АННОТАЦИЯ
Зертеу мақсаты. Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларының мембраналық тұрақтылығына әсерін зертеу.
Мия тамыры сулы экстрактысымен 10 күн бойы емдеу барысында бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығы 5 күндік емнен соң 15,5 %-ға жоғарыласа, 10 күндік емінің әсерінен өсу деңгейі 26,5%-ға жоғарылады, бірақ бақылау топтың көрсеткішіне қарағанда 38%-ға төмен болды. Фитопрепарат-рувиминнің әсерінен бауыр жасушаларының биологиялық мембранасының тұрақтылығы зерттеудің 5-ші тәулігінде 22,4%-ға, 10 күндік емінің әсерінен бұл көрсеткіштің деңгейі 67,3%-ға жоғарылады, бірақ бақылау топтың деңгейінен 17%- ға төмен болды.
Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі 10 күндік емдік әсерінен бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығының өсу деңгейі 16%-ға, ал 50мг/кг дозасыныңі емдік қасиетінің арқасында бауыр жасушаларының биологиялық мембранасының тұрақтылығының деңгейі 77,5%-ға жоғарылады.
Кілт сөздер: қорғасын ацетаты, бауыр, мембраналық тұрақтылығы, мия тамыры, рувимин, дәрілік түйе жоңышқа.
Кіріспе:Бауырдың зақымдалуының еркін радикалды концепциясы антитотықтырғыш қасиеті бар дәрілік құралдардың (токоферолдар, аскорбин қышқылы, полифенолдар, бета- каротин) ағзаның антитотықтырғыш жүйесіне кіретін эссенциальды фосфолипидтердің препараттары, глютатион жасушаның антитотықтық ферментік компоненттерін күшейтетін 171
препараттарын қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашты. Аскорбин қышқылы зат алмасу үрдістерде және тотығу тотықсыздану үрдісіне қатысады, қандағы холестериннің мөлшерін реттейді, стероидты гормондардың түзілуіне қатысады, иммунологиялық реакцияға әсер етеді, каппиляр өткізгіштігін қалпына келтіреді, бауыр жасушаларында гликогеннің жиналуына қатысады, уытсыздандыруды жоғарлатады, бауырдың ақуыз түзу қызметін жоғарлатады, бауыр ұлпасының регенерациясына жағымды әсер етеді [1].
Зертеу мақсаты. Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларының мембраналық
Қорғасынмен уыттануда қорғасынның уытты әсері бауырдағы зат алмасуды бұзып, бауыр жасушаларының цитоплазмасына еніп, гепатоциттердің құрылымының бұзылуына және олардың тіршілігінің жоғалуға ұшырауына алып ке-леді. Осыған байланысты бауыр
172
жасушаларының зақымдануы кезінде бауыр жасушаларының мембрана тұрақтылық (БЖМТ) көрсеткішіне мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсерін зерттедік.
Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығы (23-ші кестеде) көрсетілгендей, 10 күндік зерттеу нәтижесінде әр түрлі деңгейде өзгерді. Тәжірибенің бесінші тәулігінде бұл көрсеткіштің мәні 39%-ға төмендесе, зерттеудің 10-ші тәулігінде оның мәні 51%-ға азайды, 5-ші тәуліктің көрсеткішіне қарағанда 23,4%-ға төмендеді.
Мия тамыры сулы экстрактысымен 10 күн бойы емдеу барысында бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығы 5 күндік емнен соң 15,5 %-ға жоғарыласа, 10 күндік емінің әсерінен өсу деңгейі ем алмаған тобына қарағанда 26,5%-ға жоғарылады, бірақ бақылау топтың көрсеткішіне қарағанда 38%-ға төмен болды. Фитопрепарат-рувиминнің емдік қасиетінің арқасында бауыр жасушаларының биологиялық мембранасының тұрақтылығы зерттеудің 5-ші тәулігінде ем алмаған тобындағы егеуқұйрықтардың көрсеткішіне қарағанда 22,4%-ға, 10 күндік емінің әсерінен бұл көрсеткіштің деңгейі 67,3%-ға жоғарылады, бірақ
бақылау топтың деңгейінен 17%-ға төмен болды.
Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі 10 күндік емдік әсерінен бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығының өсу деңгейі ем алмаған тобына қарағанда 16%-ға жоғарылады, бірақ бақы-лау топтың көрсеткішіне қарағанда 43%-ға төмен болды. Ал 50мг/кг мөлшерін-дегі емдік қасиетінің арқасында бауыр жасушаларының биологиялық мембра-насының тұрақтылығының деңгейі 77,5%-ға жоғарылады, бірақ бақылау топ-тың деңгейінен 13%-ға төмен болды.
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттардың әсерінен қорғасын ацетатымен уыттан-ған егеуқұйрықтардағы бауыр жасушаларының биологиялық мембрана тұрақтылығы жақсарып, емдеу тиімділігі бойынша рувимин-фитопрепараты мен дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 50мг/кг мөлшеріндегі емдік әсері жоғары деңгейде орын алып, БЖМТ жағарылататындықтары анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1.Орманов Н.Ж., Корганбаева З.С.. Мия тамырының фитопрепараттарының қорғасынды ацетатпен уыттанған егеу құйрықтардың бауыр жасушаларының қызметіне әсері. // «Здоровье и болезнь», Алматы, 2006, №5(54), 117-120 б.
- 2.Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Бауыр жасушаларының ксенобиотиктердің әсерінен микросомалды тотығу үрдісінің және залалсыздандыру көрсеткішін анықтау әдісі. // Инф.лист №35-06.-Шымкент, 2006. 6 с.