ТҮЙІН
Бұл жұмыста күріш майынан күріш балауызын тұндыру технологиясы құрылып, алынған нәтижелер кестеде келтірілді.
Кілт сөздері: тұндыру технологиясы, күріш майы, күріш балауызы.
Кіріспе. Күріш өндіру зауыттарының өндіріс қалдығы ретінде күріш кебегі қалады, оның көлемі % құрайды. Күріш кебегінің майлылығы шамамен 10-18 % аралығында, сондай-ақ оның құрамында 9 %-дай балауыз болады. Сондықтан, осы қалдықтан күріш майын және күріш балауызын алуға талпыныс жасау мәселесі туындайды /1/.
Күріш кебегінен бір мезгілде маймен қатар, балауыз алуға да болады. Екінші жағынан балауызды алдын-ала бөліп алу, майдың тазалануын едәуір жақсартады. Күріш кебегінен алынатын балауыз (воск) қасиеттері жағынан танымал, әрі сапалы карнауб балауызынан кем түспейтіндігі дәлелденген.
Балауыз-косметикалық опа-далаптардың және медициналық жақпа майлардың құрамына кіреді, сондай-ақ ол шыныға жазатын қарындаштың 10%-н құрайды. Балауыз - парафинді және стеаринді алмастыра алады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Күріш кебегінен балауыз алу технологиясын құру және меңгеру.
Күріш кебегінен алынған күріш майын бөлме температурасына дейін суытқанда, май күңгірттеніп, ары қарай тұрған сайын екі фазаға бөлінеді; жоғарғысы - мөлдір сұйық май, төменгісі - жартылай қатты - жақпа май тәрізді - құрамы балауыз, фосфатидтер, т.б. заттары /1-2/.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Құрамында балауызы бар осы фракциядан балауызды бөліп алу мақсатымен үш түрлі еріткіш- гексан, ацетон және техникалық этил спирті пайдаланылды. Балауызды тұндыру үрдісі-аталған реагенттерді белгілі бір қатынаста және уақыт аралығында суыққа ұстап, ары қарай тұндыру немесе сүзіп алу операцияларын жүргізу болып табылады. Аталған еріткіштердің ішіндегі оңтайлысы этил спирті болды, себебі гександа - балауыз қаттылау, ацетонда оның түсі өте қоңырқай. Нәтижелер және оларды талқылау. Төменде алынған нәтижелер келтірілген.
Кесте 1- Күріш балауызын тұндыру.
№ |
Фракция: экстрагент (май тұнбасы - этил спирті) қатынасы |
Суықта ұстау уақыты,тәулік |
Алынған балауыздың массасы 2 |
%-бен фракциядан |
Ескерту |
1 |
1:1 |
2,5 |
14,49 |
5-6 |
t" =0-5" C |
2 |
1:1,5 |
1 |
8,42 |
4,0 |
|
3 |
1:2 |
1 |
13,40 |
5-6 |
|
4 |
1:2,5 |
2,5 |
18,40 |
9-10 |
Кестеден көрініп тұрғандай, экстрагенттің мөлшері артқан сайын өнімнің шығымы да артады, нәтижелерге сүйеніп, балауызды этил спиртімен тұндыру технологиясының оңтайлы параметрлері 1:2 фракция-экстрагент қатынасы, суыққа ұстау уақыты-60 сағ (2,5 тәулік ).
ҚОРЫТЫНДЫ:
- Күріш майынан балауыз тұндырудың зертханалық технологиясы ұсынылды.
- Оптималды параметрлері анықталды.