Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдістерінің көрсеткіштеріне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсері

АННОТАЦИЯ

Зертеу мақсатыҚорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдістерінің көрсеткіштеріне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсерін зертеу.

Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдістерінің көрсеткіштеріне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсерінен мия тамырының сулы экстрактысының 30мг/кг мөлшерінде 10 күн бойы енгізгенде, бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдісінің белсенділігіне (МТҮБ) зерттеудің 10-ші тәулігінде ем алмаған тобына қарағанда 11,4%-ға өседі, 10 күндік

фитопрепарат-рувиминнің емдік әсерінен ем алмаған топпен салыстырғанда өсу деңгейі 23% құрады, дәрілік түйе жоңышқа сулы экстрактысының 25мг/кг мөлшерінде 10 күн бойы енгізгенде, МТҮБ зерттеудің 10-ші тәулігінде ем алмаған тобына қарағанда 8,4%-ға өседі, ал 50 мг/кг мөлшеріндегі емдік әсерінен ем алмаған топпен салыстырғанда өсу деңгейі 27% құрады және тәжірибенің осы тәулігінде бұл көрсеткіштің деңгейі бақылау топтың көрсеткішіне теңіле түсті.

Кілт сөздері: қорғасын ацетаты, бауыр, микросомалды тотығу, мия тамыры, рувимин, дәрілік түйе жоңышқа.

Кіріспе. Бауыр адам ағзасының негізгі мүшесі, онда көптеген әр-түрлі метаболикалық үрдістер өтеді. Анатомиялық орналасуына байланысты асқазан-ішек жолына жақын орналасқан және осы мүшенің физиологиялық қызметінің ерекшелігіне байланысты, алкоголь, дәрі-дәрмектер, дұрыс тамақтанбау, әр-түрлі токсиндер және вирустық инфекциялардың бауырға қарсы әсері өте жоғары. Зерттеулерге қарағанда қоршаған ортаның факторлары бауыр қызметін бұзады, нәтижесінде жер бетіндегі халықтың 20-30% бауыр ауруға шалдығып медициналық көмекке зәру [1].

Зертеу мақсатыҚорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдістерінің көрсеткіштеріне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсері анықтау.

Зертеу әдістері. Бауыр жасушаларынның микросомалды тотығу үрдісінің жағдайын толық анықтау үшін микросомалдағы тотығу қызметінің белсенділігін (БМТҚ) Н.Ж.Ормановтың әдісі арқылы есептедік[2]: мұндағы: Р450 В5-микросомалдағы цитохромның мөлшері; N-ДМ (деметилаза); Р-ГР гидролаза белсенділіктері; т-тәжірибелік топ, б-бақылау тобы.

Зерттеу нәтижелеріАл бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдісінің белсенділігіне (МТҮБ) мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсер ету тиімділігін зерттеу барысында (24-ші кестеде) көрсетілгендей, қорғасын ацета-тымен уыттанған егеуқұйрықтардың микросамалды тотығу үрдісінің белсенді-лігі зерттеу барысында әр түрлі деңгейде өзгерді, тәжірибенің 5-ші тәулігінде бұл көрсеткіштің мәні бақылау тобына қарағанда 12%-ға төмендеп, МТҮБ ең төменгі деңгейі зерттеудің 10-ші тәулігінде орын алды, азаю деңгейі бақылау топпен салыстарғанда 22%-ды құрады, тәжірибенің 10-ші тәулігінде бұл көрсеткіштің мәні 5-ші тәулікке қарағанда 83,3%-ға төмендеді, бірақ бақылау тобындағы жануарлардың көрсеткішінің 78%-ын құрады.

Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарда салыстырмалы фитопрепарат ретінде алынған мия тамырының сулы экстрактысының 30мг/кг мөлшерінде 10 күн бойы енгізгенде, МТҮБ зерттеудің 10-ші тәулігінде ем алмаған тобына қарағанда 11,4%-ға өседі, 10 күндік фитопрепарат-рувиминнің емдік әсерінен ем алмаған топпен салыстырғанда өсу деңгейі 23% құрады, дәрілік түйе жоңышқа сулы экстрактысының 25мг/кг мөлшерінде 10 күн бойы енгізгенде, МТҮБ зерттеудің 10-ші тәулігінде ем алмаған тобына қарағанда 8,4%-ға өседі, ал 50 мг/кг мөлшеріндегі емдік әсерінен ем алмаған топпен салыстырған-да өсу деңгейі 27% құрады және тәжірибенің осы тәулігінде бұл көрсеткіштің деңгейі бақылау топтың көрсеткішіне теңіле түсті.

Бауыр жасушаларының физиологиялық қызметінің ерекшелігіне байланысты, ішімдік, дәрі-дәрмектер, дұрыс тамақтанбау, әр түрлі химиялық уытты зат-тар мен вирустық инфекциялардың бауырға қарсы әсерінен бауыр қызметі бұзылып медициналық көмек қажет етеді [276]. Осы тұрғыдан зерттеуге алынған дәрілік фитопрепараттардың тиімділігіне дұрыс баға беру үшін бауырдың залалсыздандыру көрсеткішін (ЗК) гексеналды сынақты пайдалана отырып анықтадық.

Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер 2-ші кестеде көрсетілгендей, қорғасын ацетатымен жіті уыттану кезінде бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметі төмендеді, оған 2-ші кестедегі көрсетілген гексеналды сынақтың көрсеткіші дәлел, бұл жағдайда ЗК-ші тәжірибенің 5-ші тәулігінде 20%-ға төмендесе, тәжрибенің 10-ші тәулігінде ең төменгі мәнге ие болып, төмендеу деңгейі бақылау және 5-ші тәуліктегі көрсеткішке қарағанда 60%-ға және 40%- ға тең болды.

Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарларға мия тамырынан алынған сулы экстрактысын 30мг/кг салмаққа 10 тәулік бойы енгізгенде бауыр жасуша-ларының залалсыздандыру қызметінің деңгейі 10%-ға жоғарылап, салыстырма-лы ретінде алынған фитопрепарат-рувиминді 30мг/кг салмаққа энтералды 10 күн бойы енгізгенде, бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметінің дең-гейі бақылау топтың 71%-на тең болды.

Кесте 1- Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу үрдістерінің көрсеткіштеріне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсері

2 **р1<0,05- қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші, 3 ***р2 <0,05 МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Топтар

Көрсеткіштер

Бауыр жасушаларындағы микросомалды тотығу көрсеткіштері

(шб)

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,06

100

Қорғасын ацетат (ҚА) (5%-100 мг/кг)

0,78±0,03*

78

ҚА+МТСЭ 30мг/кг

0,85±0,04**

85

ҚА+рувимин 30мг/кг

0,96±0,05***

96

ҚА+ДТЖСЭ 25мг/кг

0,84±0,04***

84

ҚА+ДТЖСЭ 50мг/кг

0,99±0,05***

99

Ескерту:

1 *р<0,05-бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші,

Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшерінде емдегенде бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметінің деңгейі 18%-ға жоғарылап, ал 50мг/кг мөлшердегі әсерінен бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметінің деңгейі бақылау топтың 83%-на тең болды.

Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша қорғасын ацета-тымен уыттанған егеуқұйрықтардың бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметі төмендеп, оның ең депрессиялық мәні тәжірибенің 10-шы тәулігінде орын алып, мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының емдік әсері-нен, уыттанған егеуқұйрықтардағы бауырдың уытты заттарды залалсызданды-ру қызметі біршама жоғарылап, МТСЭ-на қарағанда фитопрепарат-рувиминнің, ал ДТЖСЭ-ның 25мг/кг мөлшеріндегі емдік әсеріне қарағанда, ДТЖСЭ-ның 50 мг/кг мөлшеріндегі емдік тиімділіктері 42%-ға және 76,5%-ға жоғары деңгейде орын алып, бауырдың залалсыздандыру қызметін арттыратыны дәлелденді.

Қорғасынның уытты әсерінен бауыр гомогенатындағы бірлескен ЛАТ және АТЖ көрсеткішінің мәні зерттеудің 10-шы тәулігінде (26-шы кестеде) көрсетілгендей, қорғасынмен уыттанған тобында 349%-ын құрап, бұл ксенобиотиктің әсерінен «Артық оттегілену» жиынтығының орын алатынын тағыда дәлелдеді.

Кесте 2-Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардағы бауырдың залалсыздандыру қызметіне мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсері

Топтар

Көрсеткіштер

Бауыр жасушаларының залалсыздандыру қызметі

(шб)

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,06

100

Қорғасын ацетаты (ҚА) (5%-100 мг/кг)

0,4±0,02*

40

ҚА+МТСЭ 30мг/кг

0,5±0,03*,**

50

ҚА+рувимин 30мг/кг

0,71±0,04*,**,***

71

ҚА+ДТЖСЭ 25мг/кг

0,47±0,03*,**

47

ҚА+ДТЖСЭ 50мг/кг

0,83±0,04*,**,***

83

Ескерту:

1 *р<0,05-бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші;

2 **р1<0,05- қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші;

3 ***р2<0,05- МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарды МТСЭ-мен 10 күн бойы емдегенде ЛАТ-АТЖ бірлескен көрсеткішінің мәні ем алмаған топтың көрсеткішіне қарағанда 30,5 %-ға төмендеп, рувимин-фитопрепаратының емдік әсері-нен, бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына және МТСЭ емдік тобына қарағанда 60,2%-ға және 42,4%-ға төмендеді, ДТЖСЭ-ның 25мг/кг мөлшердегі емдік әсерінен ЛАТ-АТЖ бірлескен көрсеткішінің мәні ем алмаған топтың көр-сеткішіне қарағанда 26,4%-ға төмендеді, ал 50мг/кг мөлшеріндегі емдік әсері-нен бұл көрсеткіштің деңгейі, ем алмаған тобына және ДТЖСЭ-ның 25мг/кг мөлшеріндегі емдік тобына қарағанда 64%-ға және 52%-ға төмендеп, бақылау топтың көрсеткішіне қарағанда фитопрепарат- рувиминнің әсерінен 39%-ға, ал ДТЖСЭ-ның 50 мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 24%-ға жоғарғы деңгейде болды.

Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша қорғасынның уытты әсерінен ЛАТ-АТЖ қарам-қатынасының бірлескен көрсеткішінің мәні үш жарым есе жоғарыласа, мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының емдік әсерінен, олардың деңгейінің төмендегенін көрсетіп, бауырдың за-қымдануындағы еркін-радикалды мөлшері, антитотықтырғыш қасиеті бар дәрілік фитопрепараттардың қолдануына жаңа мүмкіндіктер тудырды.

Зерттеу нәтижелерін қортындылай келе, жоғарыда аталып өткен қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың жалпы қызметінің көрсеткіштеріне мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының салыстырмалы әсерлерінің тиімділігі (3-ші кестеде) көрсетілгендей, мия тамырынан алынған өзіндік ерек-шелігі бар фитопрепарат-рувиминнің әсерінен, ЭЖФК-ші 10,3%-ға, ЭМТ-ғы 25%-ға жоғарылап, ҚЖУК-ші 35,2%-ға, ЛАТ-АТЖ-ның қан, бауыр және КҰШ-ның жасушаларындағы БК-нің деңгейі 45%-ға, 42,3%-ға және 48,5%-ға азайып, БЖМТ- ның деңгейі 13%-ға, БЖЗК-ші 42%-ға өсті. ДТЖСЭ-ның 50мг/кг мөлше-ріндегі әсерінен ЭЖФК- ші 19,3%-ға, ЭМТ-ғы 17%-ға жоғарылап, ҚЖУК-ші 41%-ға, ЛАТ-АТЖ-ның қан, бауыр және КҰШ жасушаларының БК-нің деңгейі 41,2%-ға, 52,5%-ға және 51 %-ға төмендеп. БЖМТ-ның деңгейі 51%-ға, БЖЗК-ші 77%-ға жоғарылады.

Кесте 3- Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қор-ғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың бауыр гомогенатындағы ЛАТ-АТЖ жүйесінің бірлескен көрсеткішіне әсері

Топтар

Көрсеткіштер

ЛАТ-АТЖ бірлескен көрсеткіші

(шб)

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,05

100

Қорғасын ацетаты (ҚА) (5%-100 мг/кг)

3,49±0,20*

349

ҚА+МТСЭ 30мг/кг

2,41±0,15*,**

241

ҚА+рувимин 30мг/кг

1,39±0,08*,**,***

139

ҚА+ ДТЖСЭ 25мг/кг

2,57±0,15*,**

257

ҚА+ДТЖСЭ 50мг/кг

1,24±0,09*,**,***

124

Ескерту:

1 *р<0,05- бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші,

2 **р1<0,05- қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші, 3 ***р2< 0,05- МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Осы алынған мәліметтер аталған фитопрепараттардың қорғасынмен уыттанудағы емдік қасиетінің жоғары деңгейде орын алатынын анықтап, клиникалық деңгейде қолдануға мүмкіндік жасайтынын көрсетті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1.Орманов Н.Ж,. Корганбаева З.С. Мия тамырының фитопрепараттарының қорғасынды ацетатпен уыттанған егеу құйрықтардың бауыр жасушаларының қызметіне әсері. // «Здоровье и болезнь», Алматы, 2006, №5(54), 117-120 б.
  2. 2.Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Бауыр жасушаларының ксенобиотиктердің әсерінен микросомалды тотығу үрдісінің және залалсыздандыру көрсеткішін анықтау әдісі. // Инф.лист №35-06.-Шымкент, 2006. 6 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.