АННОТАЦИЯ
Жұмыстың мақсаты бойынша құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының құрамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан кейін де анықтау.
Құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттардың қанының эритроциттеріндегі антирадикалды және антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинге «төзімді» топта жалпы топпен салыстырғанда өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» тобында антирадикалды белсенділік 16,2% азайды, ал антитотықтырғыш белсенділік парықты өзгермеді, «өте сезімтал» тобында олар 1,7-1,5 еседен астам сәйкес азайды.
Индометацинді сынақтан соң сырқаттар қанындағы супероксиддис-мутаза белсенділігі индометацинге «төзімді» тобында болмыстық көрсеткішінен 22,2%-ға көтерілді, «сезімтал» топта 17,5%-ға, «өте сезімтал» топта 35,7%-ға азайды.
Кілт сөздер:. құздама тәріздес артрит,антиоксидантты жүйе, қан, индометацинге сезімталдық.
Кіріспе:Құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттарды бейстероидты қабы-нуға қарсы дәрілермен емдегенде, әр түрлі жағымсыз әсерлер орын алады. Оның ішінде индометациннің әсерінен пайда болатын гастропатияны келтіруге болады [1]. Бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың, оның ішінде аспириннің жағымсыз әсерінен пайда болатын жалақ және ойық жараның пайда болу мүмкіншілігі 4,8±0,5 болса, индометациннің әсерінен пайда болу мүмкіншілігі 8,0±0,1 тең болады. Индометациннің ішек-қарында уытты көрсеткіші 2,39±0,34 теңелсе, аспириннің әсерінен бұл көрсеткіш 1,18±0,18 тең болады [2,3]. И.В.Козлова және оның әріптестері остеоартрозбен ауыратын сырқаттарды бейстероидты қабынуға қарсы препараттармен емдегенде гастропатиялық синдром барлық науқастарда бірдей кездеспейтінін дәлелдеген. Олардың ішінде 72%-ында гастропатия байқалған, 7,8%-ында ойық жара орын алған [4].
Жұмыстың мақсаты. Құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының құрамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан әсерінен зертеу.
Зерттеу әдістері: Қан плазмасындағы липидтердің антирадикалды (АРБ) Орманов Н.Ж., [5] антитотықтырғыш белсендшш (АТБ) Спектор Е.Б. [6], және Арутюнян А.В., [7] әдктерімен жҮРгізілді. Токоферолдың (ТК) қан эритроциттеріндегі мөлшерi Рудакова-Шилина Н.К., [8] түрлендірілген әдiсiмен, сульФгидрильді (Sh)-тобы спектрофотометриялық әдкпен анықталды [9]. Қан құрамындағы супероксиддисмутаза (СОД) [10], глутатионпероксидаза (ГП), глутатионредуктазаның (ГР), каталазаның белсенділіктері Моин В.М.[11], Зайцев В.Г.[12], Королюк М.А. т.б. [13] әдістерімен анықталды.
Зертеу нәтижелері: Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі супероксиддисмутазаның белсенділігі индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде өзгерді (кесте-1).
Бұл сырқаттар қанының эритроциттері құрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің жалпы орташа көрсеткіші 49,9±2,5 шартты белгіге тең болса, бұл ферменттің индометацинге «төзімді» топтағы көрсеткіші жалпы топтың деңгейінде сақталды, «сезімтал» топта 15,1%-ға, «өте сезімтал» топта 68%-ға кеміді (кесте-1).
Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі антирадикалды және антито-тықтырғыш белсенділіктері индометацинге «төзімді» топта жалпы топпен салыстырғанда өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» тобында антирадикалды белсенділік 16,2% азайды, ал антитотықтырғыш белсенділік парықты өзгермеді, «өте сезімтал» тобында олар 1,7-1,5 еседен астам сәйкес азайды.
Жұмыстың мақсаты бойынша құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының құрамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан кейін де анықталды.
Индометацинді сынақтан соң сырқаттар қанындағы супероксиддис-мутаза белсенділігі индометацинге «төзімді» тобында болмыстық көрсеткішінен 22,2%-ға көтерілді, «сезімтал» топта 17,5%-ға, «өте сезімтал» топта 35,7%-ға азайды.
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының құрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің индометацинді сынақтан соң науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі бағытта өзгеретінін көрсетті. Индометацинге «төзімді» топтағы сырқаттарда бұл ферменттің деңгейі индометацинді сынақтан соң жоғарыласа, индометацинге сезімтал топтарындағы сырқаттарда керісінше төмендеді.
1 Кесте - Құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанынының ферменттік антиоксиданттық жүйесінің индометацинді сынақтан кейін өзгерістері (in vivo).
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
жалпы (n=68) |
төзімді (n=51) |
сезімтал (n=11) |
өте сезімтал (n=6) |
||
ИТК (шб) |
0,91±0,03** |
1,01±0,06* |
0,65±0,02** |
0,56±0,02** |
|
СОД (шб 103/1,0 мл.эр.масса |
1 2 |
49,9±2,6 59,1±2,0 |
54,1±2,1 66,1±1,9** |
42,4±1,6* 35,0±1,0** |
29,7±1,1* 19,1±0,6** |
АРБ (шб) |
1 2 |
42,1±2,4 48,3±2,7 |
45,0±1,3 56,2±1,6** |
35,3±1,0* 29,1±0,8** |
24,7±1,2* 16,7±0,7** |
АТБ (шб) |
1 2 |
23,8±1,6 27,2±1,4 |
25,3±1,1 30,3±1,2** |
24,4±0,8 19,1±0,8** |
16,3±1,0* 10,5±0,4** |
ДК/АРБ (шб) |
СОД - супероксиддисмутаза; АРБ- антирадикалды белсенділік;АТБ- антито- тықтырғыш белсенділік; 1- сынаққа дейінгі көрсеткіш; 2-сынақтан кейінгі көрсеткіш; *р<0,05- жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; **р<0,05 - сынаққа дейінгі көрсеткішпен салыстырғавдағы нақты көрсеткіш;
Индометацинге «төзімді» тобындағы науқастар қанының плазмасындағы антирадикалды, антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинді сынақтан соң болмыстық көрсеткішіне қарағанда 24,8%-ға, 19,7%-ға сәйкес өсті, «сезімтал» тобында 17,6%-ға, 21,6%-ға сәйкес азайды, «өте сезімтал» тобында 32,4%-ға, 23,4%-ға сәйкес төмендеді (сурет-1).
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының плазмасындағы антирадикалды және антитотықтырғыш белсенділіктерінің деңгейі науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты, олар индометацинді сынақтаң соң ол әр түрлі бағытта өзгерді. «Төзімді» топта оның деңгейі индометацинді сынақтаң соң жоғарыласа, индометацинге «өте сезімтал» сырқаттардың қан плазмасында төмендеді және ең кіші мәні «өте сезімтал» топтағы науқастарға тән болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Новые подходы к прогнозированию риска развития гастропатий, индуцированных нестероидными противовоспалительными средствами // Зиганшина Л.Е., Султанова А.Ф., Хазиахметова В.Н., Валеева И.Х., Зиганшин А.У. //Экспериментальная и клиническая фармакология.- 2002.- Том 65.- №2. -C.49-52.
- Лапина Т.Л. Гастропатии, индуцированные нестероидными противовоспалитель-ными препаратами: клиническое значение, лечение, профилактика //Consilium medicum.-2001.-T.3.-№9- С.438-442.
- Насонов Е.Л., Каратеев А.Е. Гастропатия, связанная с приемом НПВП // Клиническая медицина.- 2000.-№4.-С.4-7.
- Козлова И.В., Липатова Т.Е., Кветной И.М. Гастропатия, индуцированная нестероидными противовоспалительными препаратами, у больных остеартрозом, роль некоторых факторов диффузной эндокринной системы желудка в ее возникновении // РЖГГК.- 2006.- №1.- С. 47-53.
- Спектор Е.Б., Аненко А.А., Политова Л.Р. Определение общей АОА плазмы крови и ликвора // Лабораторное дело. - 1984.- № 1. - С. 26-28.
- Рудакова-Шилина Н.К., Матюхова Н.П. Оценка антиоксидантной системы организма // Лабораторное дело. - 1982.- № 1. - С. 19-21.
- Торчинский Ю. Сера в белках. - М., 1977. - С. 118-140.
- Чумаков В.Н., Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь-зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале// Вопросы мед.химии.-1977.-№5.-С.712-716.
- Моин В.М. Простой и специфический метод определения активности глутатион пероксидазы в эритроцитах// Лабораторное дело. -1986.-№12.-С.725- 728.186
- Зайцев В.Г., Богочева Ю.Б., Дуфин В.Н., Левшова А.О. и соавт. Определение глутатионпероксидазной и супероксиддисмутазной активности в эритроцитах пациентов с хроническими диффузными заболеваниями печени (ХДЗП). //Клиническая и экспериментальная медицина сегодня. Тезисы меж.региональной конференции молодых ученых.
- Королюк М.А. Метод определения активности каталазы // Лаб.дело. - 1988. - №1.- С. 16-19.
- Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.