Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қозғалыс кемшілігі бар ишемиялық инсульт алған науқастарды ерте айықтыру кезеңіндегі физикалық қалыптастырудың физиологиялық аспекті

ТҮЙІН

Инсульт - жиі мүгедектікке әкелетін ми қан тамырларының өте ауыр түрде зақымданатын формасы. Факторлардың ішінде инсульт алған пациенттерді комплексті қалыптастыруда, физикалық қалыптастыру әдісі шешуші орын алады. Жоғалтқан функцияларды қалпына келтіруде, биохимиялық және анатомиялық өзгерістер негізгі элементтер болып табылады.

Ми қан айналымы бұзылған науқастардың қимылын қалпына келтіруде физикалық қалпына келтірудің физиологиялық аспектісіне заманауи көзқарас берілген.

Физикалық қалыптастыру әдістері, механотренажорларды қолдану, изиометрикалық физкультуралық жаттығуларды қолдану, емдік костюмдерді қолдану айрықша қызығулар танытуда.

Кілт сөздер: қозғалыс қызметін қалыптастыру, қозғалыс кемшілігі, изометрикалық физикалық ауыртпалық, инсульт, кинезитерапия (еңбек терапиясы) әлсіреу (парез), инсульттің патофизиологиясы, физикалық қалыптастыру.

Инсульт - ми қан тамырларының ауыр түрде зақымданған формасы. Қазақстанда инсульттен кейін мүгедек болып қалу, зерттеу бойынша қарастырғанда (40 - 50% құрайды) ерекше орын алып, еңбекке жарамсыздыққа алып келеді, 10 % халыққа шаққанда 3,2 пациентті құрайды.

Инсульт алған науқастардың көпшілігі қозғалыс белсенділігінің күнделікті қалпына жиі келе алмайды және оларға қалпына келу үшін біраз уақыт керек болады.

Қозғалыс қызметінің күрделі бұзылуы: әлсіреуі (парез) және сал (паралич) болып қалуы, тепе - теңдіктің бұзылуы негізінен басты қиыншылық тудырады. Бұл дегеніміз пациенттің өмір сапасын өте қатты төмендетеді. Осы себепті инсульт алған науқастарды қалпына келтіру, мүгедектіктің алдын алу, оның ауыртпалығын төмендету, оған физикалық мүмкіншілігін, психикалық, әлеуметтік және кәсіби мамандық бейімделуіне көмек көрсету медициналық және әлеуметтік маңызы зор мәселе болып саналады.

Қалыптастырудың шешіміне әсер ететін факторлар, зақымның орналасуы, инсульттан кейінгі уақыт, өткізгіш жолдарының зақымдану көрсеткіші және ипсилатеральдық кортико - спинальдық жолдардың белсенділігі, генетикалық кемшіліктің болуы, қартаю, ятрогения және сыртқы ортаның жағымсыз әсері, созылмалы күйзеліс (стресс). Зақымданған жақтардың (оң жақ, сол жақ) әсер етуі қарама - қайшылықпен көрсетілген; кейбір зерттеушілердің пікірінше доминанттық жарты шарда орын алған инсультті бейімдеу жақсы өтеді деп есептейді, кейбір авторлар қарама - қайшы көзқарасты ұстанады. Кейбір авторлар жақтардың қалпына келтіруге байланысы жоқ деп есептейді. Бірақ зақымданған жақтарға қарамастан, бейімделуге жағдайына әсер ететін факторлар, инсульт басталғаннан бергі уақытты құрайды.

Бұл келесі кезеңдерді классификациялау негізінде орын алады:

өте өткір кезең (инсульт пайда болғаннан кейінгі 2 - 3 күн).

өткір кезең (инсульт пайда болғаннан кейін 3 аптаға дейін).

ерте қалпына келтіру кезеңі ( 3 аптадан 6 айға дейін), бұл кезең өз кезегінде екі кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең (3 айға дейін) бұл кезеңде қимыл мөлшерін және сал болған қол- аяқтың қуатын қалыптастыру.

Екінші кезең (3 айдан 6 айға дейін), бұл кезеңде күрделі қимыл - әрекеттер біліктілігін қалыптастыру.

кеш қалпына келтіру кезеңі ( 6 айдан 1 жылға дейін), бұл кезеңде статикалық, еңбек және сөйлеу біліктілігін қалпына келтіру жалғасады.

Резидуалдық кезең ( инсульттен кейін 1 жыл өткеннен соң) бұл уақытта бұзылған қызметтерді қалпына келтіру жалғаса беруі мүмкін.

Инсульттан кейінгі қалпына келтіру локальдық зақымдану факторларының төмендеуі және жекеше зақымданған нейрондардың қызметінің қалпына келуімен, тағыда пекумбр зонасындағы қан айналысының жақсаруы және ісіктің азайуы немесе жоқ болып кетуіне байланысты. Бірақ та келешекте структуралық қалпына келтіруде, мидың жұмсақтығы ерекше орын алады; себебі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен болған структуралық және қызметтік бұзылуды топтастыру мүмкіншілігі артады.

Нейропластикалық пен байланысты процесстер системалық, немесе жекешеленген түрде болады. Қозғалыс орталығының орналасуы өзгеріссіз бола бермейді, ересек адамдардыңда миы жұмсақтығын сақтайды, ми қыртыстарының байланысы алшақ структураға қайта өзгеріс әсерін тигізеді. Осылай, кортикальдық бөлімнің қайта өзгеріске ұшырауынан, сақталған структуралардың қызметінің тиімділігін арттырады да және қосымша жолдарды белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістерді клеткалық сатыда іске асыру үшін, сенаптикалық қайта морльдеу және неосинаптогенез арқылы жүзеге асады. Кейбір жағдайларда синаптикадан тыс нейрональдық қоздырғыш берудің де маңызы зор.

Оңалтудың негізгі мақсаты, негізгі ауруды бірқалыпқа түсіру күнделікті тұрмыстық жұмыстарға үйрету, инсульттан кейінгі бұзылуларды азайту, дефектілерге үйрету, ол ерте сауықтыру терапиясы болғанда жүзеге асады.

Ми инсультінің шығуы зақымданған жердің мөлшері мен науқастың жасына байланысты, сондықтан емдік және оңалту іс - шараларын ұйымдастырғанда дифференцирлік айла керек - ауыр кезеңінде.

Экстрендік медицинаның мамандандырылған бөлімдерінде ми қан айналым бұзылулары бар науқастарға оңалту бөлімшелерін ашу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шварков С.Б., Давыдов О.С., Кууз Р.А. Новые подходы к реабилитации больных с неврологическим двигательными дефектами // Журн. Неврологии и психиатрии им. С.С. Корсакова. - 2006. - №3. - С.51 - 54.
  2. Боголепов Н.К., Бурд Г.С., Дубровская М.К. Реабилитация больных при острых нарушениях мозгового кровообращения: Ме - тод. Рекомендации. - М., 1995. - 34 с.
  3. Скворцова В.И., Гудкова В.В., Иванова Г.Е., Кирильченко Т.Д. и др. Принципы ранней реабилитации больных с инсультом. // Журн. Невропатол. И психиатрии им. С.С. Корсакова. - 2002. - С.7; 28 - 33.
  4. Пономаренко Г.Н., Анисимова Л.Н. Физические упражнения в восстановительном лечении больных в остром периоде инсульта // Вопр. курортол., физиотер. и лечебн. Физкульт. 201 1. № 1. С. 6 - 9 .
  5. Добровольский В.К. Лечебная физкультура в реабилитации постинсультных больных. - М.: Медицина, 2006. - 154 с.