотығу үрдістерге әсерін зерттеудің нақты нәтижелері белгілі. Н.Ж. Орманов және У.А..Жумабаев өздерінің жұмыстарында, қорғасынның бауырдағы, бүйрек, өкпе және эритроциттердегі ЛАТ белсенділігін күшейтетінін көрсетеді [1]. Тәжірибелік зерттеулерде авторлар, қорғасынның әсерінен бауырдың ұлпаларында және эритроциттерде каталазаның, глутатион-пероксидазаның, суперксиддисмутазаның және тотықсызданған глутатионның белсенділігінің бір жақты төмендейтінін атап көрсетеді [1].

Зертеу мақсатыМия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанының құрамындағы липидтердің асқын тотығу және антитотықтырғыш жүйелерінің (ЛАТ-АТЖ-нің) бірлескен көрсеткішіне әсері анықтау.

Зертеу әдістері. Липидтердің еркін-радикалды үрдістерінің негізгі жағдайын бағалау үшін ЛАТ-АТЖ-нің тепе-теңдігін анықтау барысында арнаулы есептеу формуласын қолданылып, тепе-теңдік, интегралдық көрсеткішін анықтадық [2].

АРБт ^АТБт ! ЦРБт ! ТКт , КТт , ГПт , ГРт , SHт

ХЛт , ДКт , ЛГТт , МДАт ХЛ ХЛб ДКб ЛГТб МДАб

ИК =

4

АРБ/ АТБ/ ЦРБб+ ТКб+ КТб+ ГПб+ ГРб+ SHб

8

Бұл жерде: ИК-интегралды көрсеткіш мәні; ХЛ-хемилюминесценттік көр-сеткіші; ДҚ- диенді қоспа; ЛГТ-липидтердің гидроасқын тотығы; МДА-малонды диальдегид; АРБ- антирадикалды белсенділік; АТБ-антитотықтырғыш белсенділік; ЦРБ-церулоплазминдік белсенділік; ТК-токоферол; КТ-каталаза; ГП-глутатион-пероксидаза; ГР-глутатион-редуктаза; SH-сульфгидрилді топ; б-бақылау тобы; т-тәжірибелік топ.

Кесте 1- Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанының құрамындағы ЛАТ-АТЖ-нің бірлескен көрсеткішіне әсері

2 **р1<0,05-қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші;

3 ***р2<-0,05-МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Топтар

Көрсеткіштер

ЛАТ-АТЖ бірлескен көрсеткіші

(шб)

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,05

100

Қорғасын ацетаты (ҚА) (5%-100 мг/кг)

4,17±0,25*

417

ҚА+МТСЭ 30мг/кг

2,0±0,14*,

200

ҚА+рувимин 30мг/кг

1,1±0,06*,

110

ҚА+ ДТЖСЭ 25мг/кг

1,92±0,14*,

192

ҚА+ДТЖСЭ 50мг/кг

1,13±0,06*,

113

Ескерту:

1 *р<0,05-бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші;

Зерттеу нәтижелеріҚорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанының құрамында, соның ішінде эритроциттерде және плазмада 1-ші кестеде көрсетілгендей, антитотықтырығыш жүйесінің көрсеткіштері депрессиялық жағдайға тап болды. Осы тепе- теңділіктің бұзылуын нақты анықтау үшін ЛАТ және АТЖ-нің қарым қатынасын дәл анықтайтын бірлескен көрсеткішін (БК) анықтауды жөн көрдік. ЛАТ және АТЖ-нің қарым қатынасын анықиау барысында қорғасын-ның уытты әсерінен ЛАТ және АТЖ бірлескен көрсеткішінің мәні зерттеудің 10-шы тәулігінде (1-ші кестеде) көрсетілгендей, бақылау топтың 417%-ын құрап, бұл ксенобиотиктің әсерінен «Артық оттегілену» жиынтығының орын алатынын дәлелдеді. Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарды МТСЭ-мен 10 күн бойы емдегенде, ЛАТ-АТЖ бірлескен көрсеткішінің мәні ем алмаған топтың көрсеткішіне қарағанда 52,1 %-ға төмендеді, ал рувимин-фитопрепаратының емдік әсерінен, бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына және МТСЭ-ның емдік тобына қарағанда 73,7%-ға және 45%-ға төмендеп, бақылау топтың көрсеткішіне қарағанда 10%-ға жоғарғы деңгейде орын алды.

ДТЖСЭ-ның 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 54%-ға төмендеп, ал 50мг/кг мөл-шеріндегі әсерінен бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған топқа және 25мг/кг мөлшеріндегі емдік топқа қарағанда 73%-ға және 41%-ға төмендеді, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 13%-ға жоғары деңгейде орын алды.

Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қорғасынның уытты әсерінен қанның құрамындағы ЛАТ-АТЖ қарым-қатынасының бірлескен көрсеткішінің мәні төрт есе жоғарыласа, мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсерінен оның деңгейі төмендеді. Мия тамыры сулы экстрактысының 30мг/кг мен дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі әсеріне қарағанда, рувимин-фитопрепараты мен дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 50мг/кг мөлшеріндегі әсері, жоғарғы деңгейде орын алдып, бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына қарағанда, үш есе артық әсер ете отырып, бақылау тобына жақындай түсуі, ЛАТ пен АТЖ-ның қарым-қатынасының тепе-теңдігін қалыптастыратынын анықтайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1.Орманов Н.Ж., Жумабаев У.А., Байзакова Б.У. Динамика показателей пероксидации липидов в крови под влиянием донника лекарственного при острой свинцовой интоксикации //Здоровье и болезнь. -Алматы, 2008.-№6 (72).-Б. 160-162.
  2. 2.,Орманов Н.Ж., Әдідбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ксенобиотиктердің әсерінен болатын липиттердің еркін радикалды асқын тотығу үрдістерінің және антитотықтырғыш жүйесінің ағзада болатын интегралды көрсеткішін және патологиялық жағдайға дәрілерді анықтау тәсілі. // Инф.лист №34-06.-Шымкент, 2006. 6 с.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина