Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүрек ишемиялық ауруымен қатарласа келген өсоа бар науқастардағы жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайы

ТҮЙІН

ӨСОА-ның өршуінің классикалық симптомдары өршудің өкпелік белгілерінің басымдылығын көрсетсе, ЭКГ-да анықталған миокардтың ишемиясы - өршу себебінің кардиалды генезі екендігін айқындайды. ӨСОА-ның өршуі миокард ишемиясы бар тұлғаларда гипоксемия және тыныс алу қызметінің артуы арқылы көрініс береді. Осы жағдайда ЖИА-ның өршуі аралас веналық қанның оксигемоглобинін оттегімен сатурациясының төмендеуі немесе тыныс жолдарының қарсы тұруының біртіндеп артуы нәтижесінде газ алмасудың одан ары бұзылуына әкелуі мүмкін.

Кілт сөздер: ӨСОА, ЖИА, электрокардиография, эхокардиография.

Кіріспе. 2007-2008 жылғы статистикалық мәліметке қарағанда жалпы қан айналу жүйесі ауруларының әрбір 100000 тұрғынға балап есептегендегі таралу деңгейі Қазақстан Республикасы аумағында 1753,5 оқиғаны құрады. Бұл аурулардың ең жоғарғы таралу деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді (3682,9%000). Қан айналу жүйесі ауруларының таралуы Республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалыптасуы Қызылорда (2627,1%000), Алматы (2098,0%000 ), Жамбыл (2064,1%000), Оңтүстік Қазақстан (2019,7%000), Павлодар (1880,5%000) облыстарында байқалды. Аталған облыстарда қан айналу жүйесі ауруларының осылайша жоғары болуына экологиялық, әлеуметтік, тұрмыстық, өмір сүру салты себептерінің тигізетін әсері үлкен. Сондықтан, профилактикалық бағдарламаларды құрастыру және оны жүзеге асыру барысында әр облыста қан айналу жүйесі ауруларының деңгейін арттыратын қатерлі себептердің таралу жиілігіне баса көңіл бөлген жөн. Жүрек-қан айналу жүйесі ауруларымен сырқаттану деңгейі адамның жасы ұлғайған сайын жылдам артады. Әйелдердің арасындағы осы патологиямен сырқаттану деңгейі ер кісілерге қарағанда 1,4 есеге жоғары болып шықты[1].

Бұл аурулардың әлеуметтік-гигиеналық өзектілігі олардың таралу ауқымының үлкендігінен емес, олардан туындайтын асқынулардың аса ауыр жүруіне байланысты. Қан айналу жүйесі аурулары өлім және мүгедекке ұшырау себептерінің ішінде бірінші рангалық орынды алады. Ал амбулаторлық-емханалық мекемелерде есепке алынатын аурулардың құрамында, басқаша айтқанда жалпы аурушаңдықтың құрамында жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының үлес салмағы 14-16% дейін жетсе, алғаш рет анықталған аурулардың құрамындағы үлес салмағы бар болғаны 2% құрайды. Жүрек-қан айналу жүйесі аурулары еліміздің аймақтарында әртүрлі деңгейде таралған. Оның негізгі себептері аймақтардағы әлеуметтік-демографиялық айырмашылықтар мен ауруды тудыратын қатерлі себептердің таралу ерекшеліктері болып табылады. Арнайы жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер қалада тұратын 40-59 жастағы ер кісілердің арасында артериялды гипертониямен ауырғандардың 29%-ы өздерінің осы патологияға шалдыққанын білмеген, ал жүрек ишемиясымен ауырғандар арасында бұл көрсеткіш 36% -дан 61% -ға дейін жеткен [2,3].

Зерттеудің мақсаты: жүрек ишемиялық ауруымен қатарласа келген өкпенің созылмалы обструктивті ауруы(ӨСОА) бар науқастардағы жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайынбағалау.

Материалдар мен әдістер:зерттеу тобына өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 104 әйел мен 122 ер кісілер жатқызылды. Осы әйелдер мен ер кісілерден үш топ құрастырылды. Бірінші топты осы патологиялармен сырқаттанған әйелдер, екінші топты дәл осындай науқастары бар ер кісілер құраса, ал үшінші топқа салыстырмалы түрде дені сау 27 әйел жатқызылды.

Зерттеу нәтижелері:біздің тақырыбымызға сай әйелдердің ӨСОА-на жүрек ишемиясының қатарласа жүруінің науқас жағдайына тигізетін әсерін бағаладық.

Барлық тексерілген науқастар арасында электрокардиографиялық зерттеу жүргіздік. Олардың барлығында жүректің оң жақ бөлігінде өзгерістердің бар екендігі анықталды. Оң жақтағы қарыншаның миокардында гипертрофияның бар екендігі әйелдердің 28,92%, ер кісілердің 22,84%-ында тіркелді. Гис бумасының оң аяқшасында толық бөгемесі оқиғасы ер кісілердің 48,4%-ында және әйелдердің 33,5% байқалды.

Кесте 1 - ӨСОА-мен науқастанған әйелдер мен ер кісілер топтарындағы ЭХО-
кардиограммалық көрсеткіштер

ЭХОКГ- көрсеткіштері

Стандартты топта

Әйелдер

Ер кісілер

Қарыншалар арасындағы қалқаншаның қалыңдығы (см)

1,01±0,01

1,09±0,01

1,12±0,11

Оң жақ қарыншаның диаметрі (см)

2,29±0,22

2,41±0,23

2,59±0,24

Оң жақтағы

қарыншаның алдыңғы қабырғасының қалыңдығы (см)

0,36±0,03

0,48±0,04

0,56±0,04

Өкпе артериясындағы орташа қысым (с.б.е.)

16,02±1,54

21,78±1,8

23,31±2,1

Оң жақтағы қарынша миокардының гипертрофиясына өкпе артериясы қан қысымының болмашы жоғарылауынан және созылмалы гипоксияның қалыптасуынан туындаған. Сонымен қатар өкпе эмфиземасының әсерінен туындайтын жүректің ротациялық қозғалысынан да жүрек миокардысының гипертрофиясы қалыптасады деп есептеуге негіз бар.

ЭХО-кардиографиялық зерттеу ӨСОА-мен сырқаттанған науқастардың көрсеткіштері стандартты топтағы дені сау адамдар көрсеткішімен нақты жоғары екендігін көрсетті. Алайда, әйелдер мен ер кісілердің көрсеткіштерінің, оның ішінде қарыншалар арасындағы қалқаншаның қалыңдығы, оң жақ қарыншаның диаметрі, оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының қалыңдығы, өкпе артериясындағы орташа қысым бойынша осындай нақты айырмашылықтар анықтала қойған жоқ. Әсіресе оң жақ қарынша миокардының гипертрофиясы ӨСОА-мен сырқаттанған ер кісілердің арасында 46,92±3,84% болса, әйелдердің арасында 47,02±3,78% екендігі анықталды. Бұл жағдай ӨСОА-мен сырқаттанушылардың кіші қан айналу жүйесіне түсіретін қысымы бірдей болуы керек деген тұжырым жасауға алып келді. Алайда кешенде ЭХО- кардиографиялық зерттеу ӨСОА-мен сырқаттардың науқасының даму кезеңіне қарай оң жақ қарынша миокардының гипертрофияға ұшырау оқиғалары әйелдер арасында ер кісілерге қарағанда жылдам жоғарылайтындығын көрсетті.

ӨСОА-ның бірінші кезеңінде жүректің оң жақ қарыншасы науқас әйелдердің 24,93%, ал ер кісілер арасында 12,29% кездесті. Аурудың Ш-кезеңінде осындай жағдайдың таралу деңгейі әйелдер арасында 59,74%, ал ер кісілер арасында 41,83% дейін артты.

Қорытынды.

Сонымен, жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясы аурудың даму кезеңіне қарай үлкен өзгеріске ұшырайды және әйелдер мен ер кісілердің көрсеткіштеріндегі айырмашылық нақты бола түседі. Сонымен қатар, дәл осындай өзгерістер өкпе артериясындағы орташа қысымының қалыптасуында да байқалды.

Алынған зерттеу нәтижелерін сараптай келе, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының даму кезеңіне қарай жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясы және өкпе артериясының орташа қысымы нақты өзгеріске ұшырайтындығына көз жеткіземіз. Осы көрсеткіштердің таралуы әйелдер мен ер кісілер арасында өсуімен қатар, олардың айырмашылығы да әйелдердің көрсеткішінің нақты жоғары болуымен көрініс береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Искаков Б.С., Мусабекова Л.Е. Оптимизация лечения хронического обструктивного бронхита у подростков // Еуропа-Азия респираторлык коғамының III конгрессі -2007, Астана. -Б. 169-170.
  2. Булешов М.А., Бектурганов Р.С., Мусабекова Л.Е. Сравнительная оценка динамики распространенности неспецифических заболеваний легких у детей, подростков и взрослых // ОңтүстікҚазахстан медицина академиясыныңхабаршысы. -Шымкент. - 2005, №6.- Б.150-153.
  3. Козлова Л.И. Хронические обструктивные заболевания легких и ишемическая болезнь сердца: некоторые аспекты функциональной диагностики. //Пульмонология. 2001. №2. С.9-13.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.