Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күріш өндірісінің қалдықтарын пайдалану жолдары

АННОТАЦИЯ

Күріш өндіру зауыттарының өндіріс қалдығы ретінде күріш кебегі қалады, оның көлемі 20 % құрайды. Күріш кебегінің майлылығы шамамен 10-18 % аралығында, сондай-ақ оның құрамында 9 %-дай балауыз болады. Сондықтан, осы қалдықты күріш майын және күріш балауызын алу үшін пайдалану мәселесі туындайды. Күріш кебегі дән қабықтары ұлпаларының жұлындыларынан, эндосперма бөлшектерінен, ұрықша және ұн фракцияларынан тұрады. Бұл жұмыста күріш кебегінен күріш майын және күріш балауызын алудың зертханалық технологиясы құрылып, алынған нәтижелер келтірілді.

Кілт сөздері: тұндыру технологиясы, күріш майы, күріш балауызы.

Зерттеу мақсаты: Ауыл шаруашылығы қалдықтарын кешенді пайдалану және оның технологиясын құруда тиімді әдістерді іздестіру.

Кіріспе. Күріш өндіру зауыттарының өндіріс қалдығы ретінде күріш кебегі қалады, оның көлемі 20 % құрайды. Күріш кебегінің майлылығы шамамен 10-18 % аралығында, сондай-ақ оның құрамында 9 %-дай балауыз болады. Сондықтан, осы қалдықтан күріш майын және күріш балауызын алуға талпыныс жасау мәселесі туындайды /1/.

Күріш кебегі күріш дәнін шлифтеу кезінде алынады, дән қабықтары ұлпаларының жұлындыларынан, эндосперма бөлшектерінен, ұрықша және ұн фракцияларынан тұрады.

Күріш майы-биологиялық құндылығы жоғары, диеталық азық-«денсаулық майы», әмбебеп косметикалық құрал.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Күріш кебегін май алуға дайындау технологиясы төмендегі сатылардан тұрады: 1.Кебекті 16-18оС дейін ылғалдау. 2. Ылғалданған кебекті 4-6 мм дейін түйіршіктеу. 3. Түйіршіктерді 333-343 оК дейін кептіру.

Күріш майын экстракциялап алудың технологиялық режимін келесі шарттармен жүргіздік: температурасы 293-343К; қатты:сұйық фаза қатынасы 1:5 тен 1:11 дейін. Еріткіш ретінде 293о К- дегі тығыздығы 703-705кг/м3 экстракциялық бензин пайдаланылды.

Төменде Сокслет аппараты және псевдосұйылтылған қабатта экстракциялаудың

салыстырмалы мәліметтері келтірілген /1-2/.

Кесте 1- Күріш майы шығымының экстракциялау тәсіліне тәуелділігі:

Экстракциялау тәсілі

Сынама массасы , г

Май ерітіндісінің массасы, г

Майдың шығымы %

1

Сокслет аппаратында

74

74 ,5

8 ,84

6 ,67

11, 9

8 ,9

2

Псевдосұйылтылған қабаттағы

50

50

4, 24

4 ,31

8, 5

8 ,6

Нәтижелер көрсеткендей, псевдосұйылтылған қабаттағы экстракция неғұрлым теңгерімді нәтиже береді. Күріш ұнын экстракциялау кезінде жоғарыда көрсетілген шарттарға сүйендік; температура, уақыт, қатынас т.с.с

Шикі күріш майының құрамы: сабындалмайтын заттар; үш глицеридтер; стеариндер; поли қанықпаған қышқылдар және балауыз тәрізді заттар, сондықтан күріш кебегінен бір мезгілде маймен қатар, балауыз алуға да болады. Екінші жағынан балауызды алдын-ала бөліп алу, майды тазартуды едәуір жақсартады. Күріш кебегінен алынатын балауыз (воск) қасиеттері жағынан танымал, әрі сапалы карнауб балауызынан кем түспейтіндігі дәлелденген деректер көп.

Балауыз-косметикалық опа-далаптардың және медициналық жақпа майлардың құрамына кіреді, сондай-ақ ол шыныға жазатын қарындаштың 10%-н құрайды. Балауыз - парафинді және стеаринді алмастыра алады.

Күріш кебегінен алынған күріш майын бөлме температурасына дейін мұздатқанда, май күңгірттеніп, ары қарай тұрған сайын екі фазаға бөлінеді; жоғарғысы - мөлдір сұйық май, төменгісі-жартылай қатты-жақпа май тәрізді қоспа-құрамы балауыз, фосфатидтер, т.б. заттар /3/.

Құрамында балауызы бар осы фракциядан балауызды бөліп алу мақсатымен үш түрлі еріткіш-гексан, ацетон және техникалық этил спирті пайдаланылды. Балауызды тұндыру үрдісі- аталған реагенттерді белгілі бір қатынаста және уақыт аралығында суыққа ұстап, ары қарай тұндыру немесе сүзіп алу операцияларын жүргізу болып табылады. Аталған еріткіштердің ішіндегі оңтайлысы- этил спирті болды, себебі, гександа - балауыз қаттылау, ацетонда - түсі тым қоңырқай.

Кесте 2 - Күріш балауызын тұнбаға түсіру

Фракция: экстрагент;

(май тұнбасы мен этил спиртінің қатынасы)

Мұздату уақыты, тәулік

Алынған балауыздың массасы 1:2

%-бен, май

фракциясынан

Ескерту

1

1:1

2,5

14,49

5-6

t“ =0-5“ C

2

1:1,5

1

8,42

4,0

 

3

1:2

1

13,40

5-6

 

4

1:2,5

2,5

18,40

9-10

 

Нәтижелер мен талқылаулар:

Күріш кебегінен май алуда экстракциялаудың пайдаланылған екі әдісінің ішінде псевдосұйылтылған қабаттағы экстракция неғұрлым теңгерімді нәтиже берген, яғни май шығымы 8,5%. Күріш ұнын экстракциялау кезінде мынадай параметрлерге сүйендік; температура, уақыт, қатынас т.с.с

2-кестеден көрініп тұрғандай, этил спиртінің қатынасы артқан сайын балауыз шығымы да артады, нәтижелерге сүйеніп, балауызды этил спиртімен тұндыру технологиясының оңтайлы параметрлері 1:2 май фракциясы-экстрагент қатынасы, мұздату уақыты- 2,5 тәулік .

Қорытынды: Жұмыста күріш өндірісінің қалдығы -күріш кебегінен күріш майын, сонымен бірге карнауб балауызынан кем түспейтін күріш балауызын алу үшін пайдалану жолдары зерттеліп, сыналды, нәтижелер көрсеткендей зерттеулерді әрі қарай жалғастыру мүмкіндіктерін тудырады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Джаксылыкова Р.Б., Аманбаева К.Б., Омашова К.К. Оптимизация процессов экстракции пшеничных зародышей и рисовой мучки. Труды МНПК «Ауэзовские чтения-12», ЮКГУ, г.Шымкент, 2014г., т.1, с.19-20.
  2. Асильбекова А.А., Джаксылыкова Р.Б., Каракулова А.Ш., Баймаханова Г.М., Аманбаева К.Б., «Комплексная переработка отходов рисового производства». Труды МНП конференции посвященной 35-летию ЮКМФА, журнал «Вестник ЮКГФА», г. Шымкент, 2014, т.3,с.40-43.
  3. Ақтау Л.Ө., Джаксылыкова Р.Б., Асильбекова А.Д. Күріш кебегінен балауыз алу технологиясы.
  4. Республиканский научный журнал «Вестник ЮКГФА», г.Шымкент, 2015, №1(70), -С.22-23
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.