Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инсульт алған науқастарға кешенді оңалту

ТҮЙІН

Мақала да кешенді оңалтудың мақсаты, бағыты, басты ерекшеліктері қаралған. Кешенді ем ишемиялық инсульттің неврологиялық жетіспеушіліктің қайта қалыпқа келуін қамтамасыз етеді, өмір сүру салтын белсенділігін күшейтеді, әлеуметтік бейімделушіліктің дәрежесін төмендетеді және оңалтулық болжамды жоғарылатады.

Кілт сөздер: инсульт, оңалту, ишемия, гипертония, тромбоз.

Инсульт (лат. Insultus - соққы,қыспа,талу,инсульт) - ми тканінің зақымдалып оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы. Осының салдарынан миға қан құйылады немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз). Қазіргі кезде инсульт мүгедектікпен өлімнің басты себебі болып отыр. ДСҰ мәліметі бойынша әр елде 100-300 инсульт аурулары тіркеледі. Инсульттің басты себебі - гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты. Осыған орай инсульт алған науқасты өз күйіне қайтару үшін оңалтуды, яғни кешенді оңалтуды қолданамыз.

Оңалту (реабилитация) - науқастың денсаулығын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін іс - шаралардың жиынтығы [1].

Кешенді оңалту - стационарлы және стационарлы емес болып екіге бөлінеді. Оған медициналық, психологиялық, әлеуметтік, физикалық түрлері жатады. Оңалту науқастың қимыл қозғалысына, инсульттің түріне, ауру жағдайына қарай әзірленеді.

Физикалық оңалту-денсаулықты сақтау мақсатында дене шынықтыруларды емдік және алдын алу мақсатында қолданылады. Физикалық оңалту медициналық оңалтудың бір бөлігі және ол барлық кезеңде қолданылады. Физикалық оңалтудың мақсаты науқастың қолынан келгенше өзін - өзі қамтамасыз етуі.

Әлеуметтік оңалту-бұл мүмкіншілігі шектеулі жандарға өз бетінше, қоғамдық және отбасылық - тұрмыстық белсенділіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Психологиялық оңалту - омыртқаның жарақаттануы, жұлынның зақымдалуы - тек ғана ағзаның қалыпты жұмысының бұзылуы ғана емес, сонымен қатар психологиялық жарақат алу. Психологтың, психотерапевттің жұмыс тәжірибесі жұлын ауруын басынан өткерген науқасқа жалғыз өзі аурумен қиыншылықпен күресуден гөрі, мамандарға көріну керектігін айтады.

Медициналық оңалту - бұл ауру немесе жарақаттың салдарынан болған бұзылыстарды толық қалпына келтіруге бағытталған белсенді үдеріс [2].

Кешенді оңалту іс - шаралары мынадай жолмен жүргізіледі:

  • оңалту қызметін көрсету: тренажерлер, физиотерапиялық ем, уқалау, механотерапия, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу т.б.;
  • қосымша медициналық көмектер, дәрігерден, тіс дәрігерінен емі туралы консультация алуы керек;
  • әлеуметтік;
  • медициналық және санитарлы гигиеналық қызметі;
  • педагогикалық өзін өзі басқаруға дағдыландыру және т.б.;
  • құқықтық;
  • заттық -тұрмыстық қызметтер, тұру жағдайы,тамақтандыруды, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру [7].

Мақсаты міндеті және негіздері. Кешенді оңалтудың басты мақсаты науқастың жағдайын толығымен қалпына келтіру және оған дұрыс ұйымдастырылған көмек көрсету, аурудың ерекшелігіне қарай науқасты кәсіби түрде мамандандырылған қалыпқа дағдыландыру және дамыту [4].

Оңалтудың басты міндеттері:

  • жазылуды жеделдету;
  • ауырсынуды, алдын алу шараларын төмендету;
  • науқастың өмірін сақтап қалу үшін, оңалтудың барлық түрлерін қолдану;
  • мүгедектік санын азайту;
  • адамға еңбекке, кәсіби жағынан белсенді өмір сүруге көмектесу;

Кейбір жарық көрген әдебиеттерде кешенді оңалтуды жүргізу, яғни науқастың жағдайының жақсаруы алғашқы 6 айда делінсе, кей деректерде 3 ай делінген, ал қимыл қозғалыс әрекеттері 6 - 12 айға созылады.

Зерттеушілердің бірқатары кешенді оңалтуды қолдану инсульттің ауыр түрінде жақсы болжам жасауға болатындығын көрсетеді.

Негізінен біріншілік инсультті адамдардың 75% алса, қайталамалы инсультті адамдардың 25% алады. 45 жастан адамдар инсульттің қауіптілігінің алдында тұрады [3].

Ишемиялық инсульт алған науқас үшін жоспарланған кешенді оңалтуды жүргізу тиімді болып саналады. Ишемиялық инсульттің өткір кезінде кешенді оңалту дайындау, неврологиялық тапшылықтың және әлеуметтік дезадаптацияның дәрежесінің қалпына келтіреді.Ишемиялық инсульттің жіті кезінде,кешенді оңалту жасаудың, жынысы бойынша шкалалары (ерлерде: неврологиялық бұзушылықтың орта мәнді шкаласы 47±0,3 келді, Бартела шкаласы бойынша - 86±1,2, әлеуметтік дезадаптацияның оксфордтық шкаласы - 1,65±0,09; әйелдерде: 47±0,4, 85±1,5 және 1,63±0,11) және аурудың жасы бұзылыстардың атқаратын қызметінің қалпына келтіруіне ықпал етпейді. Неврологиялық бұзылыстың, күнделікті тіршілік әрекетінің және әлеуметтік дезадаптацияның дәрежесінің белсенділігінің қалпына келтіру серпінділігі - кешенді оңалту дайындау болып табылады.

Қорытынды: Кешенді ем ишемиялық инсульттің неврологиялық жетіспеушіліктің қайта қалыпқа келуін қамтамасыз етеді, өмір сүру салтын белсенділігінің күшейтеді, әлеуметтік бейімделушіліктің дәрежесін төмендетеді және оңалтулық болжамды жоғарылатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Александровский Ю.А. Пограничные психические расстройства. М.: Медицина, 2007. - 707 с.
  2. Амбани Бандиш. Практическая гомеопатия // Материалы школы прогнозирующей гомеопатии. - 2005. - С. 112.
  3. Балунов O.A. Банк данных постинсультных больных: факторы, влияющие на эффективность реабилитационного процесса // Журнал невропатологии и психиатрии им. Корсакова. 1994. - №3. - С. 60 - 65.
  4. Балунов O.A., Коцюбинская Ю.В. Роль некоторых социально-бытовых 'факторов в формировании адаптации у больных, перенесших инсульт // Неврологический журнал. 2001. — №6. - С. 28 - 30.
  5. Бейн Э.С., Бурлакова М.К., Визель Т.Г. Восстановление речи у больных с афазией. М.: Медицина, 1982. - 184 с.
  6. Белова А.Н. Шкалы, тесты и опросники в неврологии и нейрохирургии: Руководство для врачей и научных сотрудников. М., 2004. - 432 с.
  7. Белова А.Н. Нейрореабилитация: Руководство для врачей. М.: Антидор, '2000. - 568 с. 10. Белова А.Н., Щепетова О.Н. Руководство по реабилитации больных с двигательными нарушениями. М., 1998. - С. 30 - 33.