Бұл жұмыста танталды Қазақстан өнеркәсібінде пайдалану жөніндегі дерек келтірілді.
Кілт сөздер: тантал, өнеркәсіп, элемент.
Тантал (лат.ТапІаІит)-элементтердің Менделеевтің периодтық жүйесінің VB тобындағы элемент, атомдық массасы 180,948, тығыздығы 16,6г/см3, балқу температурасы 20140С, қайнау температурасы 55000 С, ауыр, балқуы қиын, ашық, көкшіл түсті сұр металл, табиғатта ол ниобиймен бірге кездеседі [1-3].
Элемент 1802ж., Финляндия мен Швейцариядан табылған, екі минерал құрамынан табылған, оны ашқан швед ғалымы А. Экеберг. Танталдың атауы оның бөлінуінің қиындығына байланысты ежелгі грек аңызының кейіпкерінің атынан аталған . Танталды таза иілгіш металл түрінде алғаш алған неміс ғалымы Болтон(1903ж) . Негізгі кеніш орындары Финляндияда, Скандинавияда, Солтүстік Америка, Бразилия, Австралия, Франция, Қытай елдерінде орналасқан.
Танталдың бірқатар құнды физикалық қасиеттері:иілгіш, төзімді, пісірлгіш, тот баспайтын, отқа төзімді, қатты. Химиялық қасиеттерінің ішіндегі негізгісі - химиялық тұрақтылығы, ол тұз, күкірт, азот, фосфор және органикалық қышқылдардың барлық шоғырында 150 градусқа дейін төзімді. Элемент өзінің химиялық төзімділігі жағынан шыныға ұқсайды, себебі, ол патша арағында еритін қышқылдар мен қоспаларда да ерімейді. Тантал тек балқытқыш қышқыл HF мен азот қышқылының қоспасында ғана ериді .
Танталды өндіру технологиясы өте күрделі және үш сатыдан тұрады.
- Жару немесе ыдырату;
- Танталды Ниобийден бөліп, таза химиялық қосылыстарын алу;
- Танталды тотықсыздандыру және шақпақтау;
№73-ші Тантал элементі медицинада, электроникада, машина жасау және металлургия өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылады. Танталдың негізгі тұтынушысы - металлургия болып табылады. Ол оның 45 % астамын пайдаланады. Бұл металл болаттың арнайы түрлерін (аса төзімді, тот баспайтын, отқа төзімді) легирлеуші элемент есебінде кеңінен қолданылады. Оны кәдімгі хромды болатқа қосу, төзімділігін жоғарылатып, сынғыштығын төмендетеді. Отқа төзімді құймалар-зымыран және ғарыш техникасы үшін нағыз қажеттілік, сондай-ақ мұндай болаттардан жоғары температуралы вакуум пештеріндегі бұлғағыштарға қыздырғыштар жасайды.
Танталмен легирленген болаттар химия саласының машиналарын жасауда кеңінен қолданылады. Тантал жабдықтарын көптеген қышқылдарды, бром, хлор, сутегінің асқын тотығын өндіруде қолданады. Одан химиялық жабдықтардың басым көпшілік қосалқы бөлшектерін де, кейде жабдықты түгелдей жасайды.
Соңғы жылдары танталды ҚР- ның өнеркәсіп орындары да кеңінен пайдалана бастады, атап айтқанда Өскемен машина жасау зауытында, құрамында танталы бар бұйымдар шығарыла бастаған, оларға танталдың ұнтағын қосу бұйымның физико-химиялық қасиеттерін едәуір жақсартатыны белгілі болған.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Зуев М. Г. Танталовые рентгеноконтрастные вещества. - Екатеринбург: УрО РАН, 2002.
- Палатников М. Н. Сегнетоэлектрические твердые растворы на основе оксидных соединений ниобия и тантала. - СПб.: Наука, 2001.
- Ниобий, тантал и цирконий в минералах. - М.: Ин-т минералогии, геохимии и кристаллохимии ред. элементов, 1999.