ТҮЙІН
Зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсаты мен міндеттеріне сай созылмалы обструктивтік аурулары бар пациенттер арасында кешенді клиникалық-лабороторлық, рентгенологиялық, қызметтік зерттеулер жүзеге асырылды. Аурулардың жасына қарай өкпе-бронх жүйесі патологияларымен ауруының таралу жиілігі, олардың емханалық-амбулаториялық мекемелерге қаралу деректері мен кешенді медициналық тексеру мәліметтері бойынша сарапталды. Бронх-өкпе жүйесі патологиялары бойынша жалпы аурушандық көрсеткіші 1000 тұрғынға балап есептегенде, ал осы патологиялар жалпы аурушаңдықтың деңгейіне пайыздық қатынаспен анықталды.
Кілт сөздер: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), таралуы, атмосфералық ауаның ластануы.
Кіріспе. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) - өлім көрсеткіші бойынша жылдан жылға артып келеді. [1]. ӨСОА өлім көрсеткіші жылдан жылға артудан алда келе жатқан ауру [2]. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сай, 2020 жылға қарай дүние жүзінде жылда ӨСОА 6 млн. астам өлім тіркеледі, және барлық өлім себептері бойынша 6-шы орыннан 5 немесе 3-ші орынға шығуы мүмкін деп отыр [3].
Зерттеу мақсаты. Қоршаған ортаның, антропотехногендік себептері мен өмір сүру салты себептерінің өкпенің созылмалы обструктивті ауруының таралуына әсерін анықтау.
Материал және тәсілдер. Пациенттер Шымкент қаласының № 1,2,3,4,5 емханаларында кешенді түрде зерттелді. Барлық зерттеуге тартылған тұлғалар жалпы медициналық тексеруден өткізілді.
Зерттеуге тартылғандарды 1977 жылғы ДДҰ сараптау комитеті ұсынған жастық жіктеуге сәйкес топтастырдық: 1-4,5-9, 10-19,20-29,30-39,40-49,50-59,60-69 және т.б. жас аралығындағы тұлғалар болды. Жасөспірімдер арасында қалыптасқан жеке бронх патологияларының жиілігі мен құрамын нақты етіп анықтау мақсатында мектеп жасындағы жасөспірімдерге кешенді медициналық тексеру жүргізілді.
Жалпы кешенді тексеруден кейін нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін, дәлелді медицина шартын есепке ала отырып, зерттеу бағдарламасына ӨСОА-сы бар пациенттер тартылды.
Зерттеуге тартылған барлық ауруларға жалпы клиникалық зерттеулер, қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қақырықтың жалпы талдауы, электрокардиография, флюрография, иммунологиялық зерттеулер, спирография әдістері қолданылды. Созылмалы бронхит диагнозын қою үшін А.Н. Кокосовтың (1998) классификациясы қолданылды. ӨСОА-ы диагнозы «ӨСОА-ын диагностикалау, емдеу және профилактика жасаудың жаһандық стратегиясы» атты бағдарламасына негіздей отырып қойдық [4]. Осы стратегия бойынша анамнестикалық деректер, объективтік зерттеу материалдары кешенді тексеруден өткізілді.
Созылмалы бронхит диагнозын қою үшін соңғы екі жылда, кемінде қатарынан үш ай қақырықты жөтелмен білінетін халықаралық клиникалық-эпидемиологиялық критерийге сай келуі тиіс (оларда өкпе туберкулезі, бронхоэктаз және басқа созылмалы жөтел синдромын туғызатын патологиялық жағдайлар болмады). СОБ диагнозын қою үшін төмендегідей негізгі көрсеткіштерге жүгіндік: созылмалы жөтел, созылмалы түрде қақырық тастау, өткір бронхиттің жиі қайталануы, өзге ағзалардың зақымдануымен байланысы жоқ және физикалық жүктемеге байланысты ентігу, қауіп-қатер себептеріне меңзейтін анамнез және спирометриялық зерттеу нәтижелерімен[5] дәлелдеу жолдары.
Аурулардың арасында жүргізілген кешенді медициналық тексерудің қорытындысын сараптау мақсатында, электронды-есептеу машиналарында өңдеуге ыңғайланған шифрлармен белгіленген медициналық карталар жасалды. Оның ішінде тіркелген деректердің қатарында: шағымдардың толық сараптамасы; клиникалық симптомдар; аурудың жүру сипаты (аурудың өршу жиілігі мен ұзақтығы, емдеу тиімділігі); физикалық зерттеу қорытындылары; қосымша аурулардың диагностикасы бойынша мағлұматтар; зертханалық-аспаптық сынақтардың (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қақырықтың жалпы талдауы, электрокардиография, өкпенің флюрография әдістері) нәтижелері бар.
Шымкент қаласы тұрғын аумақтарын атмосфералық ауасының ластану дәрежесіне қарай келесі бес аумаққа жіктедік. Пациенттерді топтастыру барысында және бақылау тобын түзуде жастық- жыныстық ерекшелерді ғана есепке алған жоқпыз, сонымен қатар тұрған өмір сүру аумағының экологиялық-гигиеналық жағдайын да есепке алдық.
Зерттеу жұмыстары ОҚМФА-сының терапия бакалавриат кафедрасында жүзеге асырылды. Осы зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ОҚМФА-сының клиникалық базалары пайдаланды, оның ішінде «ОҚО клиникалық ауруханасы», Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің кәсіби патологиялар; аллергология мен пульманология бөлімшелері бар. Эпидемиологиялық кезеңде тексерілген әйелдер мен ер кісілердің жасына қарай таралуы төмендегі 1 кестеде келтірілді.
Осы кестеде көрсетілгендей тексерілгендерді 30-39,40-49, 50-59, 60 жас және одан жоғары деген жастық-жыныстық топтарға жіктедік. Жалпы зерттеуге тартылғандардың абсолютті саны 1032 ауру болса (100%), оның ішіндегі ер кісілердің үлесі 40,0% (452 ауру), әйелдердің үлесі (580 ауру) 60% болып шықты. Топтастырылған ер кісілер мен әйелдердің саны репрезентативтік заңдылыққа толық сай және таңдамалы статистикалық жиынтықтың барлық қажетті қасиеттеріне жауап беретін етіп қалыптастырылды.
№1 кесте - Эпидемиологиялық кезеңде тексерілген әйелдер мен ер кісілерді жастық- жыныстық топтарға тарату нәтижелері.
Жастық топтар |
барлығы |
ерлер |
әйелдер |
|||
абс |
% |
абс |
% |
абс |
% |
|
30-39 |
259 |
25,0 |
119 |
26,3 |
140 |
24,1 |
40-49 |
252 |
24,5 |
114 |
25,2 |
138 |
23,8 |
50-59 |
287 |
27,9 |
125 |
27,7 |
162 |
28,0 |
60 жас және одан жоғары |
234 |
22,6 |
94 |
20,8 |
140 |
24,1 |
Барлығы |
1032 |
100,0 |
452 |
100,0 |
580 |
100,0 |
Ал зерттеудің клиникалық кезеңінде осы зерттелгендер тобынан нозологиялық мінездемесіне қарай 6 клиникалық топты қалыптастырдық (2 кесте).
№2 кесте - Клиникалық тексеру кезеңіндегі ауруларды нозологиялық мінездемесіне қарай жіктелуі
Топтар |
Клиникалық диагноз |
орташа жас м±т |
Тексерілгендер саны |
||
Барлығы |
ерлер |
әйелдер |
|||
1 топ |
Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, жеңіл ағымы |
41,96±3,26 |
27 |
18 |
9 |
2 топ |
Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, орташа ауыр ағымы |
45,63±3,49 |
29 |
21 |
8 |
3 топ |
Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, ауыр ағымы |
52,33±4,27 |
21 |
18 |
3 |
4 топ |
Созылмалы шаңды бронхит, екінші кезең (цемент зауыты) |
39,72±3,12 |
33 |
29 |
4 |
5 топ |
Бақылау тобы |
46,94±4,36 |
52 |
43 |
9 |
Барлығы |
47,62±4,39 |
162 (100,0%) |
129 (80,29%) |
36 (19,71%) |
Клиникалық топтың диагноздарына қарай жіктелуі олардың нақты ауру нозологиялары бойынша қалыптастырылды.
1 топқа ӨСОА-ның жеңіл ағымы анықталған 27 ауру, оның ішінде 18 ер кісі және 9 әйел жатқызылды. Осы топтағы аурулардың орташа жасы 41,96±3,26 жылға тең болып шықты.
2 топқа ӨСОА-ның орташа ауыр ағымы анықталған 29 ауру, оның ішінде 21 ер кісі, 8 әйел жатқызылды. Бұл топтағы аурулардың орташа жасы 45,63±3,49 жылды құрады.
3 топқа ӨСОА-ның ауыр ағымы қойылған 21 ауру, оның ішінде 18 ер кісі және 3 әйел жатқызылып отыр. Олардың орташа жасы 52,33±4,27 жыл болып шықты. 4 топты цемент зауытында еңбек ететін созылмалы шаңды бронхиттің екінші кезеңі анықталған, орташа жасы 39,72±3,12 жылды құрайтын 33 ауру қарастырды. Олардың 29 ер кісілер болса, 4 әйелдер. Бақылау тобына орташа жасы 46,94±4,36 жылды құрайтын 52 ден сау, өкпе-бронх жүйесінде аурулары жоқ қала тұрғыны алынды. Олардың 43 ер кісі болса, 9-ы әйелдер.
Қорытынды. Сонымен, клиникалық зерттеуге 162 (100,0%), орташа жасы 47,62±4,39 жылды құрайтын адамдар тартылды. Олардың 129-сі (80,29%) ер кісілер, ал 36-сы (19,71%) әйелдер болып шықты
Бронх демікпесі бар ауруларды тексеруден аластату үшін олардың сыртқы тыныс алу қызметін бронхолитиктермен сынақтан өткіздік (фенотерол) FEV1 көрсеткішінің 12% артуын және одан жоғары болуын обструкцияның қайта қалыпқа түсетін түрі деп қабылдадық. Аурулардың диагнозы, оның ішінде патологияның түрі, тыныс алу органының қызметтік бұзылыстарының клиникалық ерекшеліктері «Кәсіби аурулардың тізіміне сәйкес есепке алынды».
ӘДЕБИЕТТЕР
- Антонов Н.С. // Пульмонология. 2006. № 4. С. 83.-84
- Скачков М.В. и др. // Пульмонология. 2004. № 3. С. 43-45.
- Global initiative for chronic obstructive lung disease (GOLD). Global strategy for diagnosis, management, and prevention of chronic obstructive pulmonary disease. NHLBI / WHO work-shop report. Last updated 2011.http://www.goldhttp://copd.org
- Глобальная стратегия диагностики, лечения и профилактики хронической обструктивной болезни легких. Пересмотр 2011 г. / Пер. с англ. под ред. Чучалина А.Г. М., 2011.
- Черняк А. В.// Хроническая обструктивная болезнь легких: функциональная диагностика. - Пульмонология. -2013. № 3. С. 111-116