ТҮЙІН
Жасы 65-тен асқан адамдар арасында аса кең тараған сырқат түріне артериалды гипертензия ауруын жатқызамыз. Жүргізілген бақылау арқылы нитрессан препараты артериалды гипертензиямен сырқаттанатын егде жастағы аурулардың өмір сапасын арттырып, айтарлықтай нейропротективті әсерге ие екенін байқадық. Бұл нәтиженің өзі сырқаттар арасында когнитивті процестердің жақсарып, инсульт және Альцгеймер ауруларының қатерін азайттады деген шешімге келдік.
Кілт сөздер: артериалды гипертензия, егде жас, нейропротекция, емдеу.
Кіріспе. Қазақстанда жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының ішінде артериалды гипертензия бірінші орында тұр, 49,8% құрайды. Науқастардың тек 25%- ғана жүрек-қантамыр қауып қатер факторлары бар екенін біледі. Жасы 65-тен асқан адамдар арасында аса кең тараған сырқат түріне артериалды гипертензия ауруын жатқызамыз. Медициналық зерттеулер мен клиникалық әдебиет мәліметтеріне сүйенсек, бұл ауру түрінің таралу диапазоны 55-73 % болады екен. Осынша жиі кездесуімен қатар аталған популяция арасында қатерлі асқынуларға соқтыратыны белгілі. Артериалды гипертензия ауруында аса зақымданатын нысана мүшелер болып табылатыны айқын [1]. Соның ішінде мидың цереброваскулярлы және дегенеративті өзгерістерге ұшырауы деменция дамуы мен когнитивті функциялардың бұзылуы әкеледі. Аталған өзгерістердің алғашқы көріністеріне түнгі ұйқының кеш болуы немесе мүлде бұзылуы, ұмытшақтықтың дами бастауын жатқызсақ болдады. Артериалды гипертензияны емдеудің басты маңызды бағытының бірі дұрыс және ұтымды антигипертензивті емдеумен қатар егде жастағы сырқаттарды жоғарыда аталған асқынуларды болдырмау болып табылады. Бұл сырқаттарды емдеу үшін изолирленген систолалық қысым мен (ИСҚ) қалыптан төмен немесе қалыпты диастолалық қысым (ҚДҚ) тән екенін ескеру керек [2].
Бұған қоса осы жастағы сырқаттарда әр түрлі созылмалы аурулар мен зат алмасу өзгерістері болатынын есте сақтау жөн. Сондықтан таңдалған ем тек өмір сапасын ғана жақсартып қоймай, асқынулардың болуына жол бермей, өмір сүру ұзақтығын арттырған жөн. Сондықтан аталған талаптарға сай антигипертензивті препарат (АГП) таңдауда осы топ дәрілерінің ішінен кальций каналдарының тежегіштерін (ККТ) атағымыз келеді. Бұл топ дәрілері ұзақ емдеу барысында жағымсыз метаболикалық өзгерістер дамытпай - қан плазмасындағы электролиттер деңгейін, липидтер мен көмірсулар, зәр қышқылын арттырмайтыны анық. ИСҚ анықталған егде жастағы сырқаттарға қолдануға өте қолайлы. ККТ тобының ішінде, дәлелді мәліметтер базасына көңіл аударсақ, нейропротективті әсерлі дигидропиридин қатарына жататын Нитресан препараты жатады екен [3-4]. Артериалды гипертензия сырқаты барысында аса жиі өзгеріске ұшырап, өмірге қатер тудыратын асқынуларға да әкелетін ми қан тамырларының инсультке, Альцгеймер ауруына соқтыруы. Сондықтан АГП таңдағанда осы асқынуларды алдын ала ескеріп, емдеуді ұтымды пайдаланған абзал.
Мақсаты. Егде жастағы артериалды гипертензия ауруымен ауыратын сырқаттарда алғашқы когнитивті өзгерістер байқалғанда антигипертензивті әрі нейропротективті ем нәтижесін бақылау болды.
Материал мен зерттеу әдістері. Зерттеуге «Даумед» клиникасында амбулаторлық емдеуде болған артериалды гипертензиясымен сырқаттанатын 21 науқас алынды. Ем қабылдаушы егде жастағы сырқаттардың арасынан бас ауру, бас айналу байқалатын, ұмытшақтық пен ұйқы сапасының төмендеуі байқалған пациенттер зерттеуге енгізілді. Олардың жасы 65-72 жас арасында, орташа жас шамасы 68,5 жасты құрады. Ер адамдар - 9, әйел адамдар12 болды. Зерттеу тобына енген тек қала тұрғындары, зейнетке дейін ой еңбегімен шұғылданған - мұғалім, есепші, сот жүйесі қызметкерлері. Артериалды гипертензиямен ауыру стажы сырқаттарда 11-23 жылды құрады. АГП қолдану әйел адамдарда үнемі ұқыпты, ал ер адамдарда тек соңғы 5-9 жыл арасында мұқият қабылдау анықталды. Зерттеу әдісіне сырқаттарға бір ай бойы қолданып, қажет мәліметтерді тіркеу анкетасын тараттық. Тіркеу анкетасында күнделікті үйдегі артериалды қысым (ҮАҚ), қабылдаған препараттың аты мен доза мөлшері, түнгі ұйқыға жаткан соң ұйқыға кету мезгілі, түнгі ұйқының сапасы, күні бойы неше рет ұмытшақтық байқалғаны тіркеледі. Қабылдау үшін АГП ретінде Нитресан жасы 70-ке дейінгі сырқаттарға 10 мг-нан қан қысымының деңгейіне орай күніне 1-2 рет, ал 70-тен асқан пациенттерге 10 мг-нан тәулігіне 1 рет белгіленіп, бақылау анкетасын 1 ай бойы сырқаттардың өзі мұқият толтырды.
Қорытынды. Жүргізілген анкеталық зерттеу мәліметі бойынша ҮАҚ деңгейінде айқын ауытқу жоқ. ҮАҚ жоғарылауы байқалған сырқаттар сапарға шығу, тұзды тағам ішумен байланыстырған, әрі ИСҚ деңгейі 20-25 мм.сын. бағ деңгейінде көрсетілген. Алғашқы аптада анкета мәліметі бойынша түнгі ұйқыға жатқан соң ұйқыға кету 30-45 мин кейін байқалған сырқаттар 41% болса, емдеудің екінші аптасынан бастап бұл көрсеткіш 24% құрады.Үшінші аптадан бастап 15% деңгейге жеткен. Ұмытшақтық деңгейі алғашқы аптада күніне орташа есеппен 3-4 рет байқалса, үшінші аптада 1-2 рет анықталған. Сонымен бірге екінші аптаның соңынан бастап сырқаттардың 32 % ашуланшақтықтың төмендегенін, ал 12% уайым-үрейдің азайғанын көрсетті. Жүргізілген анкеталық бақылау арқылы аталған АГП артериалды гипертензиямен сырқаттанатын егде жастағы аурулардың өмір сапасын арттырып, айтарлықтай нейропротективті әсерге ие екенін байқадық. Бұл нәтиженің өзі аталған топ сырқаттары арасында когнитивті процестердің жақсарып, инсульт және Альцгеймер ауруларының қатерін азайттады деген шешімге келдік.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- Национальные клинические рекомендации: сборник / под ред. Р. Г. Оганова. - 3-е изд. - Москва: Силицея- Полиграф, 2010. - 592 с.
- Киселев, А. Р. Профилактика и лечение артериальной гипертонии в амбулаторных условиях / А. Р. Киселев, В. А. Шварц, О. М. Посненкова [и др.] // Терапевтический архив. - 2011.- № 4. - С. 46-52
- Долгалев, И. В. Естественная динамика, лечение и контроль артериальной гипертонии / И. В. Долгалев, В. В. Образцов, И. В. Цимбалюк [и др.] // Профилактическая медицина. - 2011. - № 3. - С. 41-45
- Конради, А. О. Значение приверженности к терапии в лечении кардиологических заболеваний / А. О. Конради // Справочник поликлинического врача. - 2007. - № 6. - С. 8-12